Биологиялық препараттар: түрлері, сипатамалары



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Биологиялық препараттар: түрлері, сипатамалары.
Тобы: ВС - 403
Орындаған : Жансолтанова А. А
Тексерген : Нуркенова М. К. .

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Биопрепараттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Биопрепараттар жайлы түсінік
Биологиялық препараттар, биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор.

Биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет˸
- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;
- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;
- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;
- антибиотиктік заттар өндіру;
- иммундық реакцияларды модулдеу;
- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту) .

Биопрепараттардың жіктелуі:
вакциналар;
биологиялық белсенді қоспалар;
сарысулар
эубиотиктер;
пробиотиктер;
пребиотиктер;
бактериофагтар;

Вакциналар
Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Вакцинаның классификациясы:
тірі
өлтірілген
химиялық
анатоксиндер
ассоциацияланған

Тірі вакцина
Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез(БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Өлтірілген Вакцина
Өлтірілген Вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Химиялық вакцина
Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер - улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 - 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина
Ассоциацияланған Вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Биологиялық белсенді қоспалар - олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға арналған бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар. Бұларға эколакт жатады ол жеміс-жидек шырынынан жасалынған құрамына ашытқан лактобактериялары бар антиоксидантты белсенділігі және антимутагенді әсері бар сусындар мен құрамына түрлі сүт қышқылы бактериялары кіретін ʼʼбифилайфʼʼ, ʼʼбио-кефирʼʼ, ʼʼкефир BFBʼʼ, ацедофилді паста͵ йогурт тәрізді ашыған сүт өнімдері жатады

Иммунды сарысу - кұрамында антиденелері бар кан сарысуы. Иммунды сарысу жұқпалы аурумен ауырған немесе ауруға қарсы егілгіен адамдар мен жануарлардың қанынан алынады. Иммунды сарысу емдік, аурудың алдын алу және диагноздық сарысулар болып белінеді. Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қантоптарын, ИГ-топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады. Диагноздық сарысулар бір антигенге(бірвалентті) немесе бірнеше антигендерге (көпвалентті) тән болып бөлінеді. Иммунология реакцияларының түріне қарай олар агглютининдеуші, преципитатжасаушы, гемолизберуші, иммунофлюоресціентті т . б. болып бөлінеді. Емдеу және аурудың алдыналуға қолданылатын иммунды сарысуна қүрамында бактерияларға (антибактериалды) , вирустарға (антнвирусты) , экзотоксиндер(антитоксиндік) , жылан және өрмекші уыттарына т. б. қарсы антиденелері бар адам мен мал қан сарысулары жатады. Бүлардың бәрі көбінесе бірнеше қайталап егілген адамдар мен малдардан алынады. Олардағы антиденелер мөлшері өте биік болады

Эубиотиктер -бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар.
Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады ˸
- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы
- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса
- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L. fermentum бактерияларының микробтық массасы.
- колибактерин - E. coli миробтық масса.
- бифилиз - бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.
линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты.

Пробиотиктер -негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар. Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін
белсендірушілер болып табылады. Оларға энтерол (Sanofi-Chinoin компаниясының өнімі), блактисубтил (Marion Merrel Dow, АҚШ), флонивит БС (JCN . Galenic, Югославия), биоспорин жатады (Россия, Әскери-техникалық проблемалар орталығы) .
Биоспориннің әсер ету механизмі құрамындағы Bacillus туыстастығы бактериясының есебінен жүзеге асады. Бұл кезде тірі бациллалардың бір бөлігі (50% шамасында) спора түрінде болады. Спора түзетін бактериялардың кілегей қабық колониясын түзу қасиеті айқын болмаса да, 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін адаптацияланады және вегетацияланады. Споралар ішке қарай өсіп ене бастағанда бөліп шығаратын ферменттер протейлердің, ішек таяқшаларының, патогенді стафилококтың және Candida туыстастығының саңырауқұлақтарының жасуша қабырғаларының лизисін тудырады. Препарат организмнің қорғаныс реакциясын едәуір күшейтеді, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады, эндогенді интерферон мен лизоцим өнімдерін күшейтеді .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz