Сүректi жылулық өңдеу




Презентация қосу
Тақырып: Сүректi жылулық өңдеу.

Орындаған: Сатмұхамбетов А.Б
Топ:ЛД-211
Тексерген: Джаманова Г.И
Кіріспе
Ағаш өңдеу – ағаштан жасалған бұйымның
арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату
жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу,
оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін
қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен
қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады.
Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне
ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй,
ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік,
қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. 
Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын
біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен
батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек
(металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын
қуалай, қарып (күйдіріп) шығады. Қарағай, самырсын,
шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған
бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын)
айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың
жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының
шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп,
қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда
болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру
таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек
түрлерінқарыптүсірген.
Ағашбөліктерінқатарластырақари отырып, сарғыш
қоңырдан шымқай қара түстің арасындағы реңдерді
шығарған.
Ағаш оймыштау / ою – кәделік
ағаштың бетін ұңғитын, оятын
аспаптардың көмегімен ағашты
кертіп, қырнап, ұңғып, өрнекті бедер
салу тәсілі. Ағаш шеберлері сүргілеу,
өңдеу, майдалау, тесу, қашау,
ұңғуырлау және т.б. жолдармен ойып,
оймыштап бедерлеген. Оймыштауда
ағаштың сүрегі мен жылдық
сақиналарының бағыты ескеріледі:
егер оймыштау бағыты ағаш
талшықтарымен бір бағытта болса
ұзын сүрек түседі.
Ағаш оймыш сапты аяқ. ҚР МОМ
қорынан (КП 1483).
Ағашты бояу – ағаштан жасалған затты
ертеде қазақ шеберлері көбіне табиғи
бояулармен сырлаған. Бояудың құрамында
май болса ағашқа сіңіп, саз аспап дыбысына
нұқсан келтіреді. Көбіне үй ағаштарын
бояуға сарғыш түсті топырақтан алынған
жосаны кең қолданған. Томар бояу, қына,
рауғаш, сары ағаш, шырғанақ т.б. сол
сияқты өсімдіктердің тамырын бояуға
араластырған.
Қорытынды

Орман ағаштарының кей түрлері өңдеуге
тез көнеді. Сондай ағаш түрлерін біз
шаруашылықта қолданамыз.Емен, тал, терек
ағашының қабығы, ермен мен жусанның бүрі,
жеміс ағаштарының күзде түскен жапырақтары,
пияздың қабығы да бояу әзірлеуге жарамды.
Өсімдіктерден бояу алу үшін шеберлер олардың
тамыры, қабығы, жапырағын кептіріп, ұсақтап
алып қайнатады. Басытқы ретінде аздап ас
тұзын ашудас қосып, ұзақ қайнаған соң ірімтігін
үзіп алып, бояудың қанжылым кезінде ағашқа
бұлғауышпен жағады. Бояу біркелкі сіңу үшін,
боялатын ағаш бұйымды алдын-ала ылғалдап
алады.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Сүрек қасиеттерiнiң өзгергiштiгi, модификациясы мен өзара байланыстылығы
Ағаш сүрегін экспорттау жұмыстарын ұйымдастыру
Ағаш сүрегінің жалпы қасиеттері
Кесілген орман материалдары
Сүректі ағаштардын физикалық қасиеттері
Ағаш өңдеу жабдықтары және ағаштан жасалатын материалдар, тұрмыстық заттар
Ағаш сүрегін экспорттау жұмыстарын жүргізу
Химиялық заттарды енгізу арқылы стерилизациялау
Ағаш өңдеу жабдықтары
Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер
Пәндер