Топырақ өңдеудің ғылыми негізі мен маңызы




Презентация қосу
ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУДІҢ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ МЕН МАҢЫЗЫ
ôîí äëÿ ôîòîøîïà ïðèðîäà - Ïîèñê â Google.html

ОРЫНДАҒАНДАР: КАКЕНОВА Г
ТЕКСЕРГЕН: ҚАЛАМОВ Б
Мақсаты:топырақ өңдеуді
ғылыми негізі туралы мәлімет
беру ,және оның маңызын
түсіндіру
Егіншіліктегі ең ауыры және маңыздылығы жағынан
ерекше орын алатын агротехникалық шаралардың бірі –
топырақ өңдеу. Оны ғылыми және өндірістік тұрғыдан алып
қарасақ егіншіліктің негізгі фундаменті болып табылады.
Э.Рассел топырақ өңдеудің
маңызын атай келіп, оның
құнарлылығын арттыру үшін
қолдан берілетін
тыңайтқыштардан да зор екенін,
өйткені тыңайтқыш беру арқылы
топырақтың тек коректену
режімін жақсартсақ, ал
топырақты өңдеу арқылы оның
ауа, жылу, ылғал және коректік
заттар режімдерін қолайлы
жағдайға келтіреміз деген еді.
Тіршілік факторларының өсімдіктер үшін
қолайлы қалыптасуы топырақ өңдеу
жүйесіне тікелей байланысты. Топырақты
өңдеу арқасында оның жырту қабатының
жағдайы, яғни тығыздығы, құрылысы,
фитосанитарлық жағдайлары жақсарады.
Топырақ өңдеу- деп
ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне
қолайлы жағдай жасау үшін оған
машиналар мен құралдардың жұмыс
органдары арқылы механикалық әсер етуді
айтады.
Топырақ өңдеу сапалы жүргізілсе, онда
ауылшаруашылық дақылдарының өнімі 25
пайызға артады.
Академик Д.Н.Прянишниковтың айтуына
қарағанда жерді жылына тек бір рет жыртқанда
бүкіл әлемдегі өзендер қанша топырақты ағызып
әкететін болса, сонша топырақ аударылады екен.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда топырақ
өңдеудің барлық тәсілдерін, яғни жыртуды,
тырмалауды, культивациялауды, дискілеуді, мала
басуды және басқаларын қоса есептесе, онда жер
шарын жылына 2,5 рет жыртып шыққанға тең
жұмыс жүргізілетін көрінеді.
Мұнымен қатар топырақы өңдеу үшін
қыруар жанар-жағар майлар жұмсалады. Мысалы,
П.У.Бахтиннің зерттеулері бойынша ТМД елдерінде
тек жер жырту үшін ғана жылына 3,3 млн. тоннаға
жуық жанар-жағар майлар жұмсалады. Осындай
қиындығына қарамастан егіншілікте әлде болса,
алдағы 15-20 жыл ішінде топырақ өңдеу үшін оған
механикалық құралдар арқылы әсер ету (соқа,
культиватор, тырмалар және басқа құралдар
арқылы) сақталады. Келтірілген мысалдар топырақ
өңдеу егіншіліктегі ең қиын және ауыр
агротехникалық шара екенін көрсетіп отыр.
Осы аталған қыруар еңбек пен қаржыны өтеу үшін топырақ өңдеудің алдына
төмендегідей мақсаттар қойылады:
- атмосфера мен топырақ арасында газ айналымын жа қсарту, жауын-шашынды ж әне
қолдан берген суларды топыраққа жақсы сіңіру, топыра қтағы ылғал буланып ұшып
кетпеу үшін оның жоғарғы беткі қабаты тығыздалмаған, яғни бос (борпылда қ) к үйде
ұстау;
- топырақтың құнарлылығын арттыру және оны сақтау;
- топырақты эрозия құбылысынан қорғау;
- өңделетін қабаттың құрылысын және құрылымын өзгерту нәтижесінде топыра қта
жүретін микробиологиялық процестерді күшейту арқылы өсімдіктерді олар о ңай сі ңіре
алатын коректік заттармен қамтамасыз ету;
- қуаңшыл аймақтарда топырақта мүмкіндігінше мол ылғал қорын жинау, ал ыл ғалы
мөлшерден тым көп болатын өңірлерде артық ылғалды жою;
- топырақты арамшөптерден, олардың тұқымдары мен вегетивтік к өбею м үшелерінен,
ауру қоздырғыштары мен зиянды жәндіктерден тазарту;
- топыраққа өсімдік қалдықтарын, органикалық және минералды қ ты ңайт қыштарды
толық сіңіруді қамтамасыз ету;
- себілетін дақылдардың тұқымдарын ылғалы мол қолайлы тере ңдікке сі ңіру үшін
жағдай жасау;
- танапты көпжылдық екпелі шөптерден кейін өңдегенде оларды ң тамыр ж үйелеріні ң
тіршілік қабілетін жою;
- суармалы жерлерде топырақтың су өткізгіштік қабілетін жо ғарылату.
Осы міндеттер орындалғанда ғана топырақың құнарлылығы артып, өсірілетін
ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жоғарылайды, кері жа ғдайда ж ұмсал ған қаржы
мен энергия, сіңірілген еңбек нәтиже бермей зая кетеді .

Ұқсас жұмыстар
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Ықтырмалы пар
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақ өңдеу жүйесі
Жеміс жидектер өндірісі
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдері
Қант қызылшасы
Топырақ өңдеу
Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Пәндер