сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі


Slide 1

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Музыкалық білім беру кафедрасы Орындаған: Бейбітова Қ. Тексерген: п. ғ. к. доцент Сұлтанова Н. К.

Slide 2

сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Slide 3

Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу-тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтық материалдық-рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын-сауық, салт-дәстүр, тағы басқа музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.

К. Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің керкемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А. Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек»-дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Slide 4

Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген сыныптан тыс өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қасиетін дамыту керек.

Қазіргі мектеп оқушылары өнердің қай түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласпен айналысады. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптық үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері ұйымдастырылған.

Slide 5

Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөліп қарастырамыз:

оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие

үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Slide 6

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.

Педагог-музыкант өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрлі үйірмелерді, сабақ пен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды байланыстырушы бола білуі қажет.

Солардың бірі-сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала, танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.

Slide 7

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы:

Үйірмелер

Хор

Оркестр

Мерекелер

Мәдени тынығу

Жаппай көпшілік формалары

Slide 8

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы.

Осындай үйірмелерде, клубтарда, бөлімдерде арнайы жүйелі жоспарланған жүмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай үйірмелерге: хор үйірмелері, домбыра мектебі (баян, фортепиано, т. б), би үйірмелері т. б. жатады.

Slide 9

Сыныптан тыс жүргізілетін тақырыптық жұмыстарға:

атаулы күндерге арналған мерекелік концерттер

ұлы композиторлардың шығармашылығына арналған концерттер,

сынып сағаттары

белгілі өнер адамдарының шығармашылығына арналған кездесулер жатады.

Slide 10

Оқушылармен жеке жұмыс, жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда:

домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара және тағы басқа ойнап үйрену және т. б. әуесқойлық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында музыкант-педагогтардың, музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа тартылуының алғашқы сатысы болып табылады. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы педагог-музыканттың жетекшілігімен ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда педагог-музыкант балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, музыкалық қабілет нышандарының даму деңгейлерін есепке алып, жергілікті жердегі балалардың шығармашылық орталықтарымен, театрлармен, музыкалық қоғамдармен және баска да музыкалық тәрбие беретін қоғамдық инфроқұрылымдармен, ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен бірге, педагог-музыкант оқушылардың сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекеттері түсірілген бейне жазбаларды үздіксіз басылым беттеріндегі материалдарды, мақтау қағаздары мен дипломдарының көшірмесін жинастырып, фотоальбом, қабырға газетін, көрме ұйымдастыруына болады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Хордағы ән айту
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдасту және өткізу әдістемесі слайд арқылы түсіндіру 
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы
Музыканы тыңдау әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАНТЫС ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС
САРАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпта тыс жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz