Бидай трипсі (Haplothrips tritici): биологиясы, таралуы, зияны және күресу шаралары


Slide 1

Бидай трипсі

Slide 2

Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.

Slide 3

Бидай трипсі - Haplothrips tritici Kurd

Phloethripidae тұқымдасы

Түтікше құйрықтылар отряд тармағы

Шашақ қанаттылар отряды

Slide 4

Бидай трипстары - ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1, 5-2 мм түссіз шашақты қанаттары бар. Дернәсілдері ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдері топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстар мамыр-маусымда ұшып шығады.

Slide 5

Трипстардың көбеюі

Аналықтары жұмыртқаларын бір-бірлеп неменсе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарында және масақ өзегіне салады. Жалпы аналықтары 20-25 жұмыртқа салады. 6-8 күннен кейін дернәсілдер пайда болады. Трипстардың көбеюіне Жылы құрғақ ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40% - дан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып қыстайтын жерлеріне кетеді.

Slide 6

Республиканың басқа өңірлерінде бидай аңыздарын дернәсілдерімен залалдануын көктемгі тексеру кезінде 0, 02-5, 0-тен 10-15, 0 экз/өсімдік тығыздықпен анықталды. Құрғақ және ыстық ауа райы зиянкестердің таралуы мен дамуына қолайлы жағдай туғызды. Дәнді дақылдарда ересек жәндіктердің шығуы 1, 0-5, 0 экз/өсімдік тығыздықпен аралығында болды. Трипстің ересек жәндіктерінің жаппай шығуы 16-18 маусым мен 10-12 шілдеде, бидайдың толық түп айыруы мен түйін байлау кезеңінде тіркелді. Орналасу тығыздығы 5-150 экз/м2 (№ 23 кесте) . Жұмыртқа салу 20-26 маусым мен 3-9 шілдеде өтті. Бір масақта 4-9 ұядан, әр ұяда 2-14 жұмыртқадан болды. Бидай егістігінде дернәсілдердің шығуы 3-14 шілдеде, жаппай шығуы - 16-20 шілдеде тіркелді. Дернәсілдердің орналасу тығыздығы 1-8-ден 20-55 экз/масақ, жоғарғы деңгейі 78-109 экз/масақ Ақмола облысында болды. Жаздық бидай дәндерін лабароторияда тексеріп сараптау жүргізгенде залалдану пайызы 4, 5-тен 16, 9-ға дейін, шығын 0, 06-1, 45 ц/га. Дернәсілдердің қыстайтын жерге кшуі 10-27 тамызда басталды. Аңыздарда қыстап қалған дернәсілдердің тығыздығы 0, 01-20, 0 экз/өсімдік болды.

Есептеу әдістемесі

Slide 7

Күресу шаралары

Топырақты сыдра жырту; ауыспалы егісті қолдану; сүрі жер, бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өсіру. Жүйелі әсерлі инсектицидтерді өсімдіктердің түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда, трипсілерге қарсы ең жоғарғы нәтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын аналықтар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады.

Slide 8

Бидай трипсі өте кең тараған аймақтар

Алматы облысы

Жамбыл облысы

Slide 9

Тексерген : Сағандыков С. Н Орындаған : Нұрбақыт Қ Тобы: АГ-213


Ұқсас жұмыстар
Бидай угрицасы (Anguina tritici): биологиясы, симптомдары және күресу шаралары
Батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Карадрина (Spodoptera exigua): биологиясы, таралуы, өсімдіктерге зияны және күресу шаралары
Қазақстандағы арамшөптердің биологиясы, экономикалық зияны және күресу шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Тауық тарысы (Echinochloa crusgalli): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Сарыағаш ауданының көкөніс дақылдары зиянкестері: таралуы, биологиясы және күресу шаралары
Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L.): таралуы, морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Күздік бидайдың қортық қаракүйе ауруының биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Күздік көбелек (Agrotis segetum): систематика, таралуы, биологиясы, зияны, есептеу әдістемелері мен күрес шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz