Диатомды және эвгленалы балдырлар


Slide 1

Диатомды және эвгленалы балдырлар

Орындаған: Елубаев Ж. Е

Slide 2

Жоспар:

Диатомды балдырларға жалпы сипаттама

Диатомды балдырлардың мекен ортасы

Көбеюі

Классификациясы

Пайдасы

Slide 3

Жалпы сипаттама

Диатомды балдырлар (Dіatomeae) - бір клеткалы организмдердің айрықша тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды.

Slide 4

Диатомды балдырлар

Slide 5

Жалпы сипаттама

12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 - 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр ( жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы (эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді.

Slide 6

Мекен ортасы

Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі.

Slide 7

Көбеюі

Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді.

Slide 8

Көбеюі

Slide 9

Классификациясы

Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы(Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae) . Бірінші класқа 4 катар, ал екінші класқа 5 қатар жатады. Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia) . Ол пеннаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофоры болады.

Slide 10

Пайдасы

Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су жануарлары қоректенеді.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

Аметов А. «Ботаника». Алматы, 2005 жыл

Мұсакулов Г. «Ботаника». М., 2001 жыл

Мұхитдинов Ю. М. «Өсімдік анатомиясы мен микрофлорасы», Алматы, 2005 жыл


Ұқсас жұмыстар
Диатомды жә не эвгленалы балдырлар
Диатомды балдырлар
Диатомды балдырла
Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті балдырлар
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz