Адамгершілік пен елжандылық тәрбиесінде еңбек пен ата-ана үлгінің рөлі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Адамгершілік

елжандылық

Орындаған:Тлеубергенова А. Б

Семей 2015 жыл

Slide 2

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

1841-1889

Slide 3

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді.

Slide 4

Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген. Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.

Slide 5

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі

ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.

Slide 6

Мысалы, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы: Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айқайлап Дұшпаннан көрген қорлықтан Жанды жүрек, қан қайнап., Ел-жұртты қорғайлап Өлімге жүрміз бас байлап, -деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.

Slide 7

Профессор М. Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.

Slide 8

Патриотизм ұғымына енетіндер: - адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау; - елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану; - оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау; - өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.

Slide 9

Қорытынды

Отанға сүйіспеншілік-бұл әбден нақты сенім, оның қалыптасуы туған табиғатпен араласудан, туған жерге сүйіспеншіліктен басталады. Ал осы сезімді арттырып ары қарай дамытатын отбасы мен ұстаз. Сол себепті ұлттық сана сезімге рухани білімге ұмтылу ертеңгі ұлт болашағын қорғайтын жас жеткіншектер мен оларға елжандылық тәрбиесін беретін бүгінгі ұстаздарға бүгінгі күннен бастап адамгершілік тұрғыдан рухани тәрбие берсе, онда жас жеткіншектердің елжанды, өз отанын сүйетін нағыз азамат болатыны сөзсіз.

Slide 10

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: еңбек пен ата-ана үлгісінің педагогикалық маңызы
Мектеп пен ата-ана байланысы: оқушының оқу үлгеріміндегі ата-ананың рөлі және ұсынымдар
Отбасындағы ұлттық және адамгершілік тәрбие: ата-әже мен ата-ана рөлі және қыз бала тәрбиесі
Рухани адамгершілік пен білімнің жаһанданған әлемдегі рөлі мен мәселелері
Д. Исабековтің Ата үміті: адамгершілік пен ізгілік мәселелерін талдау сабағы
Мектепке дайындық пен тәрбие: ата-ана кеңестері, нашақорлыққа бейімділік факторлары және мектеп психологтарының рөлі
Ата-ана мен сынып арасындағы байланысты нығайтудағы мектеп тәрбиесінің рөлі
Ата-ана - баланың алғашқы ұстазы: тәрбие жауапкершілігі мен өнегенің рөлі
Отбасылық тәрбие: ата-ана рөлі, ұлттық дәстүрлер және қарым-қатынас әдістері
Тәрбиенің рухани-адамгершілік мәдениеті: мектеп пен отбасының рөлі мен мектеп психологының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz