Электронды тахеометрлар



Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті. «Геодезия және құрылыс» кафедрасы.
Тақырыбы: Электронды тахеометрлар.
Орындаған: Ерболулы Диас
Топ: ГК-407
Тексерген: Аубакирова С. М

Жоспар.
Электронды тахеомтр.
Құрылымы.
Түрлері.
Жіктелуі.
Электронды тахеометрлер.

Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь, бұрышты горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап.

Электрондық тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.
Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

Электрондық тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін.
Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлінеді: Жай электронды тахеометр; Орташа класты э. т. ; Сервожетекпен жабдықталған(роботталған) тахеометрлер.
Жай э. т. - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі - 5’’-6’’, ал арақашықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу 1100-1500 м құрайды.
Екінші типті э. Т. Орташа класты аспаптар жатады(Leica, Nikon, Trimble) . Бұл тахеометрлер жай тахеометрлерге карағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды орындауға қатысты есептеу бағдарламасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі кластық, дәлдікке байланысты 1’’-тан 5 ‘’-қа дейінгі аралықты құрайды.
Тахеометрлердің үшінші типіне сервожетекпен қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шығылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%-ға дейін арттырады.


Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай, бұл тахеометрлер үш бағытта жіктеледі.
Жалпы мақсаттағы тахеометрлер (GTS-100N, GTS-230N, GTS-3100N сериялары) - олардың бұрыштық қателігі 2’’ -тан9’’-қа дейінгі дәлдікке тең.
Инжинерлік тахеометрлердің бұрыштық қателігі 1’’-тан 5’’-қа дейінгі дәлдікті береді(GTP-3002LN, GTP-3003LN, GTP-3005LN, GTP-3007LN) . GTS720 - GTP7000 тахеометрлері Windows Windows және GTS-820, GTP-8000 тахеометрлерімен қоса, MSDOS операциялық жүйелермен қамтылған. Олардың жадында шексіз өлшеу деректерін сақтауға болады. Модельдеріне байланысты арақашықтықты 2мм ден 5мм дейінгі аралықтағы қателікпен бір призма аралықты 3000м-ге өлшейді.
Жоғарғы класты тахеометрлерге GTP-3000, GPT-7000сериялары жатады. Олар 250-мге дейін аралықты призмасыз, ал 7000м-ге дейінгі аралықты бір призмамен өлшейді. Аспаптардың ішкі бағдарламалары орыс тілінде жазылады. Ол жоғарғы деңгейде сыртқы әсерлерден сақталған. Екі осьті компенсатормен қамтылып, 1’’ бұрыштық қателікті және бір призмадан есеп алу жылдамдығы 1, 2-ден 0, 3 секунд аралығын береді. Өлшеу нәтижелері PYTHAGORAS және CREDO бағдарламаларында өңделеді.

Тахеометрлік түсіріс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz