Қырыққабаттың ақ көбелегі (Pieris brassica L. )



Тақырыбы: Қырыққабаттың ақ көбелегі
(Pieris brassica L. ) .
Орындаған: Садыкова Айжан
Тексерген: Сагандыков С. Н
Топ: АГ-213

Кіріспе
Қырыққабат ақ көбелегі туралы қысқаша түсінік
Негізгі бөлім
2. 1. Қырыққабат ақ көбелегінің биологиясы
2. 2. Қырыққабат ақ көбелегінің зиянды фазалары
2. 3. Қырыққабат ақ көбелегінің таралуы
2. 4. Қырыққабат ақ көбелегін есептеу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қырыққабаттың ақ көбелегі (Pieris brassica L. ) Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының ақ көбелектер (Picridae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Қанаттары ақ, мұртшалары түйреуіш басы тәрізді ірі көбелек. Алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрыштары қара және ұрғашыларының қанаттарында 2 қара дақ болады, қанаттарының өрісі 55-60 мм. Жұмыртқалары сары, пішіні шөлмек тәрізді, көп қырлы болады. Жұлдызқұрттары сарғылт - жасыл, денесінде топ - топ болып көлденең қатарларға орналасқан нүктелер мен дақтар және бүйір жақтарында сары, арқа жағында жіңішке ақшыл түсті жолақтар болады. Сонымен қатар денесін қылшықтар мен түк басқан. Ересек жұлдызқұрттардың ұзындығы 44 мм жетеді. Төменгі жастағы жұлдызқұрттардың басы қара, ал жоғарғы жастағыларынікі ұсақ қара дақтары бар жасылдау сұр түсті болады. Қуыршағы қара дақтары бар сұрғылт - жасыл түсті, ұзындығы 23 мм.

Қырыққабаттың ақ көбелегі жылына 3 - 4 генерация беріп көбейеді. Ол ағаштардың діңі мен бұталардың сабағында, үйлердің керегесінде, дуалдарда және басқа жерлерде қуыршақ күйінде қыстайды. Көбелектер ерте көктемде ұшып шығады. Олар күндіз ұшады да әр түрлі өсімдіктердің, әсіресе крестгүлділердің гүл шырынымен қоректенеді. Ұрғашы көбелектер жұмыртқаларын крестгүлді өсімдіктердің жапырақтарының астыңғы бетіне орташа есеппен 60 - 80 топтап орналастырады. Әрбір ұрғашы көбелек 250 - дей жұмыртқа салады.
Жұмыртқалардың дамуы ауа - райы жағдайларына байланысты 8 - 14 күнге созылады. Жұлдызқұрттары 17 - 25 күнде дамиды. Ал қуыршақтарының дамуы 11 - 18 күнге созылады. Қырыққабаттың ақ көбелегі республиканың солтүстігінде 2 рет ұрпақ, ал оңтүстігінде 3 - 4 ұрпақ береді. Бірінші күндері жұмыртқа тобынан шыққан жұлдызқұрттардың барлығы бірге болады да, жапырақтың астыңғы жағын кеміріп жеп, үстіңгі эпидермис қабатына тимейді. Кейінірек олар өсімдік бойымен өрмелеп жан - жаққа таралып, жеке - жеке тіршілік етеді.

Бұл көбелектің жұлдызқұрттары қырыққабаттың жапырағын шетінен бастап кеміріп жеп, тек ірі жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттардың дамуы ауа райы жағдайларына байланысты 17 күннен 25 күнге, ал қуыршақтың дамуы 11 күннен 18 күнге дейін созылады.
Қырыққабаттың ақ көбелегінің табиғи жауларының ішінде ең көрнектісі деп аталатын паразиттік тіршілік ететін насеком. Ол жұмыртқаларын топтап зиянкестің 1 - жастағы жұлдызқұрттарының ішіне салады. Олардан шыққан личинкалар жұлдызқұрттың ішкі мүшелерінде қоректеніп паразиттік тіршілік етеді. Ақырында жұлдызқұрт өледі, ал паразиттің личинкалары қоректенуін тоқтатып, сыртқа шығады да сары түсті пілләнің ішінде қуыршаққа айналады. Қырыққабат ақ көбелегінің жұлдызқұрттарында шаншарлардың тағы бірнеше түрлері және деп аталатын кірпі шыбын паразиттік тіршілік етеді. Кейбір жылдары олар зиянкестің санын 70 - 80 процентке дейін азайтады.

Қырыққабат ақ көбелегінің жұмыртқасы
Қырыққабат ақ көбелегінің қуыршағы

Қырыққабат ақ көбелегінің жұлдызқұрттары
Ақ көбелекпен зақымдалған қырыққабат

Қырыққабат ақ көбелегі:
1 - ұрғашы көбелек,
2 - аталық көбелек,
3 - жұмыртқа үйіндісі,
4 - кішкентай жұмыртқа,
5 - жұлдызқұрттар,
6 - қуыршақтары,
7 - зақымдалған жапырақтар

Қырыққабаттың ақ көбелегін есептеу әдістемесі.
Қырыққабатта қыстайтын зиянкестердің санын күз айында қырыққабат өсетін жерлерден анықтайды. Зерттеуге қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабаттың қара күйесі, қырыққабат биті кіреді. Бұл үшін 10 үлгінің әрқайсысынан 5 томар (шахматты ретпен) алады. Томардың жердегі бөлігін қарай отырып, олардағы қырыққабат битінің жұмыртқасын және қырыққабат қаракүйесінің пілләсін қуыршақтармен бірге санайды. Қырыққабат битінің жұмыртқа саны көп болған жағдайда үлгіде 2 - 3 томарды қарау шектеледі. Зақымдалған жерлердегі биттердің жұмыртқасы және қырыққабат қаракүйесінің қуыршақтары бір томардағы орташа есеппен анықталады. Қырыққабат күйесінің жалған пілләсін және қырыққабат көбелегін есептеу үшін үлгі орналасқан жерлердегі топырақты қазады, әр үлгіде тек бір томардан болуы тиіс. Бұл жерлердегі қазуды 35*35 см мөлшерінде (томардың айналасына), ал тереңдігін 25 - 30 см етіп қазады. Зақымдалған жерді жалған пілләнің санына және қырыққабат көбелегінің қуыршақ санына қарай 1 томарда анықтайды.
Есептеу әдісін көктемде жүргізеді, ең алдымен, парниктерде, кейін егістікте крестгүлділердің бүргесінен және қырыққабат шыбындарынан анықтайды. Крестгүлділердің бүргесін олар орналасқан өсімдіктерден көз мөлшермен есептейді немесе энтомологиялық тордың көмегімен ауланған бүргелердің санын анықтайды. Бес парникке немесе өсімдіктер егісіндегі бес орынға екі - екіден 10 тор құрады. Бүргелерді күн жылы кезінде бес күннен кейін сол бір уақытта байқайды.
Парниктердегі қырыққабаттың қаракүйесін 10 - 15 күн ішінде және көшет отырғызғанға дейінгі 2 - 3 күнде байқайды. Әр жердегі бес парниктен 10 өсімдікті алады. Тексеру кезінде өсімдік көшеттеріндегі қырыққабат шыбынының жұмыртқалары мен личинкаларын анықьайды. Жұмыртқаларын табу үшін өркен жақын тұрған жерлерді қаарйды. Бірінші әдіс көшеттердегі қырыққабат шыбынының деңгейін, ал екінші әдіс - көшеттерді отырғызбас бұрынғы жағдайын байқау мақсатында жүргізіледі.

Келесі қырыққабат зиянкестерін есептеу әрқайсысында 5 өсімдіктен 10 - 20 жерде шахматты ретпен орналасқан егістіктерде 50 - 100 өсімдікті бақылау әдістері жүргізіледі. Бірінші әдісті көшеттер отырғызылғаннан кейінгі 4 - 5 күнде, оларға қырыққабат шыбынының жұмыртқаларымен зақымдалғанына және крестгүлділердің бүргесіне және басқа да зиянкестеріне жүргізеді. Бақылауды жұмыртқамен зақымдалған 20 өсімдікке әр 3 - 5 күн сайын жүргізіп отырады. Жұмыртқаларды сол бір өсімдікте жоя отырып санайды. Қырыққабат отырғызылғаннан кейін 20 - 25 күнде қырыққабат шыбынымен зақымдалған өсімдікке есептеу жүргізіледі (өліп қалған және қатты зақымдалған; орташа және аздап зақымдалғандарға) . Қырыққабат шыбынымен зақымдалған өсімдіктердің жапырақтары көгілдір түске боялады. Өліп қалған өсімдіктерді анықтау үшін оларды қазып алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz