Программалық қамтамасыз етуді құжаттаудың ұғымы, түрлері және стандарттары


Slide 1

Орындаған:Сәбиеа. Д. М

Текскрген:Жаксыгулова. Д. Д

Программаларды құжаттау ұғымы

Slide 2

Программаларды құжаттау.

МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлері.

Программалық құжаттаудың біріңғай жүйесі.

Жоспар

Slide 3

Программалық жабдықтарды құжаттау оның өмірлік циклындағы маңызды процесстердің бірі болып есептеледі. Программалық жабдықтың құжаттарына баспа түрінде немесе цифрлық түрде дайындалған программаны құрушыға арналған құжаттар, қолданушыға арналған нұсқаулықтар, анықтамалықтар, диалог түріндегі электрондық нұсқаулықтар және т. б. жатады.

Қазіргі уақытта программалық жабдықтың құжаттарын қолданылу саласына қарай келесі топтарға бөліп жүр:

Slide 4

архитектуралық - жобалаушы құжаттар, негізінен программаны құрушыларға арналған. Мысалы, архитектура - жобалаушы құжаттарда программисттер деректер құрылымының не себепті класстар түрінде анықталғанын, немесе паттерннің не үшін таңдалғанын, немесе оларды жетілдіру үшін не істеу керек екенін баяндай алады, мұндай мәселелер программалық жабдықтың техникалық құжатына да, қолданушының құжатына да кірмейді;

қолданушының құжаттары программалық жабдықты кәсіби қызметтерінде пайдаланатын қолданушыларға арналады. Бұл құжатта программалық жабдықты қалай пайдалану қолданушыға түсінікті түрде дәл және толық берілуі тиіс;

Slide 5 Slide 6

техникалық құжаттар программада қолданылған алгоритмдерді, қолданушының интерфейстерін, программаның кодын анықтайтын техникалық сипаттағы құжаттар болып табылады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың техникалық құжатын жасаудың автоматтандырылған жүйелері (мысалы, Doxygen, javadoc, NDoc сияқты құжаттандыру генераторлары) қолданылып жүр;

маркетингтік құжаттар программалық жабдықты нарықта насихаттау үшін жасалады. Мұнда көпшіліктің назарын аударатын реклама түріндегі материалдар, программалық жабдықтың артықшылықтары және т. б деректер қамтылады.

Slide 7 Slide 8

Программалық жабдықтарды құжаттаудың ортақ жүйесін Қазақстан Республикасының деңгейінде және халықаралық деңгейде қабылданған стандарттар құрайды. Программалық жабдықтарды құжаттандыруға байланысты Қазақстан Республикасы деңгейінде СТ РК ИСО/МЭК 6592-2002 - « Ақпараттық технологиялар. Компьютерлік қолданбалы жүйелерді құжаттандыру бойынша нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК ТО 16326-2006 - «Бағдарламалық инженерия. Жобаны басқару кезіндегі СТ РК 34. 019 қолдануға нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2006 (ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2002, IDT) - « Ақпараттық технологиялар. Бағдарламалық құралдарды қолданушыға құжат дайындау процессі» және т. б. халықаралық деңгейдегі стандарттар қолданылып жүр. Құжат -белгілі бір қызмет атқаратын информацияны құжат деп атайды. Компьютерде өңделетін информация магниттік немесе лазерлік дискілерге жазылады. ( дискі деп, күйтаспа сияқты магниттелген шеңбер жолдардан тұратын жұқа дөңгелек пластинканы айтады) .

Slide 9 Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Е. К. Балапанов, Б. Бөрібаев, Даулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» Алматы 1998 ж

2. О. Камардинов, С. Азаматов «Информатика негіздері» алматы Рауан 1993 ж.

3. http://sachok. kz


Ұқсас жұмыстар
Программалық жабдықтарды құжаттаудың түрлері, талаптары және стандарттары
Бағдарламалық қамтамасыз етуді құжаттау: түрлері, стандарттары және әзірлеу кезеңдері
Программалық жабдықтарды құжаттау: түрлері, мазмұны және стандарттары
ЭЕМ программалық қамтамасыз етуі: түрлері, құрамдас бөліктері және программалау тілдері
Программалық қамтамасыз етудің даму тарихы және қазіргі заманғы программалық құралдар
Delphi негіздері: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, көрнекі орта, ООП және негізгі компоненттер
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету: субъектілер, талап етуді беру және кепілдік институттары
Объектіге бағытталған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістемесі және бағдарламалық жабдықтаманың жіктелуі мен операциялық жүйелерінің принциптері
Міндеттемелік құқық: ұғымы, түрлері және орындалуын қамтамасыз ету әдістері
Программалық қамтамасыз ету және программалау тілдері: классификация, жүйелер, компиляторлар мен интерпретаторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz