Microsoft Acces




Презентация қосу
MICROSOFT ACCES
Мәліметтер қоры
Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты
өмірдің объектілері туралы мәліметтерді өңдеу.
Мәліметтер қоры сөзін кеңінен алғанда – бұл
қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің
нақты объектілері туралы мәліметтер
жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің
бір бөлігі деп түсінуге болады.
Мәліметтер қорын құрған кезде
пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер
бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес
құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға
ұмтылады.
Құрылымдылық (структурирование) – бұл
мәліметтерді көрсету әдістері туралы
келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп
мысалы, текстік файлда жазылған мәліметтерді
айтамыз.
Мәліметтер қорын пайдаланушылар болып әр түрлі қолданбалы программалар,
программалық кешендер, сонымен қатар ақырғы пайдаланушылар (конечные пользователи)
деп аталатын мәліметтерді пайдаланушылар рөлінде шығатын пәндік облыстың мамандары
болуы мүмкін.
Мәліметтер қорының қазіргі технологиясында мәліметтер қорын құру, оны қолдау және оған
пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз ету арнайы программалық инструментарий –
мәліметтер қорын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асыруды болжайды.
Мәліметтер қоры (МҚ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық мәліметтердің
аталынған жиынтығы.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құру үшін, оларды
актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет
программалық және тілдік әдістер кешені.
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Мәліметтер қоры түсінігі өріс,
жазба, файл (кесте) сияқты
құрылымдық элементтер
түсінігімен тығыз байланысты.
Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың
элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:
-аты, мысалы, Фамилия, аты, отчествосы, туған жылы;
-тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік;
-ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады;
-сандық мәліметтер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын суреттеуге арналған екі онсандық белгілер.
Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері
құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.
Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.
Файл жазбасының логикалық құрылымын суреттеу жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі
сипаттамаларын суреттен көруге болады.
Файл аты

Өріс Кілт Өрістің форматы
белгісі
Аты Толық Типі Ұзындығы Нақтылығы
(белгіленуі аталуы (сандар үшін)
)
аты 1

...

аты n

Файлды жазу құрылымында өрістің кілттер
болып табылатын мәндері көрсетіледі. Олар:
алғашқы кілттер (первичные ключи) - жазба
көшірмесін идентификациялайды, екінші кілттер
(вторичные ключи) – іздеушілік немесе
топтастырушылық белгілер рөлін орындайды.
Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі)
жазбасының логикалық құрылымын суреттеу
мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы
жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс
мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне
қарау оның номері арқылы жүреді.
Файл аты: СТУДЕНТ
Өріс Өріс форматы
Кілт белгісі
Белгіленуі Атауы типі ұзындығы нақтылығы
Номер Жеке іс-қағазының№ * Симв 5

Фамилия Студент фамилиясы Симв 15

Аты Студент аты Симв 10

Отчествосы Студент отчествосы Симв 15

Күні Туған күні Уақыт 8
1 деңгей

Мәліметтер моделінің тұрлері
Мәліметтер моделі – мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу
операциялары жиынтығы.
МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді
пайдалануға негізделген. Мәліметтер моделінің негізгі үш
типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.
Мәліметтердің иерархиялық моделі
Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара
байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық
қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты
құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей
Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей,
элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір
объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының
жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар
граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір
торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен
ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа
төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде
тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты
(бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с.
деңгейлерде орналасқан. Мәліметтер қорында тоғайлар
саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.
Мәліметтер қорының әрбір жазбасында түбірлік жазбана
тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы
үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.
Мәліметтердің тораптық моделі
Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей,
торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген
басқа элементпен байланысуы мүмкін.
Суретте мәліметтер қорының тораптық құрылымы
граф түрінде көрсетілген.

А B

С D E

F G H
Мәліметтердің реляциялық моделі
Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың
мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның
құрастыруымен байланысты.
Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен,
пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған
реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді
ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді
массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:
әрбір кестенің элементі – мәліметтердің бір элементі;
кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық
элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен
ұзындығы бар;
әрбір бағанның өзгеше аты бар;
кестеде бірдей жолдар жоқ;
жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін .
Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға,
ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге,
өрістерге сәйкес келеді.
Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым
кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше
өрістердің мәнімен анықталса, онда мәліметтер қорының
мұндай кестесінің құрама кілті болады.
Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші
кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-
біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда
бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің
кілтін енгізу керек.
Мәліметтер қоры бірнеше байланысқан кестелерден тұруы
мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі
принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және
бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский)
деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.
МҚ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:
"один – к - одному";
"многие – к - одному";
"один – ко - многим";
"многие – ко - многим".
1. "Один – к - одному" байланысы
Мұндай байланыста ата-аналық кестедегі бір жазба аналық
кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді.
2. "Один – ко – многим" байланысы
3. "Многие – к –одному" байланысы
"Один – ко – многим" ("многие – к – одному") байланысының екі
түрін қарастырады:
бірінші жағдайда бастапқы кестедегі барлық жазбалар
бағынышты кестедегі жазбалармен сәйкес келуі керек;
екінші жағдайда мұндай қатаң талаптар қойылмайды және
бастапқы кестедегі кейбір жазбалар бағынышты кестедегі
байланысқан жазбалары болмауы мүмкін.
4. "Многие – ко – многим" байланысы
Мәліметтер қорын кез келген "многие – ко – многим" байланысы
"один – ко – многим" (многие – к – одному") байланысының бір
немесе бірнешеуімен ауыстырылуы мүмкін болатындай құруға
мүмкіндік береді.
Excel дегеніміз не?

Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең
тараған кұралдардың бірі Місcrosoft Ехсеl болып табылады. Ол
сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Ехсеl көптеген
математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін
пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-
түсті диаграммалар түрғызып, мәліметтер базасын даярлап,
олармен жұмыс істеуді, сандык тәжірибелер жүргізуді
қамтамасыз ете алады. Ехсеl мүмкіндігінің көпжақтылығы тек
экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік
жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.
Excel программасын іске қосу үшін
бірнеше тәсілдері бар.

1) Пуск -> Программы->
Microsoft Office ->
Microsoft Excel

2) Жұмыс
үстелінен Құру
-> Microsoft Excel
әрекеттерін
орындау арқылы
Аспаптар тақтасы
Тақырып Меню жолы
жолы

Ағымдағы
(ерекшеленг
ен ұяшық) Бағандар
тақырыбы

Енгізу мен түзету
жолы (Формула
жолы)

Жолдар Ұяшық адресі
дың
тақыры
бы

Шиыру жолағы

Парақта
р
жарлығы
Excel терезесінің негізгі элементтер

Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын
қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған
батырмаларды қамтиды.
Форматтау тақтасы – форматтау командаларына арналған батырмаларды
қамтиды.
Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін
немесе сілтемесін бейнелейді.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан
нөмірленген ентаңба.
Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар,
олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік
береді.
Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы.
Жолдар мен бағандар

Ехсеl даярлайтын күжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс
кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының күрылымы
кестенің күрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені
камтиды. Әрбір парақтын аты төменгі жағында орналасқан
таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты
парактауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі
рет шерту арқылы атын езгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады.
Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады.
Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады.
Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал
жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

65536 жол
255 бетке
Жұмыс кітабы
дейін
256 бағана
Ұяшықтар мен оның адрестері

Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы.
Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі мәліметтері
мен адресі Формула жолында бейнеленеді
Ол электрондық кестенің мәліметтер
енгізетін ең кіші элементі болып
табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен
бағандардың белгіленуінен тұратын адресі
болады. Мысалы: С22, А21, Е15, Е28.
Ұяшықтар мен оның адрестері

Әрқашанда ұяшықттардың біреуі ағымдық ұяшык
болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп
тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін
атқарады және оны тышқанның немесе басқару
пернелерінің көмегімен экранда жылжыта
аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және
басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшыкта
жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын
ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік
төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай
белгілейді: А7:Е25. Мұндағы А7 — тік
төртбұрыштын сол жақ жоғарғы, ал Е25 — он
жак төменгі бұрыштары.
А7:Е25 аралығындағы ұяшықтар
Мәліметтерді енгізу
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның
алғашкы символына қарап аныктайды. Егер енгізілетін
символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке
жатқызады. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула
деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе
апостроф (') болса, мәтін деп кабылдайды.
Мәліметтерді енгізу Еnter пернесін басумен жүзеге
асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау
үшін немесе ұяшыктың бастапкы мәндерін калпына келтіру
үшін Еsс пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы
Болдырмау(Отмена) батырмасын шертеміз
Енгізген мәліметтер
Формула жолында
және ағымдағы ұяшық
ішінде көрінеді

Мәліметтерді Формула жолында енгізу жөн.
Енгізуді растау үшін Енгізу батырмасын немесе
Enter пернесін басамыз, ал болдырмау үшін
Болдырмау батырмасын немесе Esc пернесін

Ұқсас жұмыстар
MC EXCEL кестелік процессоры MC ACCES мәліметтер қорын басқару жүйесі
Күрделі реляциялық деректер базасы
MS ACCESS
AcessE xcel
MS Excel кестелік процессор
MS Excel кестелік процессоры. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӨТКІЗУ
Пішімдеу тақтасы
Мәліметтер қоры объектілерімен жұмыс істеу интерфейсі біртұтас
Электрондық кестенің даму тарихы
Пәндер