Мал көңдерін сақтайтын қойма



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Мал көңдерін сақтайтын қойма
Орындаған:Сәрсебаев Б
ВМ-305
Тексерген: Сүлейменов. Ш
Notes: қ

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мал көңдерін сақтайтын қойма.
Мал көңдері.
Құс саңғырығы.
Қорытынды.

Мал көңің сақтайтын қойма
Көң қоймасы - көң сақтайтын орын. К. қ. мал және құс ш-тарында шығатын, құрамы әр түрлі көңді қоршаған ортаны бүлдірмей сақтау үшін пайдаланылады. Көң дұрыс сақталмаған жағдайда оның құрамындағы қажетті хим. элементтер (азот, фосфор және калий) ыдырап жойылады да, оның тыңайтқышқа пайдалану құндылығы төмендейді. Көңді қоймада сақтау одан әр түрлі аурулар таралуына жол бермейді және оны залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Көңді құнды тыңайтқыш ретінде жақсы сақтау және мал мен құстың жұқпалы әрі іш құрт ауруларының таралмауы үшін К. қ. мынадай зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек: көң сақтайтын орын құрғақ, топырағы су өткізбейтін, мал суаты мен ауыз суынан қашық болуы; мал қорасынан кемі 50 м, тұрғын үйлерден 200 м қашықтықта және қорадан төмен беткейде орналасуы тиіс. Көңді жер бетінде немесе шұңқырда сақтайды. Сақталатын көңнің түріне және ауа райына байланысты қоймалар жер бетінде орналасқан, жерден төмен қазылып, едені мен қабырғалары бетондалған, беті ашық немесе жабық болуы мүмкін. Қысы қатты аймақтарда ашық қоймаларда сақталатын көңнің беткі қабаты 12 - 16 см тереңдікке дейін қатады. Жабық қоймаларда көңнен шығатын жылу әсерінен оның беткі қабаты қатпайды да микробиол. процестің жүруі тоқталмайды. Ашық қоймаларда жазғы уақытта аммиакты азоттың шығыны 16%-ға жетсе, жабық қоймаларда ол 8 - 10%-дан аспайды.


Мал көңдерін сақтайтын қойма
Көң - өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы 40% органикалық заттары, 50 - 70% азоты, 80%-ы фосфор, 90% калий көңге айналады. Тәулігіне әрбір жануардан алынатын көң мөлшері (килограммға шаққанда, төсенішсіз) : өгіз - 40, сиыр - 55, бойдақ мал - 27, бордақыланған төл - 14 - 35 (жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) - 11, 1, мегежін - 8, 8. Көң төсеніш араласқан көң және таза көң болып бөлінеді. Төсеніш араласқан көңнің шамамен алғандағы құрамында: 0, 5% N, 0, 25% P2O5, 0, 6% K2O, 0, 35% CaO, 0, 15% MgO болады. Бұл көңнің құрамы оны сақтау тәсіліне тәуелді. Таза көң суды араластыру дәрежесіне қарай: жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза көңнің құрамы экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және жем беру түріне байланысты болады. Орташа есеппен сиырлар нәжісі құрамында: 0, 43% N, 0, 28% P2O5, 0, 5% K2O бар; осыған сәйкесті қойларда - 0, 95%, 0, 22% және 0, 75%; тауықтың кеппеген саңғырығында - 2, 2%, 2, 44% және 0, 64%. Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органик. заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген көңде органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органик. заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік-борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т. б. ) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады.



Мал көңдері
Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай менЖапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 - 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т. б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т. б. жатады. Өнеркәсіпте мочевина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- және микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т. б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне садыра және тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс және техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т. б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді.


Құс саңғырығы
1. Құс саңғырықтарын толық шырытып iстетү керек. Шiрiмеген саңғырық құрамында паразйт құрт тұқымдары, аүрү қоздырүшы бәктеряләр, сөндәй-әқ, шөп тұқымдары болып, көкөнiстерде алүан тұрлы дерт-дербездердi келтiрiп шығарғаннан тыс, ыдыраү барысында жоғары темпiрәтүрә қалыптасып, майсаны күйдiредi. Сондықтан, құс саңғырықтарын топырақ, өсiмдiк күлi қатарлыларға араластырып, толық шырытып барып iстетү керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz