ЭЕМ архитектурасы: жалпы принциптер, компоненттер және жад жүйелері


Slide 1

ЭЕМ

Slide 2

ЭЕМ сәулеті

ЭЕМ архитектурасы - ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі.

Slide 3

Компьютер - деректерді құру, сақтау және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал. «Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар - ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.

ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:

ЭЕМ жадының құрылысы

жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы

компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі

командалар жүйесі

деректер форматы

интерфейсті ұйымдастыру

Slide 4

60-ж. ортасынан бастап есептеуіш машиналарды жасау үшін, аппараттарды және математикалық қамтамасыздандырудың кейбір құралдарын тәуелсіз құрастырудың орнына, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) құралдардан тұратын жүйе жобалана бастады. Мұнда алдыңғы жоспарға олардың өзара әрекеттестік концепциясы қойылды. Осылай жаңа түсінік - ЭЕМ архитектурасы - пайда болды.

Slide 5

ЭЕМ архитектурасы деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады. ЭЕМ архитектурасы апараттық және бағдарламалық құралдар комплексін құру және көптеген факторларға көңіл қоюмен байланысты кең шеңбердегі проблемаларды қамтиды. Осы факторлар ішінде маңыздылары: бағасы, қолдану саласы, функционалдық мүмкіндіктері, пайдалануға ыңғайлылығы, ал архитектураның ең басты компоненттерінің бірі аппараттық құралдар болып табылады. ЭЕМ архитектурасының компоненттерін келесі суреттегі үлгідей көрсетуге болады

Slide 6

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1. Орталық процессор;

2. Енгізу құрылғысы;

3. Есте сақтау құрылғысы;

4. Шығару құрылғысы.

Slide 7

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

микропроцессор;

оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.

Slide 8

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.


Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ архитектурасы: негізгі принциптер мен компоненттер
Компьютер архитектурасы: құрылымы, негізгі элементтері және жад жүйелері
Джон фон Нейман: ЭЕМ архитектурасы және негізгі принциптері
Компьютер архитектурасы және негізгі аппараттық компоненттер
ЭЕМ архитектурасы: жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы мен классификациясы
Жобалау процесін автоматтандыру: ЭЕМ және автоматтандырылған жобалау жүйелері
ЭАЖ техникалық және технологиялық қамтамасыз етуі: техникалық құралдар кешені, ұйымдастыру формалары және ЭЕМ архитектурасы
Санау жүйелері бойынша есептер және дербес компьютер құрылғылары мен жад түрлері
Оперативті жад пен кэш-жад: түрлері, модульдері және техникалық сипаттамалары
ЭЕМ-нің базалық элементтері мен архитектурасы: басқару құрылғысы, арифметикалық-логикалық құрылғы, жады және енгізу-шығару құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz