Кәсіпкерлік: мәні, субъектілері мен формалары; кәсіпорынның нарықтағы қызметі, тәуекелдері және бизнес-жоспар


Slide 1

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны

Кәсіпкерлік - белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі - белсенділігі және іскерлігі. “Кәсіпкерлік” ұғымы өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.

Кәсіпкерліктің субьектісі: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар - біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, корпорациялар. Кәсіпкерліктің ерекшелігі: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілдік.

Slide 2

Кәсіпкерліктің атқаратын істерінің түрлері: өндірістік, коммерциялық, финанстық және консультативтік, меншік түріне қарай: жеке меншік, мемлекеттік, муниципалдық, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар.

Кәсіпкерлік формасы екіге бөлінеді: ұжымдық-праволық және ұжымдық-экономикалық. Ұжымдық-праволық: серіктестер, олар шексіз жауапкершілікті және командитті, шектелген жауапкершіліктер; акционерлік қоғамдар. Ұжымдық-экономикалық: концерн, ассоциация, консорциум, синдикат, картель, финанс-өнеркәсіп топтары.

Slide 3

Кәсіпорын нарық жағдайында

Кәсіпорын - бұ өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субьект, өндірген өнііне иелік етеді, пайда табады, салық төленгеннен кейін қалған пайданы керегіне жаратады.

Кәсіпорынның нарық жағдайында функционалдық механизмі: негізгі талап пайда табу; тауарды жылдам өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кең өрістету; банкрот-тықты болдырмау.

Кәсіпорын пайда табуды өрістету үшін төрт түрлі еркін қимыл жасай алады:

Бағаны тағайындау;

Тиімді шығын мөлшерін жасақтау;

Өнімдердің ассортименті мен номенклатурасын таңдау;

Өнім көлемін анықтау.

Slide 4

Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту

Жаңа кәсіпорын құру үшін терең ойластырылған, жан-жақты факторлар әсерін есептеген ұқыпты дайындық керек.

Жаңа кәсіпорын жасақтау алдында оның өндірістік жұмыстармен байланысты істің техникалық-экономикалық негіздерін айқындауды талап етеді.

Кәсіпорынның табысты жұмыс жасауының ең бірінші бастамасы - бизнес-жоспар. Басты мақсаты: финанс-экономикалық әрекеттерді жүргізуде табысқа жету.

Slide 5

Жеке, ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі

Өндірістік кооператив - бірлескен өндірістік немесе басқалай шаруашылық істер үшін мүшелік негізінде ұйымдасқан азаматтардың ерікті бірлестігі, олардың дербес еңбек және басқалай шаруашылық істері оның мүшелерінің мүліктік үлес жарнасына негізделген.

Шаруашылық серіктестер және қоғамдар - құрытайшы-ларының жарғылық капиталы үлестеріне қарай бөлінген коммерциялық ұйымдар.

Унитарлық кәсіпорын - өзіне берілген мүлікке меншіктік правосы берілмеген коммерциялық ұйымдар.

Коммерциялық ұйымдар - кәсіпкерлік істерінде үйлестік жасау мақсатында және өзара келісім шарт арқылы мүліктік мүддесін қорғау және өзін көрсете алу ретінде коммерция-лық емес бірлестіктер құрады.

Slide 6

Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі

Нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын кәсіпорындар-дың дамуы жалпы экономикалық тиімді. Оның ірі фирма-ларға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, жергілікті шикі заттарды тиімді пайдалану.

Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты, қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септіг-ін тигізеді.

Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан-жақты қамқорлығы-на мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді.

Slide 7

Кәсіпкерлік тәуекел

Нарықтық қатынастар жағдайында тәуекел кәсіпкерлік-тің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекше-ліктері: кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.

Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер қолдану керек: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін мамандарды тарту; жобалау алдында мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өнімге сұранысты болжау; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабу-ға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Slide 8

Тәуекелдің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерция-лық, финанстық, инвестициялық және нарықтық.

Нарықтық қатынастарда өндіріс, тұтыну, кооперация-лау, өнімнің айналымы сияқты процесстер барысында кәсіпкерлерді белгісіздік және тәуекел көп толғантады. Қолайлы қабылданған шешім кәсіпкерге жақсы пайда әкеледі, ал қолайсыз негізделмеген шешімдер - банкроттыққа бастайды.

Slide 9

Кәсіпкерлік бәсекелестік

Нарықтық экономиканың негізі бәсекелестік - өндірушілер мен жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалалар арасындағы кәсіпкерлік істе жақсы табыстарға жету мақсатында ең қолайлы жағдайда өндіріс және өткізуүшін күрес. Мақсаты - тұтыну-шылар үшін күрес.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік: мәні, функциялары, субъектілері мен объектілері, мақсаттары және ұйымдастыру қағидалары
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау: бизнес-жоспардың мәні мен құрылымы
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлаудың мәні мен құрылымы
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау: мақсаттар, түрлері және бизнес-жоспар құрылымы
Бизнес-жоспар: мәні, функциялары, құрылымы және дайындау әдістемесі
Кәсіпкерлік: ұғымы, субъектілері және даму бағыттары
Жеке кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары және құқықтық негіздері
Бизнестің әлеуметтік-экономикалық мәні: бизнес-жоспар, шағын кәсіпорын критерийлері және кәсіпорындардың жіктелуі
Кәсіпкерлік негіздері: ұғымы, субъектілері мен объектілері, кәсіпкерлік орта және даму факторлары
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау: түрлері мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz