Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік Университеті

CӨЖ:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры

Дайындаған: Динслямова А.А.
МШ-203

Семей 2015.
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі өндірістік қор мәні мен
мағынасы.
Негізгі өндірістік қорлардың
топтастырылуы.
Негізгі қорлардың экономикалық мәні
мен маңызы.
Қорытынды.
Кіріспе
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін
кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.
Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық эко-номиканы дамытудың кепілі.
Сондықтан да, кәсіпкерлік төңі-регіндегі көптеген мәселелердің
көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын
дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай
және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы
ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық
ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және
ақпараттық т.б. жатқызуға болады.
Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін
тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған
күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек.
Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта
инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның
нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы он жылдықта әлемдегі
бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат
Негізгі өндірістік қор мәні мен мағынасы
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті
материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек
құралдарынан, еңбек заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын
жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі – жұмыс орны,
учаскерлер, цехтар саналады. Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру
сыртқы (салалы, аймақтық) және ішкі (өнімнің мөлшері мен сипаты,
кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері т.б.)факторларына
байланысты болады.
Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар:
• Шығарылатын өнімнің түрі мен сипаты, мөлшері;
• Өндірістің ауқымы (көлемі);
• Кооперациялау деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы –бұл құрамы және оның ұйымдық
бірлік мөлшері(жұмыс орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы ж әне
өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі
болып цех саналады.
ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі
бір жұмысты атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады:
1. Негізгі
2. Көмекші
3. Қосалқы
Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады.
Көмекші цехтарға құрал-жабдықтарды
жөндеужұмыстары,энергетикалық көлік цехтары жатады.
Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді
безендіретін қораптар және басқада жұмыстар жатады, яғни орау,
тасымалдау, түсіру жұмыстары.
Негізгі өндірістік қорлардың
топтастырылуы
Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсызды ққа
әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.Негізгі
қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына
келуін айтады.Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік,
өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын
айтады.Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс
ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалы қ
тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты
болады.
Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып,
тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына
байланысты бірнеше түрі болады: 1. Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды
дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы; 2. Қайта өндіру
құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы: 3. Қалдық
құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе
қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
Шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және
механикаландыру; Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық
және географиялық жағдайлары;
Негізгі қорлардың қолдану көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
1.Негізгі қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
2.Негізгі қорлардың жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
3.Негізгі қорлардың интегралды қолдану көрсеткіштері;
Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффиценті,
құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды толық
пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уа қыт
мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді.
Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның нормативті
өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.
Үшінші көрсеткіші – құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті
құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту
арқылы анықталады және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша
қолданылуын сипаттайды. Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы
көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі.
Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен
маңызы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен,
қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз
байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды
жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің
үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде
ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің
бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын
өндірістік қорлардың бір бөлігі .
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың
анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі.
Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының
құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын
өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік
циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай
ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда
қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады.
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз
құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты.
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың к өлемі
кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік
және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады
Қорытынды
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы
анықталып, олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін
олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін
көбейту жолымен қол жетеді.
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік
процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорларды ң
жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын
пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды
пайдалану әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады.
Әрине, кез келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін
негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар а қша
құралдары ретінде қолданылып, негізгі қорларды және айналым
қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің
бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату.

Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ
Өндірістік кооперативтер
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Өзге айналым капиталы
Кәсіпорынның өндірістік қорлары»
ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
Пәндер