ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі. Дезинфекцияның тиімділігі



Тақырыбы: ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі Дезинфекцияның тиімділігі Орындаған: Амиргалина Ж. К Тексереген: Омарбеков Е. О
Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік университеті
БӨЖ

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ГОСТ және ОСТ, олардың су, ауа, топырақ, сүт, ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Дезинфекция тиімділігін бақылау
ІІІҚорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Стандарт - бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін норматитік құжаты.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост) ;
• салалық стандарттар (ССТ) ; немесе ОСТ
• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;
•кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

ҚР - ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.

Мемлекеттік стандарт - елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
Салалық стандарт- салалық маңызы бар өнімдерге, процестер мен қызмет көрсетулерге қойылатын талаптары бар стандарт.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне, ылғалдығына, температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20см. тереңдікте жоғары болып келеді. Топырақ микрорганизімі зат және энергия алмасуының барлық процесіне қатысады: биомасса синтезі мен энергия аккумуляция, нитрификация, дезинтрификация, күкірт трансформациясы т. б. Топырақта көптеген патогенді микрорганизмдер әртүрлі уақыт ұзақтығында сақталуы мүмкін. Микробтар судан, ауадан, жануарлардан, өсімдіктерден түседі. Топырақта өзі тазарту процесі жүреді. Ал спор түзуші ботулизм, сіреспе, анаэробты жарақат қоздырушылар бірнеше жылдар бойы сақталады. Ботулизм актиномикоз, терең микоздар мен микотоникоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру (меншікті) орны болып табылады. Топырақтың санитарлық микробиологиялық жағдайы термофильді бактериялардың және фекальды ластану көрсеткіші бактерияларды салыстыру арқылы бағаланады. . Топырақтың қаншалықты бұрынырақ залалданғанын бірнеше санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер арқылы анықталады, яғни E. colі және Стаф. және энтеробактерия болса ескілеу, ал кластидиум перфрингенс болса ескі залалдану болғаны.

Судың микрофлорасы. Су микрорганизм үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микрорганизмдер сырттан түскен және өзінің микрофлорасы болып табылады. Патогенді микроорганиздердің өмір сүруі оның түріне, контаминорленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, полимиолит, гепатит) . Судың ластану дәрежесі үш категорияға бөлінеді: 1. Полисапробты зона- өте лас, кислороды кем, органикалық заттары көп су. 1мл судағы микробтар 1 мл-ден көп. 2. Мезосопробты зона - өте ластанбаған су бір жерде органикалық заттардың активті минерализациясы жүреді. 1 мл суда 100-деген мың бактерия бар. 3. Олигосопробты зона- таза су 1мл суда ондаған, жүздеген бактериялар бар. Судың санитарлы микробиологиялық саны мынамен бағаланады: 1. Микробтық саны 2. Коли-титр белгілі аз мөлшердегі ішек таяқшасының саны. 3. Коли индекс таяқшасының 1л судағы саны. Бұл көрсеткіштерді титрациялық және мембранды фильтр арқылы анықтаймыз.

Ауыз суға қатысты Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Бүгінде ол жаңа нормалар толықтырылды. «Ауыз су. Ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына» деген гигиеналық талаптар. «Сапаны қадағалау» атты 3. 02. 002. 04 СанПиН нормасы мен санитарлық ережелер жаңадан енгізілген.
Аталмыш стандарттар мен нормаларға сәйкес жоғары сапалы ауыз су терминінің астарында төмендегідей мағыны жатыр:
- органолептикалық көрсеткіштерге сай келетін су: мөлдір., иіссіз және жағымды дәммен;
- рН, 0-7, 5 және тығыздылығы 7 мг-экв/дм3 су;
- еселенген пайдалы минералдардың саны 1гр/л;
- құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ су;
Осы күнгі су сапасына деген талаптар өте қатал және біздің пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсызекендігіне кепілдік беруге бағытталған.

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1) байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі;
2) биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі;
3) зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100 о С-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі;
4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;
5) қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі;
6) қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі;
7) пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99, 0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65 о С-дан 100 о С-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі;
9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер;

"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Терминдер мен анықтамалар
. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы", "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар пайдаланылады, сондай-ақ мыналар:

Терминдер мен анықтамалар
ет тағамдары - етті пісіру, кептіру, тұздау, майлау немесе қақтау жолымен етті өңдеу нәтижесінде алынған тағамдар;
залалсыздандырғыш тосқауыл - республика немесе ұйым аумағына кіру және олардың аумақтарынан шығу алдында көлік құралдарын, ал персонал үшін ұйым цехының үй-жайына кіру және одан шығу алдындағы залалсыздандыру пункті;
зиянды зат - кез келген биологиялық немесе химиялық зат, сондай-ақ оны өндіру кезінде етте жиналған немесе ет өніміне қосылған және адам денсаулығына зиян келтіруге немесе қоршаған ортаны ластауға қабілетті олардың метаболиттері;
конфискат - мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары тағамдық мақсат үшін жарамсыз деп таныған малдың ұшалары, ұшаларының бөліктері мен мүшелері;
жануарлардың (құстардың) партиясы - ұйымға бір шаруашылықтан бір жеткізгенде бір тауар-көлік жүкқұжатымен және белгіленген нысандағы бір ветеринарлық құжатпен бірге келетін бір түрлі жануардың (құстың) кез келген саны;
мұздатылған ет - ұшалар мен ұшалар бөлшектерін сою желісінде бұлшық ет қабатында минус 8 0 С-тан - минус 18 0 С-қа дейінгі температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
сүйектен айырылған ет - сүйектен айырылған ұшаның бұлшық, майлы және қосылыс тінінен жасалған ет өнімі;
тоңазытылған ет - сойылғаннан кейін тікелей бұлшық ет қабатында минус 2 0 С-тан минус 3 0 С-қа дейінгі температураға дейін тоңазытылғаннан кейінгі алынған жас ет;
терең мұздатылған ет - бұлшық ет қабаты минус 18 0 С-тан аспайтын температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
салқындатылған ет - жануарды немесе құсты сойғаннан кейін бұлшық ет қабатында 0 0 С-тан плюс 4 0 С температураға дейін салқындатылғаннан кейін тікелей алынған жас ет;

Жануарлар союға дайындау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
. Союға және ет тағамдарына қайта өңдеуге арналған жануарлар мен құстарды объектілер жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларынан таза аумақтар мен шаруашылықтардан қабылдайды.
Міндетті біріздендіру рәсімінен өтпеген жануарлар мен құстар қайта өңдейтін кәсіпорындарға жіберілуге жатпайды.
Мыналарды қасапханаға жіберуге тыйым салынады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz