Қарақаттың бүршік кенесінің биологиялық ерекшеліктері, таралуы, есептеу әдістері және күресу шаралары


Slide 1

Қарақаттың бүршік кенесі

Қарақаттың бүршік кенесі

Slide 2

Жоспар

Кіріспе 1. Қарақат зиянкестеріне жалпы сипаттама

Негізгі бөлім 1. Бүршік кенесінің биологиялық ерекшеліктері 2. Бүршік кенесінің таралу аймағы 3. Зиянды фазасы 4. Даму циклі 5. Есептеу әдістемесі 6. Күресу шараларын жоспарлау

Қорытынды

Slide 3

Жалпы сипаттамасы

Қарақат (Rіbes) - тасжарғандар тұқымдасына жататын жидек өсімдігі болып келеді. Ауыл шаруашылығында қарақатқа көптеген зиянкестер зиянын келтіреді. Негізгі зиянкестер: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер. Олар өсімдік қоректі кенелердің төртаяқтылар тұқымдасына жатады.

Slide 4

Биологиялық ерекшеліктері

Ұрғашы кененің дене пішіні құрт тәрізді, түсі сүттей ақ, ұзындығы 0, 3мм, арқа қалқаншасында кенелердің басқа түрлерінде кездесетін бұдырлар мен қылшықтар мұнда болмайды. Аяқтарының саны төртеу, сондықтан бұл тұқымдасқа жататын түрлерді төрт аяқты кенелер деп те атайды.

Slide 5

Таралуы

Қарақат өсетін, әсіресе ылғалдылығы мол аймақтарда таралған. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында таралған.

Slide 6

Даму циклі

Көктемде температура 5°С болған жағдайда бүршік кенесінің аналықтары жұмыртқаларын сала бастайды. Кененің бір бүршіктегі саны 3-8 мың дараға жетеді. Бұл процесс бір ай бойы жүреді, оның қарқындылығы максимум 8 -20 күнге дейін жетеді. Дара аналықтардың ұрықтануы 5 және 48 жұмыртқаға дейін жетеді. 6-12 күннен кейін жұмыртқаларын салғаннан кейін личинкалар пайда болады. Бұл кезде кенелердің дамуы температураға және қоректену жағдайына байланысты. Личинкалардың пайда болуына 13-25 күн өткеннен кейін кенелердің жаңа ұрпақтары пайда болады.

Slide 7

Суретте: 1- ересек ұрғашылары; 2-қарақаттың зақымдалған бөлігі; 3- аналық; 4- жұмыртқа; 5- жарақаттанған жапырақ; 6- жапырақтағы жұмыртқалар.

Slide 8

Зиянды фазасы

Қарақаттың бүршік кенелері бүршік ішінде дамып, қыстайды да өз зиянын келтіреді. Бүршік кенесі бар қарақатты байқау қиын емес. Күзден бастап олар үлкейеді де домалақ пішінге келеді. Көктем кезінде ескі жараланған жерге екінші рет ұрпағын жібереді. Бүршікте қоретік зат қоры таусылған жағдайда, кенелердің жағадан пайда болып келе жатқан бүршіктерге ауысуы басталады. Осы кезде зақымданған бүршіктердің бөртуі енелердің шығуын жеңілдетеді. Кенелер ақ дақтар ретінде бүршіктің бетіне жиналады, олардың саны көзге анық түседі. Осылайша қарақатқа зиянын келтіреді.

Slide 9 Slide 10

Есептеу әдістері

Қарақаттың бүршік кенесін бақылаудың көктемгі, жазғы және күзгі тексеру әдістері бар. Көктемгі тексеріс- күзде кене санының көп белгіленген алқаптарында жүргізіледі. Топырақтың қарапайым тексеріс әдісі қолданылады(50х50 см, тереңдігі 15-20см) . Қуыршақтанудың мерзімі мен кененің ұшуын анықтау үшін көктемгі жырту кезінде қыстап шыққан 50шақты жұлдызқұртты жинап алады. Оларды қалыңдығы 5 см дымқыл топырағы бар жәшікке салады. Кенелердің алғаш пайда болғаннан бастап табиғатта ұшуын бақыланады. Ол үшін жарық шамды тұзақты пайдаланады.

Жазғы тексеріс. Қарақат ағаштарының 10пайыз ауданын қамтиды. Есеп 2 алқапта жүргізіледі. Есептеу кезінде топырақтың тереңдігі 5см болу керек. 1м2-ге жұлдызқұрт пен қуыршақтарының ортақ саны белгіленеді. 1М2 0, 2 жұлдызқұрттың топырқта орналасуы әлсіз, 0, 4-0, 6 - орташа, 0, 8 және одан кқп болса күшті деп саналады.

Slide 11

Қорытынды

Қортындылай келе, қарақаттың бүршік кенесі ауыл шаруашылық дақылдарына көп зиян келтіреді. Кенелерді есептеу әдістерінің көмегі арқылы және де күресу шараларын тиімді қолдана отырып жоя алатынымызды байқадық. Нақтылап айтқанда, күресу шараларын дұрыс қолдану, сапалы, таза өнім алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Агибаев А. Ж., Тулеева А. К., Сулейменова З. Ш “Ауыл шаруашылық дақылдарын зинкестер мен аурулардан қорғау ” Алматы, 2010

2. Сулейменова З. Ш “Методические указание по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней селскохозяйственных культур” Астана, 2004

3. Ә. Т. Тілменбаев, Г. Ә. Жармұхамедова “Энтомология


Ұқсас жұмыстар
Бүлдірген кенесінің биологиялық ерекшеліктері, таралуы және есептеу әдістері
Бидайдың жер көбелегі: биологиялық ерекшеліктері, таралуы және күресу шаралары
Астық қоңыздары: биологиялық ерекшеліктері, таралуы, зиянды фазасы, есептеу әдістемесі және күресу шаралары
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегінің биологиясы, қыстауы және күресу шаралары
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis): биологиялық сипаттамасы, таралуы және күресу шаралары
Далалық шырмауық (Convolvulus arvensis): таралуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы мен күресу шаралары
Жүгерінің толарсақ қаракүйесі (Ustilago zeae): сипаттамасы, таралуы, есептеу әдістемесі және күресу шаралары
Қияр пероноспорозы: биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, симптомдары мен күресу шаралары
Қазақстандағы азиялық және азиялық ұшпа шегірткелер: биологиясы, таралуы, есептеу әдістемелері және күресу шаралары
Кәдімгі қышабас (Barbarea vulgaris): морфологиялық және биологиялық сипаттамасы, таралуы мен күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz