ЕСКЕКАЯҚТЫЛАР ОТРЯДЫ.ИТБАЛЫҚ ТАР ТҰҚЫМДАСЫ PINIPEDIA



ЕСКЕКАЯҚТЫЛАР ОТРЯДЫ. ИТБАЛЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ PINIPEDIA.

Ескекаяқтылар - орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны бірітіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бір тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1. 2-ден 6, 0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады.

Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар) . Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, моллюскалармен, шаянтәрізділермен және т. б. қоректенеді. Енскекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) -каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.

Нағыз итбалықтар тұқымдасы - PHOCIDAE Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек жәнеқалың болады. Бұл ьұқымдастың 10 түрінен қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана.

Систематикасы (жүйеленуі) : каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп. Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ. Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындаңы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі кожно - бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденеі еркін иіледі - оңға және солға . Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Емшектері бір жұп.

Итбалықтар түрлері

Түлеу: ересек жануарларда түлек бір - ақ рет болады. Кейбір особьтерің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының бекі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең ақырғы жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денсіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады. Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы өзен-суларда мекендейді.

Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5 жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлің итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халық шаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады.

Систематикасы (жүйеленуі) : құлақты итбалықтар тұқымдасы - Otaridae. 7 туыс бар есептеледі. : солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңазенландиялық теңіз арыстандары. Сипаттамасы: оларда редукцияланған болса да құлақ қалқандары сақталған. Артқы ескектері табан жанғында бүгіледі олар денесін ұстап тұруға негізделген. Алдыңғы ескектері үлкендеу келеді. Көлемдері үлкен, денесінің ұзындығы 3, 8 м-ге дейін жетеді.

Таралуы: солтүстік жартышарда, тынық мұхитында. Көбеюі мен өсіп жамуы: буаз болу мерзімі 360 тәулікке дейін созылады, тым ұзаққа созылу себебі эмбрион буаз болу кезінде жетіле бастайды, кейін дамуы тежеледі немесе тоқтайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz