Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №5
Тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы.
Орындаған: Е-415 Құмаров Сұңғат
Тексерген: Жакпарова Гульнар Алдонгаровна
Семей қаласы 2015ж

Жоспар:
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз;
Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз;
Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.

Педагогика пәні және ұғымы
Ежелгі түсінік
Қазіргі түсінік
Негізі Ежелгі Грек елінде қаланды. Ол кезде «ПЕДАГОГ» болып құл саналатын. Ежелгі Грек елінің «пейдагогос» сөзін сөзбе-сөз аударғанда «баланы жетектеуші» деген мағынаны білдіреді. Яғни, алғашқы кезде «педагог» термині мырзаның баласына ие болып, жетектейтін құлға қолданған.
Педагогика - тәлім-тәрбие беру, білім беру және оқыту заңдылықтары негізінде тұлғаны қалыптастыратын күрделі ғылым.

Тәрбие мақсаты - жасөспірімдерді болашақ өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарының алдын ала болжанылатын нәтижелері. Негізгі мақсаты: жан-жақты және үйлесімді, заманға сай дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
2. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?

Я. А. Коменский: «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек»
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
тән саулығы - "дене тәрбиесі"

И. Г. Песталоцци: «Тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту», - деген.

К. Д. Ушинский: «Тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты», -деп қарастырады.

П. П. Блонский: «Тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру», - деген.

А. С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В. А. Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Василий Александрович Сухомлинский
Антон Семёнович Макаренко

3. Философия, психология, педагогика тұрғысынан "Тәрбие" ұғымын түсіндірудің кестесі

4. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісі.
Педагогиканың негізгі категорияларының негізгі ұғымдары арқылы өзара байланысын, сонымен қатар бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар екені белгілі.

Педагогиканың негізгі категорияларының негізгі ұғымдары олардың өзара ажырамайтын, бір- бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір категорияларға ортақ болатын элементтері бар.

Педагог өзін-өзі тәрбиелеуі қажет, оқушыларға үлгі бола алуы тиіс. Сондықтан менің ойымша осы қағидаларды ұстану керек:
1) Салмақты болу;
2) Сөзде де, істе те тура болу;
3) Ойланып әрекет ету;
4) Тәуекелдік;
5) Өзі туралы қажет болмаса айтпау;
6) Санасыз бос уақыт өткізбеу;
7) Тек қажетті және жағымды істі жасау;
8) Әр кеш өз іс-әрекетің туралы есеп беру;
9) Ешқашан өткен іспен, болғанға, болар іспен мақтанбау.

Пайдаланған әдебиеттер:
Бап-Баба С. Б. Жантану негіздері. (Жалпы психология) . Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дəрісбаяндар жинағы. Алматы, 2006; 13 дәрісбаян, §1
Нұр-пресс, 2007. А. С. Макаренко. Психология труда учителя. 1993; 76-80 беттер
Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы «NURPRESS» 2011; 38-39 бет
Серік Мырзалы. Философия. Алматы 2011 «Эверо». 479-480 беттер
http://kitaphana. kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/3261-tarbie. html
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz