Клетканың химиялық құрамы және ақуыздар, көмірсулар мен РНҚ қызметтері


Slide 1

Орындаған: Сыдыкова А. Б. Тексерген:Мирашева Г. О.

Тақырыбы: Клетканың химиялық құрамы.

БАӨЖ

Slide 2

Клетка

Клеткалардың құрамына бейорганикалық заттар және органикалық заттар

Ақуыздардың клеткадағы қызметі

Көмірсулардың клеткадағы қызметі

Клеткадағы РНҚ-ның қызметі

Жоспар:

Slide 3

Клетка Барлық ағзалардың клеткаларының химиялық құрамдарынның ұқсастығы олардың шығу тектерінің бір екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар, тірі ағзаларда кездесетін барлық химиялық элементтерді тірі емес табиғаттан табуға болады. Бұл - материя бір деген пікірді растайды. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық элементтерінің 86-сы адам ағзасында тұрақты кездеседі, оның 25-і адамның жалпы тіршілігіне қажетті, 18-і абсолютті қажетті, ал 7-і пайдалы.

Slide 4

Клетканың тіршілігі кезінде жүретін әр түрлі реакцияларға қатысатын заттардың құрамына шамамен барлық белгілі химиялық элементтер кіреді. Барлық элементтердің ішінен клетка көлемінің 98% түзетіндері: оттегі, көміртегі, сутегі және азот. Қалған элементтер макроэлементтер мен микроэлементтер деп екі топқа бөлінеді.

Slide 5

Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтер, %

Клетка массасының 98% түзетіндері

Макроэлементтер

Микроэлементтер

Оттегі - 65-75

Магний 0, 02-0, 03

Мырыш - 0, 0003

Көміртегі - 15-8

Натрий - 0, 02-0, 03

Мыс - 0, 0002

Сутегі - 8-10

Кальций 0, 04-2, 00

Йод - 0, 0001

Азот - 1, 5-3, 0

Темір - 0, 01-0, 015

Фтор - 0, 0001

Калий - 0, 15-0, 40

Күкірт - 0, 15-0, 20

Фосфор 0, 20-1, 00

Хлор - 0, 05-0, 10

Slide 6

Клеткалардың

құрамына бейорганикалық

заттар және органикалық

заттар

Slide 7

Клеткалардың құрамына бейорганикалық заттар да енеді. Органикалық заттарға қарағанда бейорганикалық заттар клетканың шамалы ғана бөлігін құрайды. Егер бейорганикалық қосылыстар өлі табиғатта кездесетін болса, органикалық қосылыстар тек қана тірі ағзаларға сипатты. Тірі және өлі табиғаттың бір-бірінен елеулі айырмашылығы, міне, осында.

Slide 8

Клеткадағы су, органикалық және бейорганикалық заттардың %-дық қатынасы

Заттар

% - қатынасы

Су

70-85

Судан басқа бейорганикалық заттар

1-1, 5

Ақуыздар

10-20

Майлар

1-5

Көмірсулар

0, 2-2, 0

АТФ және басқа төменгі молекулярлы органикалық заттар

0, 1-0, 5

Нуклеин қышқылдары

1-2

Slide 9

Ақуыздардың клеткадағы қызметі

Slide 10

Ферменттік қызметі. Клеткалардағы барлық биологиялық реакциялар ерекше биологиялық катализаторлар - ферменттердің қатысуымен жүреді, ал әрбір фермент - ақуыз. Ферменттер клеткалардың барлық органеллаларында кездеседі де, түрлі реакциялардың жүруін бағыттап қана қоймай, оларды ондаған, жүздеген есе рет жылдамдатады. Құрылымдық қызметі. Ақуыздар клетканың және оның органеллаларының мембраналарының құрамына енеді. ДНҚ-мен қосылған ақуыз хромосомалар денесін, ал РНҚ-мен қосылған ақуыз рибосомалар денесін түзеді. Тасымалдаушы қызметі. Ақуыздар оттегін тасымалдайды, сондай-ақ адамдар мен жануарлар денесінде гормондарды тасымалдайды (оны қан ақуызы - гемоглобин атқарады) . Қозғаушы қызметі. Клетканың барлық қозғалыс реакциялары ерекше жиырылғыш ақуыздардың көмегімен жүреді. Олар бұлшық еттің талшықтары мен кірпікшелерінің қозғалуын, клетканың бөлінуі кезінде хромосомалардың жылжуын, өсімдіктердің қимылдарын қамтамасыз етеді. Қорғаныш қызметі. Көптеген ақуыздар ағзаны зиянды әсер етулерден қорғайтын бүркеніш ролін атқарады. Энергетикалық қызметі. Ақуыздар энергия көзі бола алады. Ақуыз көміртегінің диоксиді, су және азотты заттарға дейін ыдырау кезінде клетканың көптеген тіршілік үрдістеріне қажетті энергия бөліп шығарады.

Slide 11

Көмірсулардың

клеткадағы қызметі

Slide 12

Энергетикалық қызметі. Көмірсулар - тірі клеткалар үшін энергия көзі. Олардың тотығулары кезінде клетканың тіршілігіне аса қажетті химиялық энергия бөліп шығарады; Құрылыс қызметі. Көмірсулар өсімдік клеткаларының қабырғаларын түзіп, құрылысшы қызметін атқарады. Күрделі көмірсулар ақуыздар (гликопротеиндер) және майлармен (гликолипидтер) қосылып және клетка қабықшасының құрамына кіреді; Қор жинау қызметі. Қордағы қоректік заттар, мысалы, гликоген мен крахмал - көмірсулар.

Slide 13

Клеткадағы РНҚ-ның

қызметі

Slide 14

Клеткада РНҚ-ның үш түрі бар. Олардың атаулары атқаратын қызметтеріне сәйкес келеді: - тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) көлеміне қарай ең ұсақ, ақуыз синтезі жүретін орынға аминқышқылдарын тасымалдайды; - информациялы (ақпаратты) немесе матрицалы РНҚ (мРНҚ) тРНҚ-ға қарағанда неғұрлым ірі. Олар ақуыздың құрылымы туралы ақпаратты ДНҚ-нан ақуыз синтезі жүретін орынға жеткізеді; - рибосомалық РНҚ (рРНҚ) рибосомалардың құрамына кіреді. РНҚ-ның барлық түрлері клетканың ядросында комплементарлық принципімен ДНҚ-ның тізбектерінің бірінде синтезделеді. РНҚ-ы клеткада арнайы ақуыздарды синтездеуге қатысады.

Slide 15

Пайдаланған әдебиеттер:

1. http://referat. resurs. kz/ref/kletkanin-himiyalik-kurami/1/

2. Әлмағамбетов Қ. Х., Байдүйсенова Ә. Ө., Мұхаметжанов Қ. М. Микроорганизмдер биотехнологиясы - Астана: 2008-240 б.

3. Беккер М. Е., Лиепиныш Г. К., Райпулис Е. П. Биотехнология. М. : «Агопромиздат», 1990. 436с.

4. Беккер М. Е. Введение в биотехнологию. М. : «Пищевая промышленность». 1976г. 272с.


Ұқсас жұмыстар
Клетканың химиялық құрамы: макро- және микроэлементтер, органикалық және бейағзалық қосылыстар
РНҚ биосинтезі: химиялық құрамы, транскрипция және пісіп-жетілуі
Ақуыздар: жіктелуі, химиялық қасиеттері және ағзадағы қызметтері
Көмірсулар: химиялық құрамы, жіктелуі, биологиялық қызметі және тағамдық маңызы
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысы
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының жіктелуі, құрылысы және қызметтері
Нуклеин қышқылдары: ашылу тарихы, құрылымы, химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ ерекшеліктері
РНҚ молекулаларының құрылысы, түрлері мен қызметтері және РНҚ-әлем гипотезасы
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі: РНҚ-ның рөлі және тұқымқуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуы
Жасушаның химиялық құрамы: элементтер, бейорганикалық заттар және ақуыздардың қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz