Адамның діни сеніміне құрмет. Оның таңдауына құрмет ретінде


Slide 1

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану - математика факультеті

Математика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: “ Адамның діни сеніміне құрмет.

Оның таңдауына құрмет ретінде”

Тобы: Т-413

Орыедаған: Берік Н.

Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.

Slide 2

Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші.

Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық - елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.

Slide 3

Бас Ассамблея, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының негізгі принциптерінің біріне сәйкес, әрбір адам абырой мен теңдік қасиеттеріне ие екенін және барлық мүше мемлекеттер нәсілі, жынысы, тілі немесе дініне қарамастан, барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпыға ортақ құрметі мен сақталуына көмектесу және мадақтау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта бірлескен және өз бетінше іс-әрекеттер жасауға міндеттелгенін ескере отырып, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында және Адам құқықтары туралы Халықаралық пактілерде заң алдындағы кемсітушілікке жол бермеу және теңдік принциптері, сонымен қатар ой, ұят, дін немесе намым-сенім бостандығының құқықтары жария етілгенін назарға алып, адам құқықтарын, соның ішінде ой, ұят, кез келген сипаттағы дін немесе наным-сенім құқықтарын елемеу және бұзу соғыстар мен адамзаттың ауыр қасіреттерінің, әсіресе олар өзге мемлекеттердің ішкі мәселелеріне шетелдердің араласуының құралы және халықтар мен мемлекеттер арасындағы жеккөрініске әкелетін, тікелей немесе жанама түрдегі себеп болып табылатынын назарға алып, дін немесе наным-сенімді ұстанатын әрбір адам үшін ол өз өмірінің мәні деп түсінетін негізгі элементтерінің бірі болып табылатынын және дін немесе наным-сенім бостандығын толық сақтап, оған кепіл беруді ескере отырып, дін немесе наным-сенім бостандығы мәселесіндегі түсіністік, шыдамдылық және құрметтеуге жәрдемдесуді, дін немесе наным-сенімді Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарлығына, өзге тиісті құжаттарына және осы Декларацияның мақсаттары мен принциптеріне сәйкес келмейтін мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге тырысуды маңызды деп санай отырып, дін немесе наным-сенім бостандығы жаппай бейбітшілік, әлеуметтік әділеттілік және халықтар арасындағы достық мақсаттарына жету атап айта отырып, дін немесе наным-сенім мәселесінде дүниежүзінің кейбір аудандарында үшін, сонымен қатар отаршылдық пен нәсілдік кемсітушіліктің идеологиялары мен тәжірибелерін жоюға жәрдемдесуі керектігіне көзін жеткізіп, Біріккен Ұлттар Ұйымы және мамандандырылған мекемелердің бастамасымен, кемсітушіліктің әр алуан түрлерін жою туралы бірнеше конвенциялар қабылданып, бірнешесі күшіне енгенін ризашылықпен әлі күнге дейін сақталған шыдамсыздық көріністеріне және кемсітушіліктің барына алаңдап, осындай шыдамсыздықтың барлық түрлері мен көріністерін тез арада жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға және дін немесе наным-сенім негізіндегі кемсітушіліктің алдын алуға және онымен күресуге бел байлай отырып, дін немесе наным-сенім негізіндегі шыдамсыздық пен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Декларацияны жариялайды:

Slide 4

Әрбір адамның ой, ұят және дін бостандығына құқығы бар. Бұл құқық өз таңдау бойынша кез келген сипаттағы дінге немесе наным-сенімге ие болу бостандығын және өз дінін тұту бостандығын және дін ғұрыптарын ұстануда, діни және салттық дәстүрлер мен оқуларды орындауда жария түрде немесе жеке тәртіпте дербес немесе өзгелермен бірігіп, наным-сенімін білдіру құқығын қамтиды.

Осы Декларация мақсаттарында «дін немесе наным-сенім негізіндегі шыдамсыздық пен кемсітушілік» сөйлемі дін немесе наным-сенімге негізделген және адам құқықтары мен негізгі бостандықтардың теңдігі негізіндегі мойындаудың, пайдаланудың немесе жүзеге асырудың көзін жою немесе кеміту мақсаты немесе салдары болған кез келген айырмашылықты, жоққа шығаруды, шектеуді немесе артықшылықты білдіреді.

Дін немесе наным-сенім негізінде адамдарды кемсіту адами тұлғаның абыройын қорлау және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының принциптерін мойындамау болып табылады және Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларацисында жария етілген және Адам құқықтары туралы Халықаралық пактілерде егжей-тегжейлі мазмұндалған адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын бұзу ретінде, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы достық әрі бейбіт қарым-қатынастардың кедергісі ретінде кінәратталады.

2 Бап

1 Бап

3 Бап

Slide 5

Кардинал Роже Этчгерайдың сөзі

Қасиетті Тақ делегациясының басшысы, Әділдік пен бейбітшілік Папа Кеңесінің құрметті президенті Кардинал Роже Этчгерайдың сөзі

Президент мырза! Құрметті діни басшылар! Ханымдар мен мырзалар! Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері Екінші съезінің жұмысына қатысу - мен үшін және Қасиетті Тақ делегациясының басқа да мүшелері үшін зор абырой. Дүниенің рахатынан, баршаның және әркімнің гүлденуінен көрінетін Құдай еркін мейлінше жақсы бейнелейтін бейбітшіліктің, қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіптің жол-жобасын бірлесе зерттеу мақсатымен осы бір ізгілікті әрі меймандос елге бастап әкелгені үшін біз Құдайға, Жаратқан Иеге және адамзат үйелменінің Әкесіне шексіз ризамыз. Мен тек өз еліндегі ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниедегі дін жолын куғандардың арасындағы ежеғабыл түсіністік идеясын қолдағаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға алғыс айтқым келеді. Рим Папасы II Иоанн Павел әу бастан-ақ Қасиетті Тақтың осы бір мақтауға лайық бастаманы қолдауы үшін бар мүмкіңцікті жасап, оған өзі де қатысты.

Бұл Съезд 2003 жылғы қыркүйекте Қазақстанның жаңа астанасында жиналған Бірінші съездің жалғасы болып табылады, онда сіздер Екінші съезді 2006 жылы Астанада өткізуге шешім қабылдаған болатынсыздар.

Мен мемлекеттің қолдауымен осы съезді әзірлеген Нұртай Әбіқаев мырзаға және конгресс Хатшылығының мүшелеріне алғыс айтсам деймін.

Біздің назарымызды аударып отырған тақырып мені біраз ойларға жетелейді, сол ойларымды енді сіздердің орталарыңызға салмақпын.

Дін мен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Дін адамның Құдайға қатынасын бейнелейді, адамның оған сенімі оны өзінің Жаратушы Иесі ретінде көруіне және өз қызметі арқылы оған құлшылық етуіне мүмкіндік береді. Бүл орайда дін біткеннің бәрі ұқсас. Дегенмен христиан діні өзі туралы өзге діндердегі пікірлерге құрметін жоғалтпастан, өзін қалай үғынатынын қыскаша түсіндіріп өтуіме рұқсат етіңіздер.

Slide 6

Әлемдегі кез келген ұлт үшін ең үлкен байлық, ол - тәуелсіздік. Қазақстан тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, тарихи даму сатысының әр кезеңіне қадам басқан сайын, өткеніне шүкіршілік айтып, болашағын бағдарлау үстінде.

Тәуелсіздік - еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет. Тек тәуелсіздігі бар ел ғана ойындағы асқақ армандарын жүзеге асырып, жарқын өмір сүре алады.

Ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті сынды баға жетпес құндылықтары арқылы тәуелсіздіктің шоқтығы қашанда биік тұрады. Біздің еліміз де өз егемендігін алу жолында сансыз қиын кездерді еңсерді. Ғасырлар бойы жүргізілген тынымсыз күрес пен қайтпас қайсарлық бабаларымыздың аңсары - бүгінгі азат күнге жеткізді. Сол нәубетті жылдар мен қақтығыс-қантөгістер ұлтымыздың жадында сақталары сөзсіз. Ауызы дуалы хан мен билердің, білек күші мен жүрек күші бірінен бірі өткен баһадүр батырларымыздың, кешегі ызғарлы желтоқсанда жандарын пида еткен боздақтарының қанымен келген Тәуелсіздік - сіз бен бізге аманат. Солардың есіл ерлердің арқасында ешкімге тәуелсіз, тұғыры биік егеменді ел болып отырмыз.

Жаратылыстың ең ардақтысы - адам баласы. Ал, адамзат үшін ең басты байлық - оның еркіндігі мен азаттығы, елінің тәуелсіз болғаны.

Ислам діні тәуелсіздікті бағалап, құрмет тұтуға шақырады. Алла Тағала пенделерін өзінің хақ дінін қабылдауға мәжбүрлемеуі кез келген адамға үлкен сабақ екені сөзсіз. Бұл пікірімізге Қасиетті Құран Кәрімдегі:

وَ قُلِ الحَقُّ مِنْ رَبِّكُمْ فَمَنْ شَاءَ فَلْيُؤمِنْ وَ مَنْ شاءَ فَلْيَكْفُرْ

«Қалаған кісі иман келтірсін, қалаған кісі қарсы келсін . . . [1] », - деген аяты дәлел болады. Бұл аяттағы Жаратушының пенделеріне немқұрайлылық танытуы немесе жаны ашымауы емес, керісінше бұл өмірдің мәні мен тепе-теңдігі еркіндік пен азаттықта жатқанын, соның нәтижесінде жер бетінде бейбітшілік орнайтынын Жаратушымыз жақсырақ білгендіктен, тәуелсіздік негізгі құндылық екенін ескерткен. Бұл аяттағы тәуелсіздік, жеке адамның бас бостандығымен қоса, әр мемлекеттің де тәуелсіз болуына айқын дәлел бола алады. Ал, ақыреттегі игілікке тек имандылар ғана қол жеткізетіндігі турасында әр мұсылман үшін Құран мен хадисте бұлтартпас айғақтар бар.

Slide 7 Slide 8
Ұқсас жұмыстар
1. Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. 2.Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде
«Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде. Қазақстандағы діни сенім. Ислам діні туралы түсінік»
Дін-рухтық тәрбие
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет
Дін рухани мәдениеттің бөлігі
Адамның діни сеніміне құ рмет оның таң дауына құ рмет ретінде
Адамның діни сеніміне құрмет
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде туралы ақпарат
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда
Қазақ музыка мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz