Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы (Zabrus tenebrioides)



Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы (Zabrus tenebrioides)
Орындаған: Омарова Алуа
Топ:АГ - 213
Тексерген: Сагандыков С. Н

ЖОСПАР
Кіріспе
- Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы жайлы жалпы мәлімет
Негізгі бөлім
- Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызының даму және зиянды фазалары
- Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызымен күресу және алдын алу шаралары
- Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызын бақылау әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы - Zabrus tenebrioides Gz. Қатты қанаттылар(Coleoptera) отрядының барылдақ қоңыздар (Carabidae) тұқымдасына жатады.

Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік дала зоналарында, Кавказда және Орта Азияда таралған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарының кейбір аудандарында (көбінесе Жамбыл облысының Мерке, Қордай, Шу аудандары мен Шымкент облысының Ленин және Сарыағаш аудандарында) оңтүстік астық барылдағы Zabrus morio Goze көп таралған.

Ересек қоңыздарының ұзындығы 12 -16 мм, металлдық жарқылы бар шымқай қара түсті, ауыз мүшелері, мұртшалары және табандары қоңырқай қызыл, үстіңгі қанаттары дөңес және олардың әрқайсысының үстінде тереңдеу келген ұсақ нүктелі 8 борозда болады. Жұмыртқалары сүттей ақ түсті. Личинкаларының көкірек аяқтары жақсы дамыған, бас бөлімі мен көкірек бунақтары қара - қоңыр, құрсақ бунақтарының үстінде ақшыл - қоңыр түсті дақтар бар. Біртіндеп сүйірлене беретін құрсағының соңғы жағында қысқарақ келген бір жұп өсінді болады. Қуыршағының түсі ақ, аяқтары, ауыз мүшелері әне қанаттары жақсы көрінеді.


Күздік дақылдар егістіктерінде барылдақ қоңызы дернәсілдерінің зиян келтіруі сәуірдің 10-20 жұлдыздарынан бастап байқалады, саны 0, 2-1, 0 м²/дана болды. Дернәсілдердің дамуы мен қоректенуі мамыр айының ортасына дейін жалғасып, негізінен, шамадан артық зиян келтіру байқалмайды. Қуыршақтануы кезеңінің басталуы 16-ші мамырда белгілі болады. Қоңыздар жаңа ұрпақтарының шығуы 1-10 маусым аралығына сәйкес кеелді, сан көлемі 1 м²/данадан аспайды
Ауа-райының ыстық, құрғақ болуына байланысты маусымның үшінші онкүндігінде қоңыздар жазғы диапаузаға (үзіліске) кетеді. Диапаузадан кейінгі қоңыздардың шығуы тамыз айының 20-да, қыркүйектің екінші онкүндігінде жұмыртқа салуы байқалады. Дернәсілдері қыркүйектің үшінші декадасында біртіндеп шыға бастайды.

Астықтың барылдақ қонызының I және II жастағы личинкалары топырақ арасында 20 - 30 см тереңдікте қыстайды. Көктемде ауаның отраша тәулік температурасы 9 С - тан асқан кезде личинкалар топырақтың жоғарғы қабатына көтеріліп, ін жасап сонда тіршілік етеді. Індерінен көбінесе түнде шығып, астық тұқымдас өсімдіктер көмегімен қоректенеді. Арпа, сұлы, қара бидай және басқа дақылдарға қарағанда күздік бидайды көп зақымдайды.

Оңтүстік аудандарда сәуір айының аяқ кезінде личинкалар қоректенуін тоқтатып, топырақ арасына енеді де, 12 - 15 см тереңдікте жер бесік ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 12 - 14 күнге созылып, маусым айының бас кезінде жаңа генерацияның жас қоңыздары шыға бастайды. Жаздың ыстық кезеңі басталасымен зиянкестер қоректенуін тоқтатып, тамыз айына дейін топырақ арасына еніп, жазғы ұйқыға кетеді. Қоңыздардың екінші тіршілік әрекеті жаздың екінші жартысында басталады.
Жаңа генерацияның личинкалары жұмыртқадан 14 -20 күн өткен соң шығады.

Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызымен күресу шаралары:
Ауыспалы егісті қолдану, дәнді дақылдарды кемінде қатарынан екі жыл ғана отырғызу керек
егістік алқаптарын ерте мерзімде тез арада жинап алу
Дер кезінде егістік алқабын арамшөптерден тазартып отыру
жиналған егістік алқабын тереңдігі 20 -30 см етіп жыртып тастау
тұқымды себер алдында дәрілеу
алқапқа инсектицидтер шашу

Астықтың оңтүстік барылдақ қоңыздарының алдын алу
Мысалы астық барылдақ қоңыздары көктемде 1м2 2 - 3 дернәсіл, күзде 1м2 1 - 2 дернәсіл, ал толық пісу кезінде 1м2 8 - 10 қоңыз болады.
Осыған байланысты керекті болжамдар жасау үшін бізге:
Отырғызылатын егістік алқабының аумағы, былтырғы күз және биылғы көктемнің зиянкеспен қамтылған аумағын қарастыру;
2. Көбеюдің фенологиясы мен интенсивтілігін анықтау (жұмыртқа салу мерзімі, ұрықтануы)
Сан мөлшерін анықтау (орташа және максимальды), қыстап шыққан дернәсіл саны, қоңыз, жұмыртқа және жаз соңындағы дернәсіл саны;
Паразиттермен және аурулармен зақымдалған дақылдарды процент жүзінде есептеу;
5. Былтырғы күз және биылғы көктем кезінде жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстарының нәтижесін толығымен білу керек;

Астықтың оңтүстік барылдақ қоңыздарын бақылау әдістемесі
Жалпы біріншіден қоңыздардың шығу мерзімін және егістікте таралуын күзде жазғы тыныштық күйінен есептей бастайды.
Ортақ берілген әдістеме бойынша топырақтан 30 см тереңдікте 0, 25 м2 түйірін алып зиянкестерді санау әдістемесін жүргізеді. Топырақ бетіне шыққан зиянкестерді аулау арқылы санын есептеп шығуға болады. Зиянкес бір егістіктен екінші егістікке таралып кетпес үшін бақылау жұмыстарын толық барлық егістіктерде жүргізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz