Қауын шыбыны: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары




Презентация қосу
БӨЖ
Тақырыбы: Қауын шыбыны: зияндылығы, биологиясы,
морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары.

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ.М.
ЛД-211
Тексерген: Сагандыков С. Н.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Зияндылығы
III.Биологиясы
IV.Морфологиясы
V. Анықтау тәсілдері мен
идентификациясы
VI.Күрес шаралары
VII. Қорытынды
VIII. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зиянкестің жалпы таралу аймағы Еуропада –
Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Азияда –
Үндістан, Палестина, Солтүстік Иран, Ирак, Израиль,
Ауғанстан және Өзбекстан мемлекеттері. Қауын
шыбыны зиянкесі көршілес Өзбекстан
Республикасында 2005 жылы пайда болып, 2010
жылы тек Қарақалпақстан Республикасы аумағында
20 мың гектарға жуық қауындықты залалдап,
жарамсыз жағдайға жеткізген. Ал, Қазақстан
Республикасы аумағында 2006 жылы алғаш рет
Қызылорда облысында тіркелсе, 2012 жылдан бері
Оңтүстік Қазақстан облысында пайда болып, екі
жыл ішінде негізгі қауын егетін аймақтарына түгел
дерлік таралып үлгерді деуге болады. 
Зияндылығы
Шыбындар қосымша аналықтар зақымдаған
жерлермен (тесіктермен) арқылы да қоректенеді.
13-18 күн дәндері мен жұмсақ жерлермен
қоректенетін дернәсілдері көп зиян келтіреді.
Залалданған жемістер шіріп жеуге жарамсыз
болады. Ең қатты зақымдалған жемістің
сыртында ондаған дернәсілдердің шыққан
тесіктері байқалады. Сыртқа шыққан жемістің
шырыны құрғап, қоңыр бүдір түрінде кеуіп,
өнімнің сапасын төмендетеді. Сонымен қатар
осылай залалдану өсімдіктің өсу сатысын
бәсеңдетеді, 20 және одан да көп пайызға өнім
төмендейді.
Биологиясы
Қауын шыбыны топырақ қабатының 15 см тереңдігінде қуыршақ
түрінде қыстайды, олардың басым бөлігі топырақ қабатының 5 см
тереңдігіңде болады.Қауын шыбыны көктемде бау-бақша гүлдеген
уақытта пайда болады. Топырақ қабаты 20 С қызғанда
қуыршақтан шыбындар сыртқа ұшып шығады. Қауын шыбыны өсу
кезеңі 2-ай және одан да жоғары болуы мүмкін. Ұшып шыққаннан
соң 6-8 күннен кейін аналықтар жұмыртқаларын бір-бірден жас
жемістерге сала бастайды. Жетілген жемістерге жоламайды.
Өсімталдығы 104-123 жұмыртқа аралықтарында. Аналықтары
жұмыртқа салу кезеңінде шыбындар жас өсімдіктердің
сабақтарын және жапырақтарынан шыққан шырындарын жалау
арқылы қоректенеді. Шыбындар таң сәріде жандана
бастайды.Жемістің қабығына салынған жұмыртқадан 3-4 күннен
кейін дернәсілдер шыға бастайды. Жұмыртқалардың дамуы 3-4
күн, қолайсыз жағдайда дамуы 7-күнге дейін созылады. Олар
жеміс қабығын тесіп қоректенеді.Қоректеніп болған соң
дернәсілдер жемісті тастап топырақтың беткі қабатына
қуыршақтануға кетеді. 20-45 күннен соң шыбындардың жаңа
ұрпағы ұшып шығады. Жылына шыбындар 2-3 ұрпақ береді.
Морфологиясы
Имаго Шыбындары сары және сарғыштау
болып келеді, арқасында қара-жылтыр
дақтары байқалады. Қанаттары үш сарғыш
қарама-қарсы жолақтарымен. Оның сыртқы
жағы V-тәріздес келеді. Денесінің ұзындығы
5,5-6,5 мм. Жұмыртқалары көбінесе қауынның
қабығының астында болады. Дернәсілдері құрт
тәріздес, алдыңғы жағы жіңішкелеу, ақ-
сарғыш, аяқсыз және анық көрінетін
басыменен. Артқы жағының домаланған
жерінде ескі кішкентай томпағы бар,денесінің
ұзындығы 7 мм. Қуыршақтануы жемістен тыс
топырақ қабатында болады.
1. Ересек жәндік (имаго
2. Дернәсіл
3. Қуыршақ
Анықтау тәсілдері мен
идентификациясы
Шыбындарды ерте кезде шығуын анықтау және олардың санының
көбею динамикасын феромондық ұстағыштарды жерден 0,8-1 м
биіктікте орнату арқылы анықтайды. Қауын шыбынының
дернәсілдерімен зақымдалған бақша дақылының жемістерін анықтау
үшін, маршрутты тексеру тәсілін қолдана отырып, тексеруші күніне 5
га жерді мөлшері бойынша екі диогональді жол арқылы және төрт
жағын қамти отырып жүргізіледі. Участканы тексеру кезінде әр жол
бойында 75-100 м сайын тоқтап,айналасындағы жемістерді
тексереді.Залалданғандарының сыртқы белгілерін анықтауда,олардың
тесіктерден шыққан шырындарын және төмпешіктер арқылы білуге
болады. Қуыршақтану кезінде зақымдалған жерлер 3 мм диаметрлі
домалақ тесіктер байқалады. Залалданған жемісті кесу арқылы
дернәсілдердің жіңішке жолдарын көруге болады, әсіресе дәндердің
арасынан және жеміс етінің шет жағындағы қоңыр тат жолдары оңай
көзге түседі. Бір-біріне айқасқан шимақ жолдар
байқалады,залалданған жемістер шіри бастайды. Тексеру нәтижесі
акт толтырылады (нұсқа 6). Залалданған іздері бар өнімге және де
анықталған зиянкестерге этикеткалар жабыстырылып (нұсқа 1)
оларды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға
немесе карантиндік зертханаларға анықтау үшін жөнелтіледі.
Күрес шаралары
Зиянкеспен агротехникалық күресте ол пайда болған алқаптарда
өнімді жинап алынысымен, қалған өнім қалдықтарын кемінде 50
сантиметр тереңдікте топырақ қабатына көму, жерді терең етіп
жырту, ауыспалы егіс тәртібін сақтау, егістегі және егіске
шекаралас жерлердегі арамшөптерді жою, қауын шыбынының
жаппай ұшу кезеңінде дақылдың ертерек өсіп, зиянкестің аналығы
жұмыртқасын сала қоймай үлкен түйіндердің пайда болуына
жағдай жасайтындай қауынның ерте пісетін сұрыптарын ерте егу
және егіске 3-4 жыл бұрынғы қауын тұқымдарын пайдалану керек.
Химиялық күресте қауын шыбынының жалған пілләсі болуы мүмкін
тұқымдарды дәрілегіш препараттармен өңдеу, зиянкеске қарсы
қауынның нағыз жапырақтары пайда болғаннан бастап гүлдегенге
дейін Ровекурт, Нурелл, Кардинал инсектицидін, ал вегетация
кезеңінде Устад, Циракс және Шерпа препараттарын пайдалануға
болады. Аталған препараттарды қауынды жинардың алдында
қолданудың пайдасы жоқ. Осы шараларды іске асырған жағдайда
ғана диқан өсірілген өнімді өткізуде қиындыққа тап болмай, еткен
еңбегінің жемісін көре алады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, сорғыш және кеміргіш жәндіктермен
күресуге арналған, жанаспалы, асқазан және тыныс
алу органдары арқылы әсер ететін, жүйелі емес
инсектицид. Өңделген өсімдіктерде қалған
қалдықтардың белсенділігімен ерекшеленеді.
Құрамына кіретін компоненттердің жиынтығы
дақылдардың тиімді және ұзақ уақыт бойы қорғаныста
болуын қамтамасыз етеді.
Қауын шыбыны бақша дақылдарының барлығын, оның
ішінде көбінесе қауын, қарбыз және қиярды
залалдайды. Негізінен бақша дақылдарына қауын
шыбының дернәсілдері көп залал келтіреді. Осы
дернәсілдер бақша дақылдарының етті шырынды
қабатымен және ұрығымен қоректенеді. Залалданған
жемістері шіриді және жеуге жарамсыз болып қалады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 4/Бас
ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 720
бет.
2. Manukyan, G. 1974. Reducing fruit damage by
Myiopardalis pardalina. Kartofel’ i Ovoshchi 7: 37—38.
3. Prokudina, F.V., Shevchenko, V.V. 1983. Protection of
cucurbitaceous crops. Zashchita Rastenii 4: 50—51.
4. Saparmamedova, N.K. 2004. To the knowledge of the
melon fly, Myiopardalis pardalina Big. (Diptera,
Tephritidae) in Turkmenia. Edotoverntomologicheskoe
Obozrenie 83: 517—520.
5. http://12fan.ru/413893436.html

Ұқсас жұмыстар
Жұпсыз жібек көбелегі
Арам сояу. Морфологиясы
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Жатағ ан укекіре. Таралуы. Морфологиясы. Зияндылығ ы. Биологиясы. Кү ресу шаралары
Картоптың алтын түстес жұмыр құрты
ШВЕД ШЫБЫНЫ
Батыстың гүл трипсі
Табын шегіртке зиянкестері
Көкөніс дақылдары
Алма жасыл биті (Aphіspomі)
Пәндер