Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын,төменгі еңбекақыны талдау



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, төменгі еңбекақыны талдау
Орындаған: Төлегенова Э. Қ. Группа: МШ-203
Тексерген: Нуралина К. Т.

ЖОСПАР
I. Кіріспе
Тұтыну себеті жайлы түсінік
1. 1. Қазақстан және дамушы мемлекеттердегі тұтыну себетінің көрсеткіші
II. Негізгі бөлім
2. 1 Күнкөріс деңгейі
2. 2 Еңбекақы жайлы жалпы түсінік
III. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан және дамушы мемлекеттердегі тұтыну себетінің көрсеткіші
Қазақстандағы ең төменгі күн көріс құны биыл 16 983 теңгеге дейін өсті. Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деген нақты өмірге қатысы шамалы термин болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл - саяси өлшем.
Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың минималдық мөлшері анықталады.
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік, тауар және қызмет түрлерінің мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын тұтыну қоржынының құнымен шамалас. Қазақстанда тұтынушы қоржынының параметрлері қайта қаралмағанына алты жылдан асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді.


Күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін анықтаудың негізі болып саналады жәнеминималды тұтынушылық қоржыны негізінде есептелінеді. Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары - бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі. Табыстық емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийлері - бұл негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің қол жетерлік минималды деңгейі. Денсаулық сақтау сферасында - бұл жан басына шаққандағы медициналық ұйымдары жоқ қоныстардың саны; білім беруде - бұл балаларды оқумен қамту, мектептері жоқ қоныстардың осаны, білім беру мекемелерінде материалдық көмек көрсетілгендер; әлеуметтік көмек жүйесінде - халықтың осал топтарына көрсетілген көмекпен қамту және оның мөлшері. Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетерлігінің жанама индикаторлары болып денсаулық, білім, өмірдің орташа ұзақтығы, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық) көрсеткіштері, сондай-ақ халықтың көші-қонысының көрсеткіштері табылады. Бірақ бар индикаторлар кедейшіліктің барлық аспектілерін толық көрсетпейді. Физикалық инфрақұрылымның қол жетерлігінің индикаторлары кедейшіліктің коммуникациялардан алшақтық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулігі сияқты факторларын ашып көрсетеді, бірақ олар қажетті шараларды жасауда жеткіліксіз көлемде қолданылады.

Еңбекақы.
Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт - ол еңбегінің лайықты бағаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен анықталады. Қазақстанда соңғы 10 жылда орташа айлық номиналды еңбекақы 6 еседен астамға ұлғайды. Егер 2000 жылы орташа айлық номиналды еңбекақы 14 374 теңгені құраса, ал 2011 жылы 90 028 теңгені құрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде есептеудің өзгеше нүктесі болып табылады, оны халықтың тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейліктің өлшемі және жалақының, зейнетақының және өзге базалық әлеуметтік төлемақылардың ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ranking. kz ақпараттық порталының мәліметінше, ең көп жалақы қоры Алматы қаласында тіркеліп, 99, 7 млрд теңгені құрады. Екінші және үшінші орындарда 69, 2 млрд теңгемен Астана қаласы және 50, 1 млрд теңгемен Маңғыстау облысы тұр. Рейтинг соңына Солтүстік Қазақстан облысы жайғасты. Ондағы еңбекақы қоры 11, 5 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар желтоқсан айында сыйақы қоры да 118 млрд теңгеге өскен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19 млрд теңгеге артық. Осылайша, қазақстандықтардың желтоқсанда алатын жалақысының үстіне орташа есеппен алғанда 34 мың теңге қосылған. Ең жоғары сыйақы Маңғыстау облысының қызметкерлеріне төленді, яғни 116 мың теңге. Одан кейін тізімде 85 мың теңгемен Астана қаласы және 55 мың теңгемен Атырау өңірі тұр. Ең төмен сыйақы қостанайлықтарда - 9 мың теңге шамасында.

Еңбекақы төлеудің жүйелері мен нысандары
Кесімді
Мерзімді
Қарапайым кесімді
Қарапайым мерзімді
Кесімді сый ақылы
Мерзімді сый ақылы
Жанама кесімді
Сағаттық
Аккордтық
Күндік
Кесімді прогрессивті
Апталық
Жеке
Ұжымдық

Жалпы Қазақстандағы еңбекақы көрсеткішінің диаграммалық түрі

Қорытынды
Еңбек ақы - бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы.
Еңбек ақының ынталандырушы функциясын дұрыс түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету күшінің жолдары мен әдістерін анықтау үшін келесі жағдайларды көңілге алудың маңызы зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz