Стоматологиялық қызметтер кабинетін ашу



Стоматологиялық қызметтер кабинетін ашу

Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі - Батыс Қазақстан облысы) .
Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің негізгі түрлері:
- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;
- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;
- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;
- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер) ;
- Тістің техникалық жұмыстары.
Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың тг.
2 015
Негізгі капиталға инвестициялар
55 270
Негізгі капитал
4 200
Барлығы
59 470
Қаржыландыру көзі, мың тг .
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Өз қаражаты
23 210
04. 2012
39%
Қарыз қаражаты
36 260
05-06. 2012
61%
Барлығы
59 470
100%
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Кредит валютасы
теңге
Пайыздық ставка, жылдық
12%
Өтеу мерзімі, жыл
6, 0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
6
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
6
Негізгі борышты өтеу түрі
тең үлестермен
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Ақылы медициналық қызметтер көрсетушілер арасындағы жоғары бәсекелестік тұтастай алғанда нарықта әр түрлі экономикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді және атап айтқанда, сапасыз қызметтер көрсететін компанияларды ығыстырып шығарады.
Қаржылық дағдарыстың салдарынан кейбір ойыншылар нарықтан кетуге мәжбүр болады, қалғандары жұмысын жалғастыруы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Нәтижесінде нарықта бәсекелестіктің біраз азайғаны байқалады.
Ақылы медициналық қызмет көрсету нарығында стоматологиялық қызметтер көш басында келеді: медицинаның бұл саласы үнемі рентабельді деп есептеледі, бұдан басқа ақылы поликлиникалар бұл салада кеңес одағы кезінен жұмыс істеуде. Бүгінде ақылы стоматологиялық клиникалар негізінен мемлекеттікті ығыстырып шығарды. Халықтың стоматологиялық қызметке сұранысы барлық баға сегменттерінде - ең төменнен суперэлиталыққа дейін қанағаттандырылған.
Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар - бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі. Өзіне жаңа технологиялар мен заманауи ғылым жетістіктерін сатып алған және қолданып келе жатқан клиникалар бәсекелестік басымдыққа ие болуда. Бұл олардың серпінді дамуына және дамуы төмен бәсекелестермен салыстырған пациенттерді көптеп тартуына мүмкіндік береді.

Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Батыс Қазақстан облысында стоматологиялық қызметтер кабинетін ашуды қарастырады.
Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің негізгі түрлері:
- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;
- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;
- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;
- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер) ;
- Тістің техникалық жұмыстары.
Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.
Кабинет аумағы 350 шаршы метр сатып алынған ғимаратта орналасқан.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере келе қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. .

Атауы
Стоматология - ортопедия креслосы
Металл керамика
Бюгель протездер
Тұтас құйылған тіс қабы
Пластик тіс қабы
Алып-салынатын протездер
Штамптап жасалған тіс қабы
Стоматология - терапевт креслосы
Пломба
Стоматология - хирургия және имплантология
Тістің күрделі жұлынуы
Имплантация
Құю қондырғысы
Қалпақшасын құю (металл керамика. тіректерін, протездер дайындау үшін
Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін)
Бюгель протезінің қаңқасын құю
Тістің техникалық жұмыстары
Металл керамика түбірлерін дайындау
Бюгель протездерін дайындау
Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау
Пластмасса тіс қаптарын дайындау
Ортопедиялық емдеуге тістің қатты тіндерін тамырына жапсыру, алдын ала, соңғы, қолданыстағы және қосарланған оттискілерді алу; жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен тіректерін орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау, алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және оларды орнату кіреді.
Терапевтік стоматология тістерді консервативті емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық стоматологиямен айналысатын дәрігерлер тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті тістің шіруін, жұлынған тісті емдеу болып табылады. Кейбір клиникаларда стоматолог-терапевтер қызыл иектің ауруын емдейді және тістерді жаңартады.
Хирургиялық стоматология мынадай емдеу әдістерін қолданады: тісті сақтау операциясы, сүйек тінін орнату, тістерді дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.
Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі 1-кестеде берілген. .
1-кесте - Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі

Маркетингтік жоспар
Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Денсаулық сақтауға нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты медициналық көмектің сапасы өзекті бола түсуде. Қандай да болмасын . медициналық қызмет жеткілікті деңгейде орындалмаса нарықтан өз орнын таба алады. Медициналық қызметтер нарығының тауарлар нарығынан айырмашылығы бар. Қызмет клиентке қызмет көрсету кезінде жасалады, яғни оған дейі, н ол болмайды және оны сатып алғанға және тұтынғанға дейін салыстыруға болмайды.
Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
2011 жылдан бастап республикада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол:
- саланың нарықтық қатынастарға бейімделу шараларын;
- алдын алу шараларына екпін бере отырып сектораралық және ведомствоаралық өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыруды;
- азаматтарды салауатты өмір салтына ынталандыруды;
- азаматтардың өз денсаулығына ынтымақтасты жауапкершілігін күшейтуді;
- сапалы отындық дәрі-дәрмек құралдары өндірісін дамыту және халықтың оларға қол жетімділігін арт ыру және басқаларын көздейді. .
Осыған байланысты кәсіпорынның өз қызметінде пайдалана алатын қазақстандық стоматология өндірісі үшін препараттар мен шығыс материалдары пайда болуы мүмкін.
Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорынды дамытудың негізгі тәсілі ретінде мүдделі нысаналы топтарға арналған тікелей жарнаманы пайдалану жоспарлануда. Бұл үшін:
- жаңа стоматологиялық кабинеттің өнімдері мен қызметтеріне арналған семинарлар өткізілетін;
- жаңа стоматологиялық кабинет туралы жарнамалық материалдар таратылатын;
- жергілікті маңызы бар арнайы медициналық басылымдарда жаңа стоматологиялық кабинетіне қызмет көрсетуге арналған жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындалатын болады.

Техникалық жоспарлау
Техникалық процесс
Ортопедиялық стоматологияда тісті протездеудің үш негізгі түрі бар: алынатын протездеу алынбайтын протез және шартты-алынатын протездеу.
Шартты-алынатын протездеу әзірге сирек қолданылады. Өйткені тіс протезін имплантатқа орнатуды білдіреді. Бұл, мұндай протездеу, әдетте, имплантология мен ортопедиялық стоматологияның қиылысу шегінде орындалады. .
Тісті алынбайтын протездеу - протезді бекіту тәсілі, бұл кезде пациент оны өздігінен шешіп ала алмайды. Басқаша айтқанда, бұл протездеу технологиясы емес, протезді саралаудың нұсқасы ғана. Алынбайтын протездеудің үлгісі тістің жасанды қабаты. Жасанды қабаттардың өзінің бірнеше нұсқасы бар, материалдарды пайдалану түрлері және дайындау немесе орнату технологияларының ерекшелігі де әр түрлі.
Алынатын протездеу - бұл пациент қажет болған жағдайда протезді дербес алуға және салуға мүмкіндік беретін конструкцияны бекіту. Бұрын алынатын протез үлкен, қолайсыз, адамға икемсіздік туғызатын болатын. Заманауи алынатын протездер өзгерді және алға озды. Жаңа материалдар мен технологиялар қолданылады. Мысалы, шағын-имплантаттағы алынатын протездеулер. Алынатын протездеудің заманауи технологиялары көрсеткіштері көп, кемшіліктері аз. Олар тіс көп түскен кездегі сияқты тістің шағын ғана кемшіліктері кезінде де қолданылады. Протездер жеңіл, қолайлы және ыңғайлы бола бастады. Оның кеңінен қолданылуының тағы бір себебі: оның бағасы басқа протездеу түрлерінен көп төмен.
Тіс қабаттары әр түрлі болады және әр түрлі материалдардан жасалады. Әсіресе метал керамикалық қабаттар кеңінен тараған, олардың сапасы жоғары, сенімді және бағасы салыстырмалы түрде төмен болады. Оны орнату тәсілі қарапайым: түскен тістің орнына қалып салынады (әдетте керамика немесе металл) . Содан соң тісті сәл егейді де оған жасанды қабатты кигізеді. Осы жұмыс үшін дәрігерге 3 рет келу қажет болады.
Имплантация - бұл тез дамып келе жатқан және ұзақ сақталатын конструкциясы эстетикалық жағынан жақсы стоматологияның жеке бір саласы.
Ғимараттар мен құрылыстар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz