Қазақстандағы неміс тілі: білім беру, диаспора және мәдени құндылықтар


Slide 1

Қазақстан республикасындағы неміс тілі

Орындаған: Кусманова Арина

Тексерген: Тулекова Меруерт Қыдырбекқызы

Slide 2

Қазақстан Республикасындағы

Неміс тілі

Slide 3

ҚазАқпарат - Былтырғы жылдың есебі бойынша республика мектептерінде 43 870 мың оқушы неміс тілін меңгеруде. Бұл туралы бүгін Астанада «Жаңа әдістер - мол нәтиже» тақырыбымен неміс тілі мұғалімдерінің 14-ші құрылтайы кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті бастығының орынбасары Шынар Кәзімова мәлім етті.

«ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарында отандық орта мектептерде 4 шетел тілін оқыту қарастырылған. Олар: ағылшын, неміс, француз және араб тілдері. Былтырғы жылдың есебі бойынша республика мектептерінде 43 870 мың оқушы неміс тілін меңгеруде. Орта білім саласында 970 неміс тілінің мұғалімі жұмыс істеуде, олардың 917-сі жоғары білімді мамандар», - деп атап өтті ол.

Ш. Кәзімованың хабарлауынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі неміс тілін оқыту бағытындағы мәселелерді шешуге белсенді қолдау білдіріп келеді. Осылайша, 2002 жылдан бастап ҚР БҒМ-нің қолдауымен Қазақстанда арнайы неміс тілін тереңдетіп оқытатын 7 жалпы білім беру гимназияларының негізінде DCD мектептері жобасы қолға алынған.

Республика мектептерінде 44 мыңға тарта

оқушы неміс тілін меңгеруде

Slide 4

«Жоба аясында аталмыш 7 гимназияның түлектері білімдерін Германияның ЖОО-ларында жалғастыру құқығына ие болды. Бүгінгі таңда 911 түлек осындай дипломдарға ие болды. Сонымен қатар PUSH атты жоба аясында гимназиялар соңғы төрт жыл бойы Германияның мектептерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға үлкен мүмкіндік алды. Германия мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімнің шеңберінде арнайы мамандандырылған 7 гимназияға Германиядан неміс тілінің оқытушыларын шақыртып отырамыз», - дейді ҚР БҒМ өкілі Ш. Кәзімова.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Жаңа әдістер - мол нәтиже» тақырыбымен неміс тілі мұғалімдерінің 14-ші құрылтайы өтуде. Екі күнге жалғасатын шара барысында неміс тілінде берілетін білім деңгейін көтеру жолындағы өзекті мәселелер қаралып, дидактикалық-әдістемелік тақырыптарында дәрістер оқылып, неміс тілінің кәсіби мамандарымен тәжірибе алмасу жолдары қарастырылады деп күтілуде.

Slide 5

Гёте университетінің сертификаты

Slide 6

Қазақстандағы Немістердің мәдени

құндылықтары

Slide 7

Қазіргі таңда Қазақстанда 130 ұлт пен 46 конфессия өкілдері бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Еліміз этносаралық және дінаралық келісім бойынша да мол тәжірибеге ие. Біздің елдің тыныштығын сақтап отырған «қазағымыздың қонақжайлылығы» емес пе?! Сол тыныштық пен бейбітшілікті сары майдай сақтап отырған этностардың бірі - немістер. Немістер - Германияның негізгі халқы, ал Қазақстанда тұратын немістер Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жататын неміс тілінде сөйлейді. Неміс тілі Германияда, Австрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Австрияда Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып, ал Швейцарияда, Люксембургте, және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынасы бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Кейбір мәліметтер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 миллион адам қолданады екен. Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдан астам уақытты алып жатыр. Қазіргі кезде елімізде 220 мыңнан астам неміс ұлтының өкілдері тұрады. 1992 жылы Қазақстан немістерінің алғашқы съезінде «Қайта өрлеу» республикалық қоғамдық ұйымын құру туралы шешім қабылданды (төрағасы - Дедерер Александр Федорович) . Неміс үйінде қонақта болған кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қонақтардың пікірлері кітабына»: «Тәуелсіз Қазақстанның азаматтарының мүддесін қорғауда, халықтар арасындағы достықты нығайтуда белсенді жұмыс атқарып отырған Неміс үйіне табыс тілеймін» деп жазды.

Қазақстанда ұлы Гетенің тілін тереңдете оқытатын 6 мектеп табысты жұмыс істеп келеді. Бұл мектептердің түлектері екінші дәрежелі тілдік дипломды ала алады. 84 жексенбілік мектепте 3 000-нан астам бала оқиды.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Адам өміріндегі құндылықтар: ұғымы, жіктелуі және білім беру мазмұнындағы рөлі
Білім беру әлеуметтік институты: функциялар мен Қазақстандағы институционалдық реформалар
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Білім беру және дискурс: әлеуметтанулық талдау және Қазақстандағы өзгерістер
Мәдениет морфологиясы: нормалар, құндылықтар, білім және мағыналар
Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту: тіл саясаты, ақпараттандыру және педагогикалық инновациялар
Ұлттық руханият пен құндылықтар: дәстүр, өнер және ұрпаққа беру
Инклюзивті білім беру: тұжырымдама, қағидалар және Қазақстандағы ұйымдастыру
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: принциптері, түрлері және жүзеге асыру мүмкіндіктері
Ұлы Отан соғысының Қазақстандағы білім беру мен ғылымға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz