Дербесэлектрондыесептеутехникасыныңархитектурасы


Slide 1

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ӨЗДІК ЖҰМЫС Тақырып: Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы

Орындаған: Тұрлыбай Елдос Тобы:ОЗ-507

Slide 2

Дербес компьютердің архитектурасы

Компьютердің базалық құрылғыларын негізгі конфигурация дейді. Олар: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.

Slide 3

Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы - жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

- процессор;

- Оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

- тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.

Ал сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

- информация енгізу құрылғылары;

- информация шығару құрылғылары;

- информация жинақтауыштар.

Slide 4

Монитор

Монитор - мәтіндік және графикалық мәліметтерді экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Өлшем бірлігі - дюйм. Қазіргі таңда

9-дан 42 дюймге дейін экранды мониторлар шығарылады.

Стандартты мөлшерлері - 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады.

Slide 5

Тышқан

Тышқан немесе тінтуір - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Монитор мен тінтуір бірігіп колданушы интерфейсінің жаңа түрі - графиктік интерфейсті құрайды. Тінтуірдің көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Slide 6

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда төмендегі құрылғылар орналасады:

· процессор,

· шина,

· жедел жад,

· тұрақты жад,

· слоттар /қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары/.

Slide 7

Процессор

Процессор - көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Процессордың негізгі бөліктері - арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері. Шектелген үйлесімділікке ие болған процессор тобын процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 13-разрядты Intel 8086 процессоры болып табылады.

Slide 8

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде, жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.

Мәліметтерді оқыған кезде процессор ұяшықтың адресін адрестік шина бойынша ішкі жадқа береді және осы ұяшықтың мазмұнын мәліметтер шинасы бойынша алады. Мәліметтер шинасы мен адрестер шинасынан басқа жүйелік шинаға машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалық шина және қуатқоректендіру шинасы кіреді.

Барлық блоктар олардың енгі

зу-шығару порты қосқыштары арқылы шинаға қосылады.

Slide 9 Slide 10

Компьютердің жады - оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т. б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің жад көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны мегабайт(Мб), гегабайт(Гб) арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы. 1 байт - 8 биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.

Slide 11

Жедел жады - компьютерлік есептеулерге арналған мәліметтерді белгілі бір уақытқа дейін сақтайтын құрылғы. Мәліметтер 0, 1 түрінде жедел жадыға жазылады. Процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып, оларды өндейді. Жедел жадыда тек белгілі бір уақытта болып жатқан компьютерлік процестерге қатысты мәліметтер ғана сақталып тұрады, компьютер сөнген жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жоғалады

Slide 12 Slide 13

- Қатқыл диск (немесе винчестер) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.

- Бейнекарта - бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

- Дыбыстық карта - құрамына дыбыстық процессор және басқа да көмекші құраушылар кіретін құрылғы, олардың көмегімен қажет деңгейде дыбыстық сигнал құрылады. Дыбыстық карталардың түрі көп. Көбінесе олар жүйелік тақшаға, не болмаса кеңейтілу тақша түрінде PCI-слотқа қондырылады. Сонымен қатар, кәсіби жоғары сапалы дыбыстық құрылғылардан тұратын сыртқы шешімдер жиі кездеседі.

Slide 14

Перифериялық құрылғылар

Сканер - компьютерге графикалық бейнелерді енгізу үшін арналған құрылғы.

Принтер - баспаға шығаруц құрылғысы. Компьютерге кодталған ақпараттарды баспа түрінде шығаруды орындайды. Принтердің 3 түрі бар: матрицалық, лазерлік, жылжымалы.

Модем - телефонның байланыс желіліері арқылы алыс арақашықтағы компьютердің деректерін жеткізу үшін арналған құрылғы


Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz