Биопрепараттар.Олардың түрлеріне сипаттама



Қазақстан Республиккасының Білім және ғылым минмистрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Биопрепараттар. Олардың түрлеріне сипаттама.
Орындаған: Бекенов М. Қ
Тобы: ВС-403
Тексерген: Нуркенова М. К
Семей 2015 ж

Биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар.

Оларға:
Аллергендер
Вакциналар
Антигендер
Цитокиндер
Сарысулар
Интерферондар

Антигендер (antigen; көне грекше : anti - карсы; көне грекше : genesis - шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар.

Сарысулар - кұрамында антиденелері бар кан сарысуы. Иммунды сарысу жұқпалы аурумен ауырған немесе ауруға қарсы егілгіен адамдар мен жануарлардың қанынан алынады. Иммунды сарысу емдік, аурудың алдын алу және диагноздық сарысулар болып белінеді. Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қантоптарын, ИГ-топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады. Диагноздық сарысулар бір антигенге(бірвалентті) немесе бірнеше антигендерге (көпвалентті) тән болып бөлінеді. Иммунология реакцияларының түріне қарай олар агглютининдеуші, преципитатжасаушы, гемолизберуші, иммунофлюоресціентті т . б. болып бөлінеді. Емдеу және аурудың алдыналуға қолданылатын иммунды сарысуна қүрамында бактерияларға (антибактериалды) , вирустарға (антнвирусты) , экзотоксиндер (антитоксиндік) , жылан және өрмекші уыттарына т. б. қарсы антиденелері бар адам мен мал қан сарысулары жатады. Бүлардың бәрі көбінесе бірнеше қайталап егілген адамдар мен малдардан алынады.

Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т. б. ), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді.
Алленгендер


Интерферон - табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары. Вирустардың торшаға енуіне жауап ретінде омыртқалылар торшалары өндіреді. Интерферон негізгі үш түрін ажыратады: лейкоциттік (а), фибробластық (Р) және иммундық (ү) . Интерферон организмнің арнайы емес әржақты қорғаныс, төзімділік факторы болып есептелінеді. Зақымданғаннан кейін интерферон организмде бірнеше сағаттан кейін пайда болады да, адам мен жануарлардың табиғи сауығуына көмектеседі. Интерферон вирустарға қарсы әржақты әрекеті бар. Интерферон «вирусқа қарсы емес» бірнеше маңызды - қатерлі ісікке қарсы, радиопротекторлы, иммунды модульдық және т. б. әсерлері табылған. Интерферон және оның индукторлары терінің ұшық, грипп және басқа да тыныс ауруларының және қатерлі ісік туғызатын вирустардың өсіп-көбеюуіне кедергі жасайды, сонымен қатар организмнің иммундық қабілетін күшейтеді.

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпал аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz