1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет «Ветеринарлық санитария» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар.

2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының дигностикасы және алдын алу шаралары

Орындаған: Тусупбекова А. А. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Омарбеков Е. О.

Семей қ. 2015 ж.

Slide 2

Вирустық аурулар

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешек пен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллионға жуығы қайтыс болған.

Slide 3

Вакцина

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарларорганизміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Slide 4 Slide 5

Классификация

Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.

Slide 6

Тірі вакцина

Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастертірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез(БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Slide 7

Өлтірілген вакцина

Өлтірілген Вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Slide 8

Химиялық вакцина

Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер - улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 - 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.

Slide 9

Ассоциацияланған вакцина

Ассоциацияланған Вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Slide 10

Адъюванттар

Адъюванттар - шығу тегі және химиялық табиғаты әртүрлі тәнді емес заттар. Адам және жануарлар денесіне антигендермен бірге енгенде, иммуногенезге жағдай жасап оның ұзақ жүруіне әсер етеді. Бұл ұғымды алғаш рет 1925 ж. Рамон енгізген. Адъюванттар ретінде алюминий калилі ашута- сы, кальций хлориді, минералды майлар, бактерия полисахариді, сапонин, латекстің, акрилаттың, бентониттің қатты бөлшектері және әртүрлі поли- электролиттер, оның ішінде ДЕАЕ - декстранқолданылады. Бірақ Адъюванттар адам организміне енгізу олардың неше түрлі жағымсыз қосалқы әсерлері болғандықтан шектелген. Адам үшін Адъюванттар тек алюминий мен кальций тұздарыныц гелі қолданылады. Кейінгі кезде липосомдар мен кейбір уытсыз полиэлектролиттерге көбірек көңіл бөлініп жүр.

Slide 11

Иммуномодулятор

Адам мен жануарлардың иммундық жүйесі организмнің ішкі ортасын тұрақтылығын сақтауда маңызды функция атқарады. Бұл функция антигендік қасиеті бар эндогенді түзілетін және экзогенді түскен бөгде заттарды тану және организмнен шығару жолымен іске асырылады. Иммунды жүйенің бұл қызметі туа және жүре пайда болған иммунитет факторлары арқылы жүзеге асырылады. Біріншісіне, яғни туа пайда болған иммунитетке, нейтрофильдер, моноциттер/макрофагтар, дендриттік клеткалар, NK-және T-N-K- лимфоциттер, екіншісіне, яғни жүре пайда болған, Т және В клеткалар жатады. Иммунды жүйенің клеткасының саны және функциональды активтілігі бұзылған жағдайда иммунитет ауруы дамиды: иммунодефициттер, аллергиялық, аутоиммунды және лимфопролиферативті процестер. Бұл ауруларды комплексті иммунотерапия әдістерінің көмегімен жүргізіледі, ал иммунотропты дәрілік заттарды қолдану -солардың бірі болады.

Иммунотропты дәрілік заттар - бұл емдік әсері көбнесе адамның иммунды жүйесіне әсерімен байланысты препараттар. Иммунотропты дәрілік заттардың үш негізгі тобын ажыратады: иммуномодуляторлар, иммуностимуляторлар және иммунодепресанттар.

Иммуномодуляторлар - бұл терапевтикалық дозада иммунды жүйенің функциясын қалпына келтіретін дәрілік заттар. Иммуномодуляторлардың иммунологиялық әсері науқас иммунитетінің бастапқы күйіне тәуелді: бұл дәрілік заттар төмен иммунды көрсеткішті жоғарлатады, керісінше жоғарыны төмендетеді.

Иммуностимуляторлар - атына сәйкес иммунитетті күшейтетін дәрілік заттар. Иммунодепресанттар - иммунды жауапты басушы дәрілік заттар.

Slide 12

Құтырық

Құтырық (Rabies, бешенство) - орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан аггресивтілікпен, құтыру, тістеу, судан қорқу немесе жартылай салдану, сілекей шұбыру тағы басқа белгілермен ерекшеленіп, жіті өршитін вирустық ауру. Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавлонның б. д. д 2300 жылы жсалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит (б. д. д 5ғ) иттің құтырғын жан -жақты баяндаса, Аристотель ( б. д. д 4-ғ) әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазады.

Slide 13 Slide 14

Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В. Гальте (1879-1881) үй қояндарына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л. Пастер (1881-1889) үй қоянының миынан бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүние жүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей дәлеледеді. Румын ғалымы В. Бабеш (1887) және итальяндық А. Негри (1903) кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты. Сонымен қатар құтырық соңғы жылдаыр Ақмола облысында кең тарлған. Ақмола облысы территориясында құтырықты мониторингілеу нәтижесі. Құтырық үй малдарының арасында Ақмола облысының территориясында айтарлықтай мерзім аралығында тіркелетін аса қауіпті індет. Кеңес дәуірі кезінде құтырықтың энзоотиялық ошақтары ретінде Қорғалжын, Аршалы, Целиноград, Балқашын, Жақсы және бір қатар аудандарда жиі түрде ит, түлкі, ірі қара мал арасында жиі тіркелген. Аурудың тіркелуі табиғи-ошақтық фактордың ықпалынан кездеседі. Негізгі себептің бірі Ақмола облысы территориясының 17 аудан ауқымындағы жабайы аңдардың арасында құтырық қоздырушысының үнемі сақталуы мен оларды вакциндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен болуда.

Slide 15 Slide 16

Аусыл


Ұқсас жұмыстар
Аурудың белгілері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Адъюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Аусыл ауруының диагностикасы
РНҚ вакцинасы репликацияланбайды репликацияланбайтын мРНҚ вакцинасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz