Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ

Орындаған:Көкен. Б

Тексерген: Садуақасов М. С.

Slide 2

Құстарды күтіп-бағу ерекшеліктеріне қарай, құс фабрикаларында озат технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен қатар, әлі де болса экологиялық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін ескі ғимараттар және құрал жабдықтар пайдаланылып келеді. Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып, сапалы өнім өндіру қиындай түсетіні белгілі. Осыларға байланысты біздің ғылыми жұмысымыз сыртқы орта экологиялық факторлардың жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталады. Оның ішінде әртүрлі типті құсханалардың микроклиматын, атап айтқанда, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, газдық құрамы, құрал-жабдықтар, желдеткіштер әсерін зерттеуге баса көңіл бөлінеді.

Slide 3

Құс шаруашылығының дамуы негізінен үш факторға негізделеді. Олар: құстың тұқымдық қасиеттері (генотипі), оған әсер ететін сыртқы ортаның экологиялық факторлары және бағып-күту жағдайлары (паратиптік) . Қазақстан Республикасында құс өсіру жоғары мамандандырыл-ған кешендерде (құс фабрикаларында) автоматтандырылған басқару жүйесіне негізделген. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру барысында орын алған келеңсіз жағдайлар құс шаруашылығының әрі қарай дамуына біршама кері әсерін тигізді. Дегенмен, соңғы уақытта құс шаруашылығы қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әр бір тауық мекиенінен 250-280 жұмыртқа алып, 1000 жұмыртқаға небары 1, 5-1, 7 ц азық өлшемі жұмсалуда. Диетикалық құс етін 7 тоннаға жеткізу көзделініп отыр. Егін шаруашылығы дамыған республикамызда құс шаруашылығының азықтық қорын жасауға, құс санын көбейтуге мүмкіншіліктер жеткілікті.

Slide 4 Slide 5

Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим

Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл бойына балапан алып (инкубациялау) және жас құстарды өндірістік технологияда өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жоғарғы талаптар қоюды қажет етеді.

Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және салу кездерінде ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.

Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше бөлікке (зонаға) бөледі: өндіріске арналған; шаруашылық басқаруға (хозадминстрация) ; азықтарды дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп және сақтау.

Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялық және қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық жұмыртқалайтын құстарсыз) өнімдік фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу бағытындағы фермалар қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мың үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары және 400 мыңға дейін өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, бірақ бір-бірінен 60 м таяу емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға рұқсат етіледі.

Slide 6

Әрбір қосалқы зоналардың арасындағы зоотехникалық-ветеринариялық қашықтық 60 м кем болмауы керек.

Жаңадан салатын және қайталап тұрғызатын өнімдік өндірістері, егер жылдық қуаттылығы 600 мың, одан да артық жұмыртқалайтын тауықтарға, немесе 6 млн. бройлер-балапандарға арналған болса, әртүрлі зонада әр технологиялық құстар тобын орналастыруды жобалап және 1 км жақын емес инкубатормен сою цехін салады.

Қосалқы зонадағы құстардың жастарының айырмашылығы балапан-шыбыйлар үшін - 1 аптадан, үлкен құстарға 2-3 аптадан артық болмай, зоналардың зооветеринариялық арақашықтығы - 60 м кем болмайды. Кезекті құстар партияларын қораларда орналастырар алдында цикілдік сақтандыру үзілістерінің ең минималды (төменгі) уақыттары мына төмендегідей:

-Барлық құстар түрінің үлкендері мен өнімдік жасы 9-аптадан, жоғарыларын едендерде ұстағанда - 4 апта;

-Барлық құстар түрлерін және 9-аптадан асқан өнімдік жас құстарды клеткалы-батареяларда ұстағанда - 3 апта;

-Едендерде және клеткада өнімдік және еттік 9 аптадан асқан жас құстарды ұстағанда әр циклден соң - 2 апта;

-Үйрек балапандарын (4-аптаға дейінгі) өсіргенде әр циклден кейін - 1 апта және жыл аяғындағы циклден соң қосымша үзіліс - 2 апта.

Slide 7 Slide 8

Инкубаторларда профилакториялық (сақтық) үзіліс жұмыртқаны басуға салумен балапанды соңғы шығарудан соң жылына 6 тәуліктен кем емес, ал балапан шығару залында әр кезекті балапандарды шығару партиясында 3 тәуліктен кем емес үзіліс беріледі.

Әрбір профилактикалық үзілістер кезінде құс қораларына санация жасалады. Оған мыналар жатады: механикалық тазалау, жуу дезинфекциялау, жеңіл жөңдеу жұмыстары (ремонт) және қораның таза «демалысы».

Профилактикалық үзілісті қорадан құстардың ақырғы партиясын шығарудан бастап оны қайта жаңа партиямен толтырғанға дейін есептеп, ол кезде қора бос болып, соңғы дезинфекциялаудан кейінгі профилактикалық үзіліс 2 апта болса - 5 тәуліктен кем емес, ал профилактикалық үзіліс 3-4 апта болса - 7 тәуліктен кем болмайды да, соңынан қораға құстардың жаңа партияларымен толтырады.

Slide 9 Slide 10

Балапандардың өсіп-жетілуіне және ересек мекиендердің өнімділігіне жарық режимі орасан зор әсер етеді.

Балапандар үшін - олардың 1-2 күндігінен 71-126 күндігіне дейін жарықтандыру ұзақтығын 24 сағаттан 8 сағатқа дейін төмендетіліп отыру керек. Төмендету интервалы 7-28 күн аралығында 3-2 сағ., 29-42 күнде - 1 сағ., 43-70 күнде - 0, 5 сағ., 71-126 күннен бастап 8 сағ. тұрақтайды.

Жарықтылықтың (люкс - лк) күштілігі бір апта бойы 20-30 лк, 2-4 апталығында 15-10, 5 аптадан - 5 лк дейін төмендетіледі. Жоғарыдағы көрсетілген жарық режимін сақтаған жағдайда балапандардың орташа өсу біркелкілігін 91, 9% жеткізуге болады.

Ересек мекиендерге, керісінше жарық 19-32 жас аралығында 8 сағаттан 15 сағатқа дейін ұзартылады. Жарық күші 15 лк бірқалыпты ұстайды.

Slide 11

Құс қораларының микроклиматы

Стандарт бойынша тауықхананың температурасы 16-180С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% шамасында болуы тиіс. Бұл көрсеткіш 1-4 апталық балапандар үшін 28-240С, 5-11 апталықтағыларға - 18-160С, 12-26 апталықтардіке 160С жоғары болмауы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы
Құстар гигенасы
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары
Азық - түлік өнімдерінің, шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігінін жүзеге асырылу жолдары
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Құс шаруашылығы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Өндірістік қауіпсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz