Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L.): таралуы, морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы: Жатаған укекіре. Таралуы. Морфологиясы. Зияндылығы. Биологиясы. Күресу шаралары.

Орындаған: Тұрлыбеков Қ. М.

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Таралуы

Морфологиясы

Биологиясы

Зияндылығы

Күресу шаралары. Гербицид пайдалану

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Жатаған у кекіре ( Acroptilon repens L) -көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрделі гүлдер туысына жатады.

Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат - инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі.

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Таралуы

Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т. б. арқылы таралады.

Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.

Slide 6

Морфологиясы

Өсімдіктін биіктігі 20-70 см, сабағы тік түкті, сабақтану өсімдіктін түп жағынан басталады. Тамыр жүйесі 10 м терендікке жетеді, тамыр сабақтарында көптеген қосымша бүршіктер болады. Жапырағы өрмекші тәрізді түкті, кезекпен орналасқан, жапырақтын шеті тіс тәрізді кесілген, жоғарғы жағы бүтіндей тегіс.

Зембіл гүлінің жеке диаметрі 1-1, 25 см. Гүл күлтесі қызғылт Жапырағы тысталған жартылай дөнгелек немесе кең жұмыртқа тәрізді-жартылай ашық, ақ күміс тәрізді, ішкі жағынан жапырақта түкшелері бар. Тұқымы қысқа, бүйіріне қысылған, жеңіл салбыраған айдары бар.

Slide 7 Slide 8

Биологиясы

Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін . жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1, 5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3, 5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1, 5-2, 0 м терендікке жетеді. Кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденен тамырлардан тұрады.

Slide 9 Slide 10

Зияндылығы

У кекіренін зияндылығы олардын дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары-бидай, арпа, бұршақ тұқымдарынын өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсендетеді.

Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренін бидай мен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.

Топырақтың төменгі қабатында таралған тамыр жүйелері, жер өңдеуді қиындатып, шығынды көбейтеді, ал жер бетінде кекіре қалын болған жағдайда, егін шықпайды, тазалауды қиындатады.

Slide 11 Slide 12

Күресу шаралары

Жатаған у кекірені тыянақты түрде құрту үшін зерттеу жұмыстарын, шөптердің таралу картасын жасау керек.

Шөптерді жою жоспарына профилактика, агротехникалық-биологиялық және химиялық әдістер кіреді. Шөптермен тиімді күресу үшін, олардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек.

Күрес жатаған у кекіренің тамыр жүйесінін өмір сүргіш қаблетін біртіндеп жоюдан басталады. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардын өсу энергиясын төмендетеді.

У кекіремен күресудің кейбір қиыншылыќтары оның бидай тұқымынан тазалау, айырып алу қиынға түсіп отыр. Соның салдарынан тұқымға арналған дәнді сатуға болмайды, көптеген зыян шегудеміз.

Кекіренің қаптау себептері - карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі - кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.

Slide 13

Кекіремен күресудін негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте) кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құрыйды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шыгыс жағдайында кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қыяды.

- күздік бидайды орып алғаннан кейін алқапты КПГ-250 құралымен терең қопсыту керек немесе ПН-8-35 соқасымен 23-25 см тереңдікте маусым айының 3-ші он күндігінде зябьқа жырту керек. Гербицидтер қоспасын жатаған у кекіренің сабақтану кезінде беру керек.

Slide 14 Slide 15

Гербицидтерді пайдалану


Ұқсас жұмыстар
Жатаған у кекіре: морфологиясы, таралуы, зияндылығы және күресу шаралары Қазақстан жағдайында
Жатаған бидайық (Elytrigia repens): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Қазақстандағы арамсояудың (Cuscuta spp.) морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және анықтау мен күресу шаралары
Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina): зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Шырмауық таранның (Polygonum convolvulus L.) морфологиясы, таралуы және күресу шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Тауық тарысы (Echinochloa crusgalli): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz