Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Презентация қосу
Тақырыбы
:
Балалар психологиясының
даму тарихы, теориялар
туралы негізгі түсініктер
Орындаған:Мухтарова И.С
Тексерген:Кулмышева Н.А
L/O/G/O
• Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен
заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер
мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының
психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен
қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы
психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін,
қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің,
жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының
пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты
қарастырады.
www.themegallery.com
• Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың
психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму
ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.
• Балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас кезеңіндегі
баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді
іздестіру.
• Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну
мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін
себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі
психологиясының негізгі міндеті – оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің
бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың
психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие
жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге
жете түсіндіру.
www.themegallery.com
• Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап
қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық
ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар
мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан
жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық
жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың
дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып
отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер
қарастырады.
www.themegallery.com
• Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың
үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-
әрекетінде жаңалықтың пайда болуы.
Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып
атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру
дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы.
Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму
заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді
іздестіру
www.themegallery.com
• Балалар психологиясының негізгі зерттеу
компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын,
психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін,
психикалық дамудың маңызды жағын, баланың
бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың,
қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың,
ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың,
еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда
болуы және жетілуі қарастырылады.
www.themegallery.com
• Бала психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам
өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму
заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала
психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала
психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала
психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға
өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала
психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала
психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы
заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін
анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының
факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың
психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
• биогенетикалық
• социогенетикалық
• Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт
аралығын қамтиды.
www.themegallery.com
• Балалар психологиясының пайда болуы мен бала
психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология
ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық
болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық
ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес
органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
www.themegallery.com
• Психикалық дамудың жас кезеңдері.
• Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы ірқалыпты болмайды.
• Баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.
• Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады,
сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
• Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.
• Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.
• Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
• а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
• б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
• 1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезең деп аталады.
• Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
• 3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады,
ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
• 6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.
• 11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық
жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
• 16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
• 20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
• 30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
• 60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
www.themegallery.com
Назарларынызға рахмет!
L/O/G/O
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz