Балапандарды күтіп бағу гигиенасы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министірлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨ Ж
Тақырыбы: Балапандарды күтіп бағу гигиенасы

Орындаған: Қозыханов М.Ә.
ВМ 305
Тексерген: Садуақасов М.С.
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Балапандар гигиенасы
• Қорытынды.
Балапандарды күтіп бағу гигиенасы
• Басылып шыққаннан соң жаңа партиясын
қабылдаудың алдында қораны оның
ішіндегі жабдықтарды түгелдей мұқият
тазалап, дезинфекциялаудан және ол
кезде профилактикалық үзілістердің
мезгілдерін сақтауды қадағалайды.
Балапандарды клеткаға орналастырмас
бұрын керекті биіктікте азық және су
науаларын орнатады да клеткалардың
астына, балапандар аяғын жарақаттамау
үшін , қатты қағаз төсейді.
• Балапандарға жасалған алғашқы күндердегі күтім
мен қоректендіруі, олардың өсіп дамуына және
алдағы өнімділігіне үлкен әсерін тигізетіндігі
белгілі. Әсіресе осы алғашқы екі апта бойына
оларға қалыпты температуралық режим қажет.
Балапандарды қабылдаудан 3-4 тәулік бұрын
қорадағы жылыту жүйелерінің жұмысын текскреді
де, балапандарды балапандарды орналастырудан 2
тәулік бұрын олар тұратын бөлмелердің ауасының
температурасымен ылғалдылығын қалыпқа
келтіріп қояды. Балапандардың алғашқы екі
апталық кезінде организмдерінде жылу қалыптау
процестері жұмысты жеткілікті түрде жасай
алмайды да, сәл температурасының ауытқып,
өзгеруі оның денесіне зиянды әсерін тигізеді де
ауру тудырады, өлім жітімге ұшыратады.
• Балапандар бір-біріне тығылып, тар жерге
жиылып, бүрісіп және шиқылдаған
дыбыстар шығарса, ауа температурасының
төмен екендігін көрсетеді де, оларды
жылыту керек екндігін білдіреді. Егер
балапандар клетканың алдыңғы жағына
жиналып, жиі-жиі дем алып, аузын ашып,
суды көп ішсе, оларға температураны
төмендету қажет екендігін көрсетеді. Бірақ
ауа температурасын олар үшін өте шұғыл
өзгертуге болмайды. Жоғары және төменгі
температуралардың бір-біріне ауысуы,
олардың өсіп-дамуын екі есе тежейді.
• Құс қораларын арнайы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштермен
қамтамасыз етіп,ондағы микроклиматтың
негізгі көрсеткіштерін қалыпты межеде
ұстап тұруы қажет. Балапандарды өсіру
кезінде олардың жарықпен қамтамсыз етуі
өте үлкен роль атқарады. Жарықтандыру
режиміне байланысты балапандардың
дамуы сатысында, жарықтандырудың
ұзақтығы белгіленген бағдарлама жаслады.
Жас құстарға арналған қоралардың
жарықтануын қалыптау арқылы, олардың
жыныстық жетілуін тездетіп немес тежеу
арқылы жұмыртқалауын керекті бағытта
жүргізуге болады.
• Жас өнімдік құстарды өсіру кезінде
оларға берілетін тәуліктік жарықтың
мөлшері 8-9 сағатқа дейін белгіленсе,
жұмыртқалайтын құстар үшін 17-18
сағаттан кем болмауы көзделеді. Мұндай
жарықтандыру режимі жас шібилердің
өсіп-дамуына бөгет болмай, ал мезгілсіз
жыныстық жетілуін тежеп, олардың
алдағы өнімділігінің жоғарлауына
жағдай жасалады. Жарықтандыру
мерзімінің ұзақтығы автоматты
құрылымдардың көмегімен бекітілген
бағдарламаға сәйкес басқарып отырады.
Балапандарды алғашқы төрт тәулікке дейін
арнай жасалған рационмен (нольдік)
азықтандырады. Оның құрамына тез
сіңірілетін қоректі заттары бар ұнтақталған,
түйірі 1-2 мм бидай, жүгері, бұршақ, құрғақ
обрат т.б кіреді. Бұл нөлдік рационның
құрамына минералды заттар, (мел, сүйек ұны
т.б) енгізілмейді.Ұлғайған балапандар мен
ересек құстарға толық құнарлы құрама
азықтармен қоректендіріп, оның құрамына
жүгері, бидай, арпа, тары, жарма, күнбағыс
шроты, балық және ет-сүйек ұндары, құрғақ
обрат, шөп ұны, витаминдер, лизин,
метеонин, антиоксидант, кокцидиостатиктер,
микроэлементтер т.б қосылады.
• Балапандардың қалыпты өсіп-дамуын
бақылау үшін оларды белгілі бір
жастарында: тәуліктік, 4, 9, 13, 17 және 21
апталық кездерінде өлшеп, оның
нәтижесін стандартты көрсеткіштермен
салыстырады. Жұмыртқалау басталған
кезде жас табынның 10-15% -ын ірі
тұқымды құстарға арналған құрама
азықтарға бірітіндеп ауыстырады. Ол үшін
1-ші аптада жас шібиларға құрама
азықтың 25%, 2-ші аптада 50%, 3-ші
аптада 75%, ал төртінші аптадан бастап
егер табын бойынша жұмыртқалау 35-50%
болса, толықтай үлкен тауықтың
рационына ауыстырады.
• Жас құстарды көп сатылы тәсілмен өсіру
кезінде оларды қайта ауыстырып
орналстыру технологиясы қолданылады.
Жас құстарды ұстағанда оларды
жарақаттап алмай және жаңа орындарға
үркітпей сақтықпенн ауыстырады. Ондай
күндері олардың арасында күйзеліс жағдай
туғызбас үшін, басқалай шаралы жұмыстар
жүргізілмейді. Жас құстарды ауыстырып
орналастыру технологиясының 60,90 және
140 күндіктеріндегімен салыстырғанда 120
тәуліктік жасындағы шібилар сыртқы
ортаның әртүрлі факторларына төзімді
болатындықтан, бұл мезгілде алмастыру
тиімді болып саналады.
• Балапандарды жылытқыш электр-брудерлерде
ұстайды. Шығып кетпеуі үшін және суыққа
ұрынып қалмауы үшін оның шетінен 60-70 см
алшақтық та, арнайы материалмен қоршайды.
Балапандарды бұл кездерде арнайы арықша
науалардан немесе арнайы вакумды
автосуарғыштардан суарады. Балапандарды
басып шығарғаннан кейін 8-12 сағаттан
кешіктірмей азықтандырып,суғарады. 4-10
тәуліктен соң қоршауды алып тастап, автоматты
азықтанғыштар мен ағын суарғыштарға еркін
баратын жол ашады. Ол кезде брудерлерді
көтеру уақытын, мұкият балапандардың жасына
қарай, қадағалап, қалыпты температураны ұстап
отырады.Балапандарды алғашқы өсіру кездерінде
күніне бірнеше рет брудердің қалқаншасын
көтеріп немесе түсіріп көмірқышқыл газы
жиналып қалмауын қадағалайды
Қорытынды
• Қорытындылай келе
экономикамыздың қалыптасу,даму
барысында басты мал
шаруашылығы мен құс
шаруашылығы басты рөл
атқарады. Яғни оларды бағып
күту, өнімін жақсарту, халыққа
пайдасын келтіру және экспортқа
шығару басты болып тбылыды.
Пайдаланған әдебиет
• Садуақасов М. С
• Интернет

Ұқсас жұмыстар
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Құстар гигенасы
Қойлар гигиенасы
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы
Бағалы аң терісінің ақаулары
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Қояндарды ұстау
Жылқы гигиенасы
Пәндер