Стресс Және Домығу


Slide 1

Стресс

Және Домығу

Slide 2

Стресс

Slide 3

Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі

Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз Әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады

Slide 4

Стресс үш кезеңнен тұрады:

Стресс үш кезеңнен тұрады:

Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

Төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

Әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Slide 5

Мысалы

Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды

Slide 6

Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі

Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады.

Slide 7

Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады

Slide 8

Домығу

Slide 9

Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) - өзінің қа-лыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі

Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды.

Slide 10

Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді.

Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады.

Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін.

Slide 11

Ісіктердің жіктелуі

Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.

Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері - фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.

Slide 12 Slide 13

Қатерлі ісік - бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады.

Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.

Slide 14

Ісікті емдеуінің жалпы негіздері

Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.


Ұқсас жұмыстар
Стресстің түрлері
Стресстен арылу жолдары
Стресс түсінігі
Стресске тұрақтылық түсінігі
Стресстің белгілері
Стресстің кезеңдері
Стресс факторлары
Стресс түрлері
Стресс ұғымы
Стресстің теориясы мен механизмдері. Стресстік жағдаяттың алдын- алу, стрессті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz