Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары


Slide 1

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Тексерген: Нуржуманова Жанат Мекешовна

Орындаған: Ғайса Сабыржан

Slide 2

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы - төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Slide 3

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:

геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер ( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел) ;

гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

табиғи өрттер;

эпидемиялар және эпизоотиялар;

ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы.

Slide 4

Геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық құбылыстар немесе әр түрлі табиғи, гидродинамикалық факторларды немесе олардың үйлесімдері әсерінен жер астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар жатады.

Slide 5

Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмологиязерттейді.

Slide 6

Опырылу (сусыма, тас құлау) - бұл ең алдымен тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

Slide 7

Сырғыма - тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы

Slide 8

Сел. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз байланысты болса да, соның өзінде де оларды толық негізбен Жердің бетін сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге жатқызуға болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, әдеттегідейі сыртқы агенттер әсері -тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болады.

Slide 9

Цунами - су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Slide 10

Қар көшкіні - адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Slide 11

Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Slide 12

Күшті жел - ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы. Ала құйын - ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с. Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын. Ұзаққа созылған жауын - бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер. Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.


Ұқсас жұмыстар
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: түрлері, себептері және әсері
Төтенше жағдайлардың жіктелуі және табиғи мен техногендік қауіптер
Бейбіт және соғыс кезеңдеріндегі табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың түрлері мен классификациясы
Төтенше жағдайлардың түрлері, алдын алу және жою шаралары
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың құқықтық режимі мен 2022 жылғы қаңтар оқиғаларының талдауы
Бейбіт және соғыс уақытындағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың жіктелуі мен аймақтары
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мен жер сілкіністер кезіндегі тұрғындарды қорғау шаралары
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың құқықтық режимі және алдын алу мен жою шаралары: Қаңтар 2022 мысалы
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы іздестіру-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздері
Төтенше жағдайлардың түрлері және өрт пен жарылыстың себептері мен факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz