Несие теориясы және Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің құрылымы мен қазіргі жағдайы


Slide 1

Несие теориясы. Несие жүйесі және оның қазіргі жағдайы

Slide 2

Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Slide 3

Натуралистік несие теориясы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін салушы А. Смит пен Д. Рекардо болды. Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак-Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары не-ие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмай қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралдар несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырылады

Slide 4

Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы

Несие жүйесі - жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің ізіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақстан Республикасынғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады:

біріншісі - банктік жүйе, ал

екіншісі - парабанктік жүйе(банктік емес мекемелер) . Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген.

Несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұынын сипаттамайтын.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қазақстан Республикасының несие жүйесі маңызды рөл атқарады

Slide 5

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын орталық банктің классикалық қызметтерін орындай бастады.

Негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне келесі міндеттер жүктелген:

1) мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2) төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу

Slide 6

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен байланысты залалдардың бір бөлігін несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау жағдайын кепілдендіру есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

Slide 7

ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы - бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін кепілдендіру. Банк ссудалық капитал нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

Slide 8

НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ.

Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.

Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.

Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.

Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Мақышева Аяулым


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие реттеу: теориясы, қызметтері және институттары
Несие және банк жүйесі: несиелік мекемелердің түрлері мен Қазақстандағы құрылымы
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы, дамуы және реформалануы
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу: қазіргі жағдайы мен негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен мемлекеттік қолдауы
Несие және несиелік ақшалар: түрлері, функциялары және Қазақстандағы ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары: теориясы, құрылымы және легитимділігі
Банктік несиелік операцияларды ұйымдастыру және қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалау
Қазақстандағы саяси партиялар: көппартиялық жүйенің қалыптасуы, құқықтары және қазіргі жағдайы
Эмоцияның лимбикалық теориясы: лимбиялық жүйенің құрылымы мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz