Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті

СӨЖ
Орындаған:Спатай М.Б
Тексерген:Оралбекова Б.С
Топ:Т- 411
Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ,
Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек
әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден
тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік
жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына
өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін
жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады.
Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке
қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның
қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып,
қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық,
жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік,
аспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.
Тәрбие тал бесіктен...

Заманға сай отбасында  бала тәрбиелеу  аса үлкен  жауапкершілік пен білімді талап
етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты
мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы  ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие
тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет.
Баланы бесікке салу дәстүрі баланың  жетіліп, өсуіне  септігін тигізеді. Ата-
бабамыздан қалған мұраны одан әрі жалғастыру біздің еншімізде. Баланы бесікке
саларда ауылдың  аса құрметті анасы таңдап алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп 
ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп  тапсырылады. Осылайша, қазақ
халқы жас сәбиге асыл аналардың жолын берсін деген ниетпен ырымдаған.
Бесікке жатқан бала дені сау, ұйқысы тыныш, дүниетанымы кең, өмірге құштар болып
өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға барғанда қатарластарынан оқ бойы озық
тұрады.
БЕСІК ЖЫРЫ – БАЛАҒА БЕРІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ
ТӘРБИЕ
Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы
тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған
анасының әлдиі туғаннан баланың
құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің
ырғағымен тербетеді.
БАЛА ТӘРБИЕСІ

Отбасылық
тәрбие

Рухани Стихиялы
БАЛА
тәрбие тәрбие

Ата-анасы

Туған- ОТБАСЫЛЫҚ Отбасылық
туысқандары ТӘРБИЕ дәстүрлері

Балабақша

Мектеп РУХАНИ Ақпарат
ТӘРБИЕ құралдары,т.б
.

Жұмыс орны

Адамдармен СТИХИЯЛЫ Көше және
қарым- ТӘРБИЕ қоршаған
қатынас орта
Бала тәрбиесінде отбасының жағымсыз әсер ету
жақтарын сөз еткенде оны үш топқа бөліп
қарастыруға болады:

Бірінші топ Екінші топ

Баланы қалай тәрбиелеу керек екендігін біледі және дәл Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай
солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің тәрбиелеу керек екендігін білмейді. Мұндайлар ата-
саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз аналардың басым көпшілігі. Олар тәрбие мақсатын
балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі білмегендіктен олардың іс-әрекеті балаларына кері әсер
қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға етуі мүмкін.
үлгі көрсетеді.

Ата-ана

Үшінші топ

Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, яғни бұл
педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Сондықтан да бұл топ “қиын”
балаларды беретін отбасылар.
БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЛ — ҮЛКЕН БІР
ҒЫЛЫМ.
Бала  тәрбиесінде  отбасы ең үлкен мықты тәрбие
ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен
әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі
туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен
ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені
ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық
азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен,
абзал тәрбиесінің жемісі.
«Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен
М.Ж ұмабаев
Пайдаланған әдебиеттер
1. Бөлеев, Қ. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие/ Қ. Бөлеев.-
Алматы: 2014.- 152б.

2.Исабекова, А.О. Қазақ этнопедагогикасында қыз балаларын
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: Түркістан, 2006.- 29б.

Ұқсас жұмыстар
БЕСІК ЖЫРЫ МЕН ТҰСАУ КЕСУ
Отпен аластау
Бесік жыры. Ана тілі
ОТБАСЫ - ТӘРБИЕ КӨЗІ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Тәрбие дәстүрлері
Наурыз - жыл басы
Қыз ұзату
Салт - дәстүр түрлері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бесік. Бесікке бөлеу
Бесік туралы түсінік
Пәндер