ҚҰСТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым министрлігі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университет
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университеті.
БӨЖ
Тыныс алу жүйесі.
Тақырыбы: ҚҰСТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ
МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР. ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫ
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ

Орындаған: Жумабекова А.С
О рындаған: Жумабекова А.С
Рымғазы қызы.Е.
БЛ-309
Тексерген: Мадыбекова А.С
Тексерген:
ҚҰСТАР ТІРШІЛІГІНІҢ ЖЫЛ МАУСЫМДЫҚ
ЦИКЛЫ ЖӘНЕ ҰШЫП КЕТУІ.

Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі
сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты.
Биологиялық ритмі – тіршілік жағдайының
маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға
бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына
байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық
тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан
құралады,сол кезде қандайболмасын биологиялық
құбылыс басымырақ болады. Мысалы: шағылысу,
жұмыртқа басу, түлеу т.б.
ҚҰСТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЦИКЛІНІҢ
НЕГІЗДЕРІ

Көбеюге Қысқа
дайындық дайындық
Көбеюге дайындық – құстардың тіршілік жағдайларының күрделі
жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын,туа пайда
болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда «сигналдық» сипатта болады.
Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн
жарығының заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері,
әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер, ұя салған
ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т.б.факторлар.
Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв системасының
әрекеті шешуші роль атқарады. И.П.Павлов оны; «физиологияның үлкен
бөлімі – нерв системасы, негізінен организмнің жеке органымен емес б үтін
организммен ортаның арасындағы қарым – қатынасын қалыптастырады»
деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау,жұп құрау, ұя салу үшін
белгілі территорияға ие болудан басталады. Бұл дайындық мерзімінің
ұзақтығы түрлі құстарда түрліше болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі ұя
салмаған уақытта бірнешеуі бірігіп, топтанып жүреді де, көбею алдында,
көктемде жұп құрайды. Бұл жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана
ие болады да, оған кейін мекиендері қосылады. Қаз тәрізділер мен жыртқыш
құстар қыс ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ
түрінде келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені
бірге ие болып, балапандары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды
қаз тәрізділерде де кездестіругеболады.
Балапан шығару кезеңі – құстардың шағылысу, ұя жасау,
жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендіру
сияқты бірінен соң бірі келіп отыратын өте ма ңызды биологиялы қ
құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының ма ңында
болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан
қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі – түрлі құстарда түрліше болады.
Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана т үлейді. Балапандарын
жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе к өпшілік жа ғдайда
мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте т үлейді.
Бірқатар құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді,ол кезде оларды ң
активтігі азадап та болса да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін
өзгертпей, тасалау жерді тауып, сол жерде болады.оған тор ғай
тәрізділер мысал болады. Ал тауы қ тәрізділерді ң т үлеуі өте тез
орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде таса жерде жасырынып
тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте тез
орындалғандықтан, олар уақытша ұшу қабілетін жояды, соған
сәйкес су жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады. Құстарды ң
түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстарды ң
қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес та ңдалып алынады.
Құстар түлеу кезінде өте арықтап кетеді.
Қысқа дайындық өте актив қоректенумен
сипатталады. Бұл кезде құстардың арнаулы, тұрақты орны
болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын
ауыстырып отырады. Мысалы,үйректер,қаздар топтанып
егістік далаларға ұшып барады. Қара торғайлар мен
көгершіндер ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып
барады. Бұл кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен
етіп, актив қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы
қыстан аман шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын
жерлеріне ұшып болуына жағдай жасайды.
Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды.
Мысалы,самырсын құс – самырсын ағашының жаңғағын
жинап, оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып
топыраққа көміп қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да емен
жаңғағынан қор жинайды. Бірақ, осы қорының тек қана 20-
30 проценттерін ғана пайдаланады. Қалғаны пайдаланылмай
топырақтың астында қалып қойып, өсіп шығады.
Қыстау. Қыс кезінде құстардың тіршілік жағдайы,кенет
қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып,қажет тама қты
табу ауырлайды. Құстарға жем болатын насекомдар,
өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла
бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уа қыты
қысқарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып – құстар ға
қорек табу қиыншылыққа түседі.
Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін, құстар қорек іздеп бір
жерден екінші жерге орын ауыстырады. Орын ауыстыруды ң е ң
қарапайым түрі ұя маңынан жем іздеуден басталып, ең күрделі
түріне, ұялаған жерінен мыңдаған км қашық облыстарға ұшып
кетуімен алмасады.
Дәнмен қоректенетін орман құстары: мысалы, свиристелдер
мен боз шымшықтар қыс кезінде қоректік зат іздеп,тіршілік еткен
ортасын жиі алмастырып отырады. Оның белгілі географиялы қ
бағыты болмайды. Отырықшы орман құстары – ақ кекілік,
бұлдырықтар және «меңіреу құрлар» жазда тіршілік еткен
ауданының территориясында қоректік заттың шамасына қарай
мекен еткен орындарын ғана өзгертеді.
Тундрада және орта Азияда лашын – жыл құсы болып
есептелсе, Қырымда, Кавказда отыры қшы, немесе мекенін жиі
ауыстыратын құс болып саналады.
Д АР Д Ы
Й Ы А Ң .
ЖА Б А С Т Е Р І
У Ә Д І
С Е П ТЕ
Е
Орман және аң аулау шаруашылықтары кешені
ұйымдастыру-әкімшілік, өндіріс процессін қамтитын,
шаруашылық жүргізу мәнін ескеруі қажет. Сондықтан бір,
көп түрлі іс-шаралар белгілейді. Біртүрліде, тек орман
немесе аң аулау шаруашылығы мақсаттарын шешу іске
асырылады. Көптүрліде, екпе ағаштар аса құнды болмай, аң
аулау бағыты өте пайдалы болғандықтан қолданылады.
Қазақстанда аң аулау шаруашылығы қалыптасуы бірнеше
кезеңдерден тұрады. Этникалық кезең-көне уақыттан
екінші мыңжылдықтың ортасына дейін. Әлсіреу (17-19
ғасыр), өту (1917-1924), кооператив-колхоз (1925-1936,
1937-1957), кәсіпшаруашылық-промхоз (1958-1991),
қазіргі әлеуметтік-социально-реформаторлық кезеңдер.
ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі, есептеу
әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген,
әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы
жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе
көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ
(жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км.
алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады.
Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп),
іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер,
паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит к өмегімен, олжа
бойынша жүргізеді.
Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу
зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты
бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап
есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты
бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа
тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі.
Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын
алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды
сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасында ғы
аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі,
жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды
есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-
судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша,
кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуында ғы күзгі есеп. ҚР
жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын
аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар
түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс,
еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр,
құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар
(бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар).
Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және
тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала
немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тау құдырет), суда
жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек,
қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).
Тіршілік сүру жағдайларын жақсарту үшін: өсімдіктер, жануарлар,
минералдармен қосымша қоректендіру, уақытша азық және қорған
жағдайларды құру (ағаш кесінділерін қалтыру, уақытша паналайтын орын
жасау, шала кесулер, қуыс ағаштар, биік түбір қалдыру), уақытша суаттар
құру, малта тас-галечник және пыр-пыр етіп ұшу орнын құру, жыртқыштар
санын бақылау, жем-шөптің, суаттардың қолайлығы, тынышсыздық
факторы әсері мен уақытын реттеу, ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар
жүргізу керек. Жануарлардың орнығу санын реттеу үшін: дарақтық-
популяциялық құрылымды, орнығу құрамын (түрлер ара қатысы), орнығу
санын (жануарлар орнығуының тығыздығы), жануарлардың кейбір
түрлерінің жерсіндіруін-интродукция білу керек. Жабайы жануарларға әсер
ететін орман шаруашылығындағы іс-шаралар. Орман шаруашылығы қызмет
процесінің жабайы жануарларға тікелей және жанама түрдегі әсерлері.
Тынышсыздық факторы (жануарларды жұмыс процесінде үркіту).
Баспананы бұзу және жою.
Жануарлардың өзін жою (салынған жұмыртқаларды, балапандарды,
төлдерді, ірі жануарларды).
Ормандағы мекен орнының өзгеріске ұшырауы-трансформация.
Жаппай кесу әсері.
Кесі технологиясы мен тұқым ауыстырудың маңызы.
Жаппай кесудің омыртқалыларға тигізетін әсерінің жалпы бағасы.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИТЕТТЕР:
1.Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім
:оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-
Алматы:Эверо,2011.-400б.
2.Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. –
Алматы.: “Мектеп”, 1970ж.
3.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология
позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа,
1979г.
4.Константинов В.М. и др. Зоология
позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007ж.
5.Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің
биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.-
Алматы, 2007ж.

Ұқсас жұмыстар
Құ стардың тіршілігіндегі маусымдық құ былыстар
Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі
Құстар жаұсы естиді
ОРМАН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ
Рельеф жанама әсер ететін экологиялық фактор ретінде
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ ШЕТКІ
Ауа қапшықтары
Құс шаруашылығын дамыту
ҚҰСТАРДЫ ТОПҚА БӨЛУ
Пәндер