Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультеті БӨЖ Тақырыбы: Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы.

Орындаған: Смаилова Б. Т. . Тексерген: Серикова А. Т. Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл

Slide 2

ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау

2. 1. 1. Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялық этиологиялы жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау

2. 1. 2. Қоян шаруашылығы өнімдерін вирустық этиологиялы жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау

2. 2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

I. КІРІСПЕ

Қоян шаруашылығы - қоян өсіріп, оның етін, терісін, түбітін өндіретін сала.

Қоян еті - нәрлі, шипалы тағам.

Қоян терісі жеңіл, жылы, әдемі бас, аяқ киім, галантерея бұйымдарын жасауға жұмсалады. Түбітті тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан биязы жүнінің ең жақсысынан кем түспейді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері үй қоянын әр түрлі зерттеулер жүргізу үшін пайдаланады.

Қоян өсірумен айналысу өте тиімді. Ет және тері үшін өсірілетін тұқымдары жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 көжек табады. Көжектері тез жетілгіш 65-70 күнде шағылыстыруға, 100-135 күнде союға жарайды (2-2, 5), яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері өндеуге болады. Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады.

Қазақстанда қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жолға қойылған. Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, шиншилла тұқымдары өсіріледі.

Slide 4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау 2. 1. 1. Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялық этиологиялы жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау

Slide 5

Листериоз - орталық жүйке жүйесінің салдануымен, септицемиямен, түсік тастаумен және желінсаумен сипатталатын індетті ауру.

Қоздырғышы - Listeria monocytogenes.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру қояндарда аса жіті және созылмалы түрде өтеді. Аурудың жіті түрінде бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды түйіндер пайда болады. Бауыр ұлғайған, солуы байқалады, түсі ақшыл-қоңыр. Көкбауыр ұлғайған, консистенциясы - былжыраған. Аурудың созылмалы түрінде патологиялық өзгерістер, ауру белгілері көбінде жатырда байқалады (іріңді метрит) .

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Зақымдалған мүшелерді (жүрек, бауыр) және қоян басын утильдеуге жатқызады. Ұшаны қайнатып залалсыздандырады.

Slide 6

Некробактериоз - қояндардың созылмалы түрде өтетін жұкпалы ауруы.

Қоздырғышы - Bacterium neсrophorum.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру ұлпалар іріңді-некрозды ыдыраумен сипатталады, диагнозы бактериологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша қойылады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша бөліктерінің белгілі бір ошақта, жекелеме зақымдануы кезінде зақымданған жерін кесіп алып тастайды, ал дененің толығымен зақымданғанында ұшаларды ішкі мүшелермен қоса утильдеуге жібереді.

Slide 7

Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - қояндардың жіті түрде өтетін індетті ауруы.

Қоздырғышы - Pasteurella multocida.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріксіз сойылған қоян ұшасын тексеру барысында ішкі сірлі қабықтарда, танау қуысының ішкі сірлі қабығында, көмекей, кенірдек, жұтқыншақ, асқазан және ішектердің сірлі қабатында нүктелі қан құйылу ошақтары байқалады.

Өкпеде фибрнозды-крупозды пневмонияға тән өзгерістер байқалады, кейде іріңді ошақтар кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар басып кетеді. Бауыры ұлғайған, дақтанған, іріңді-қанды сұр-қызыл түске боялған, капсулалар астында нүктелі қан құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған, ісінген. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Пастереллалар табылған жағдайда етті қайнату арқылы залалсыздандырады немесе консерві дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утильдейді.

Slide 8

Псевдотуберкулез - қоян мен кеміргіштерде созылмалы түрде өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Corinebaсternim pseudotuberkuiosis және Versinia pseudotuberсulosis.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және ішектерінің қабырғаларында сұрғылт-сарғыш түсті некрозды ошақтар байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұлғайған, теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері сұрғылт-сары түсті және тығыз болып келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір-бұдырлы түйіндер ұшырасады. Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды ошақтар болуы мүмкін.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша арық болса, лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бұлшық етте псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі мүшелері утильдеуге жібереді. Ұша қоңдылығы орташа болып, тек ішкі мүшелер мен лимфа түйіндер зақымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қалған сойыс өнімдерін, терілерін бөгетсіз босатады.

Slide 9

Салмонеллез - жіті түрде өтетін, қызба (лихорадка) және асқорыту жүйесінің бұзылуымен, өкпе қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - S. dublin, S. typhimurium.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Асқазан-ішек жолдарында және ұлпалы (паренхиматозды) мүшелерде зақымдану байқалады. Асқазан мен ішектің кілегей қабығы қабынған, ащы ішекте көптеген көлемі тарының дәніндей ақшыл-сұр түсті некрозды ошақтар табылады. Шажырқайдың лимфа түйіндері ұлғайған, бауырдың беткі және ішкі бөлігінде ұсақ некрозды ошақтар кездеседі, көкбауыры ұлғайған, кейбір бөліктері некрозға ұшыраған.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ішкі мүшелерін жойып жібереді, ұшасын кайнату арқылы залалсыздандырады.

Slide 10

Стафилококкоз - іріңді қабыну ошақтарымен, септицемиямен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Staphylococcus aureus, St. albus.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Жаңа туған көжектерде бұл ауру пиодермиялар түрінде байқалады, ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұсақ бітеу жаралар (абсцесстер) пайда болады, ересектерде бітеу жаралар тері астында, сүт безінде, өкпесінде, бауырында, бүйрегінде және басқа мүшелерінде пайда болады. Стафилококты пододерматитте аяқ терісінде жаралар пайда болады.

Ветеринарнялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен және терісін утильдеуге жібереді.

Slide 11

Туберкулез - қоянның жұқпалы ауруы.

Қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Туберкулезбен ауырған қоянның ұшасының қоңдылығы төмен, ауру жеңіл түрде өткен кезде өкпеде ақшыл-сұр түсті көлемі бидай дәнінен бұршақ дәнінің көлеміндей болатын туберкулезді түйіндер байқалады. Туберкулез ішек формасына өткенде ащы ішекте кездеседі, кейде бауыр, көкбауыр және бүйректе кездеседі. Көп жағдайда аумақтағы лимфа түйіндері зақымданады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшаны ішкі мүшелерімен, терісімен қоса жойып жібереді.

Slide 12

Туляремия - қояндар ауыратын табиғи ошақты ауру.

Қоздырғышы - Francisella tularensis бактериясы.

Сойғаннан кейіпгі диагностика. Лимфа түйіндері 10-15 есе ұлғаяды, сырты бұдырлы, бұдырлары жұмсарып айқын көрінеді және ұсақ ақшыл түсті некрозды бөліктер байқалады. Беткі жағын кескен кезде ұсақ сұр түсті, кейде әк немесе іріңді қабынулар көрінеді. Көк ет (плевра), ұшаның ішкі қабаты қалындаған, кедір-бұдырлы, фибринозды-іріңді және сірілі қабықпен жабылған. Өкпеде, көкбауырда, кейде бауырда кілегейлі созылмалы ошақтар байқалады. Өкпесі қою қызыл түсті қанға толы. Көкбауыры 2-3 есе ұлғайған. Тері астында (клечаткасында) іріңді ошақтар кездеседі.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру қояндарды етке союға болмайды. Туляремиямен ауырған жануардың ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанасқан өнімдерді қайнатып, залалсыздандырады.

Slide 13

2. 1. 2. Қоян шаруашылығы өнімдерін вирустық этиологиялы жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау

Slide 14

Вирусты геморрагиялық ауру - жіті контагиозды өтетін қоянның індетті ауруы.

Қоздырғышы - вирус. Ауру ішкі мушелердс әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялық диатезбен сипатталады.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу мүшелерінің, бауырда, көкбауырда, бүйректе, жүректе және асқорыту жолында нүктелі немесе сызықты қан құйылулар байқалады.

Өкпе ісінген, қошқыл қызыл түсті дақтар кездеседі, кесіп қараған кезде қанға толы. Көкбауыры біршама ұлғайған. Бауыры ұлғайған солу үрдісі байқалады, түсі қою қоңыр, көп мөлшерде қанталау кездеседі. Лимфа түйіндері шырынды, ақшыл қызыл түске боялған. Асқазан мен ішек жолдарының сірлі қабықтарында геморрагиялык қан құйылулармен қоса, қабынған үрдістер байқалады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен және терісін утильдеуге жібереді.

Slide 15

Миксоматоз - бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары контагиозды ауру.

Қоздырғышы - Micsomatosis cuniculorum.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Диагнозы сарғыш, қою сұйықты инфильтраттар табылғанда қойылады.

Ветеринариялық- санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Миксоматозбен ауырған қояндарды союға жібермейді, ауру толығымен зерттелген соң ұшаны ішкі мүшелерімен қоса және терісінде жойып жібереді.

Slide 16

Трепонемоз (спирохетоз) - ішкі жыныс мүшелерінің, анус және дененің басқа бөліктерінің терісінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Treponema cuniculi.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріндерінің немесе жыныс мүшелерінің, тік ішектің ісініп, кілегейленуі байқалады. Сондай-ақ ерінде, көз қабағында жаралар мен некрозды ошақтар, қабынған жерлер қабыршактанады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшаның зақымданған бөліктерін және мүшелерді утильдеуге жатқызады.

Slide 17

2. 2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы

Slide 18

Арықтау (жүдеу)

Сойғаннан кейінгі диагностика. Арықтау кезінде бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері, бұлшық ет семуі және май жиналатын мүшелерде іркілдек ісіктер байқалады.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтаудың себебіне қарамастан ұшаларды және мүшелерді утильдейді.

Slide 19

Гидремия


Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Саз құндыз шаруашылығы
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz