ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер


Slide 1

ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер

Slide 2

Электронды есептеуіш машиналарының (ЭЕМ) даму кезеңдері

Еске сақтау құрылғысы ЭЕМ жадысының қызметін атқарады және деректер мен программалар командаларын сақтауға арналған. Қажет болған жадыға бұл деректер оқылады және ЭЕМ-нің басқа блоктарына бағытталады. Мекендік жады. Қарапайтым ЭЕМ-де ақпарат (деректер, командалар және микрокомандалар) түрлі ұзындықты жады ұяшықтарында орналасады және осы ұяшықтардың мекені бойынша (нөмері) ізделеді.

Slide 3

ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. ЭЕМ-ны өнеркәсіптің түрлі аумақтарында, басқаруды және ғылыми зерттеулерде пайдаланудың жалғасушы маңызды өсуі деректердің көп мөлшерін өңдеуді автоматтандыруға алып келеді. XX ғасырдың 50-ші жылдарының соңында 60-шы жылдардың басында көптеген мекемелер деректерді ЭЕМ-ға қол жетімді файлдар түрінде жинауды және сақтауды юастады. Уақыт өтісімен мекемелер деректер мен қолданбаларды басқаруды орталықтандыру қажеттігін жаймен аңғара бастады.

Slide 4

Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады.

ЭЕМ-ға арналған программалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты бөлінуі

Slide 5

ЭЕМ-нің құрамы

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1. Орталық процессор;

2. Енгізу құрылғысы;

3. Есте сақтау құрылғысы;

4. Шығару құрылғысы.

Slide 6

Орталық процессорбарлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысыинформацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысыкомпьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

Slide 7

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Slide 8

Жүйелік блокмыналардан тұрады:

-микропроцессор;

-оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

-тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

-қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

-информация енгізу құрылғылары;

-информация шығару құрылғылары;

-информация жинақтауыштар.

Slide 9

ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді. ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.

Slide 10

ЭЕМ жіктемесі

Компьютерлердің цифрлық және аналогтық деп аталатын негізгі екі тобы белгілі.

Компьютерлерді функционалдық қызметі, жұмыс өнімділігі мен өлшеміне байланысты жіктеуге болады.

Қазіргі кезде «Cray» мен «IBM SP2» (АҚШ) қуатты супер-ЭЕМ мысалы ретінде қарауға болады. Супер-ЭЕМ температуралық режимді, кейде сумен немесе сұйық азотпен суытуды талап етеді.

Үлкен ЭЕМ супер ЭЕМ-ге қарағанда қолжетімді. Олар арнайы орынды, температуралық режимді талап етеді. Мәселен, АҚШ-тағы IBM 370 машиналары, ЭЕМ БЖ (ЕС ЭВМ) осы топқа жатады.

Slide 11

Мини-ЭЕМ 70-жылдардың басында пайда болды. Олар жергілікті желі машиналарын немесе технологиялық үрдісті басқару үшін пайдаланылады.

Микро-ЭЕМ микропроцессорлардың пайда болуына сәйкес жасалды. Олардың ішінде көппайдаланушыларға арналған, басқа құралдарға қосалқы тіркелген болуы ықтимал. Мысалы, автомобильдің ішкі жүйесі.

Slide 12 Slide 13

ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары

Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден тұрады:

- Жүйелік блок

- Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей

- әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік

Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.

Slide 14

Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:

- мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер

Slide 15

Графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- “тышқан” графикалық қолтетігі

Slide 16

Джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен бас қарылатын тетік

Slide 17

- график сызғыш немесе плоттер - сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;

- сканер (ізкескіш) - графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы;

- CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;

- модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы;

- стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;

- желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.

Slide 18

Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.

Slide 19

Микропроцессер бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

Slide 20

Алгоритм ұғымы, қасиеттері

Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз - жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.

Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа - енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген.

Slide 21

Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар

1. Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) - ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;

2. Алгоритмнің түсініктілігі - алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;

3. Алгоритмнің анықтылығы - алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі туралы ақпарат
ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі
ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер
ДК қолданбалы программалық қамтамасыздандырылу
Алғашқы компьютерлер
Есепті графикалық жұмыс
Windows операциялық жүйелері
Есептеу техникасының (машинаның) даму тарихы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ INTEL ЖӘНЕ AMD КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz