Аңдардың асқорыту жүйесі



Аңдардың асқорыту жүйесі
Орындаған: Ахметжанова А. С
ОЗ-407 топ
Тексерген: Сатиева К. Р
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Асқорыту жүйесі (digestoria - асқорыту) адам мен жануарлар организмдеріндегі асты(азықты) қабылдау, өңдеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі.

Асқорыту жүйесі



Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғары жағы-қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы -тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі.
Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.

Өңеш- ұзындығы, шамамен 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
Асқазан(қарын) - асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.


Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.
Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі - аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т. б. ) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады.

Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді.
Тоқ ішектің ұзындығы 1, 5 -2 м және соқыр ішек, жиек ішек және тік ішекке бөінеді. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі-ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады.

Асқорыту бездері
Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) - асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқысекреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Ұйқы безі-асқазанның астыңғы жағында, екінші бел омыртқа деңгейінде орналасқан.
Бауыр -ең ірі без. Массасы-1500гр. Ол қызыл-қоңыр түсті, оның қол бөлігі оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауыр-күрделі түтікшелі без. Оның секреті-өт.

Сілекей бездері
Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1, 5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

Аңдардың ас қорыту жүйесі жануарлардікіне ұқсас. Басты айырмашылығы -тістерінің әртүрлілігі. Кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат - дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.

Қоянның ас қорыту жүйесі

Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі - тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.

1. Ми; 2. Қарын; 3. Тоқ ішек; 4. Бүйен; 5. Ауыз қуысы; 6. Өңеш; 7. Кеңірдек; 8. Өкпе; 9. Жүрек; 10. Бауыр; 11. Көкет; 12. Аш ішек.

Асқорыту сөлдері
Тәуліктік бөлінетін мәлшері
рН
Құрамы
1. Сілекей
50-2 000 мл
5, 6-7, 6
Су және амилаза
2. Қарын сөлі
2, 0-3, 0 л
1, 49-1, 8
Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин
3. Панкреатин сөлі
600-700 мл
8, 6-9, 0
Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер
4. Өт
500-1200 мл
5, 6-8, 5
Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.
5. Аш ішек сөлі
1 000 мл
5, 05-7, 07
Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т. б.
6. Тоқ ішек сөлі
270-1 550 мл
6, 1-7, 31
Су
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері

Асқорыту ферменттері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz