Питомник. Питомниктің тыңайтқыштары



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨж Тақырыбы: Питомник. Питомниктің тыңайтқыштары. Орындаған:Рамазанов Каусар Тексерген:Джаманова. Г. И Семей 2015 жыл.

Питомник
Біздің республикамыздың орман қоры еліміздің ұлан-байтақ жерінің 4, 2 % құрағандықтан, ағаш көшеттерін отырғызу, орман қорын молайту өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі жағдайда сапалы көшет алу үшін, ағаш тұқымдарын питомниктерде дұрыс баптап өсірген жөн. Әр ағаш тұқымының ерекшеліктері мен өзіне тән қажетттіліктерін ескере отырып, питомниктерді жобалау мен тұрғызу қажет. Питомник жұмысы ілгері басу үшін оның жобасы дұрыс жасалуы керек. Жоба картографиялық, геологиялық, биологиялық жағдайларға сүйеніп жасалады.

Орман питомнигі - өзіндік мекеме немесе отырғызу материалдарын өсіруге арналған арнайы мамандандырылған жер учаскесі.

Тұқымбақтар мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді:
Тұқымбақтар мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді:
Орман тұқымбағы;
Жеміс-жидек тұқымбағы.
Көгалдандыру тұқымбағы;

Ал көлеміне қарай тұқымбақтар былай жіктеледі:
ұсақ, көлемі 5га дейін;
орташа, 5 га-дан 25га дейін;
ірі, 25 га-дан көп

Өмір сүру ұзақтылығына байланысты уақытша және тұрақты тұқымбақ болып бөлінеді. 1. Уақытша орман тұқымбағы ( 5 жылға дейін) - отырғызу материалын бір рет өсіру үшін арналған. Уақытша орман тұқымбағы әдетте орман шаруашылығында, кейде кәсіпшілігінде құрылады және оларды қолдануда механизмдерді тысқары пайдалану, жолдардың, техниканың, мамандардың болмау жағдайына байланысты өсіру ережесін бұлжытпай орындау қажет. Алғашқы жылдары орман топырақтарына отырғызу материалдарын өсіру кезінде екпелерді өсіруде арамшөптер болмайды 2. Тұрақты орман тұқымбағы (2-5 ж, кейде 10 жылға дейін өсіреді) - жеке шаруашылықтық барлық жағынан қолайлы жерде құрылады, жер көлемі уақытша орман тұқымбағынан артық болады, ұзақ уақыт бойы пайдаланылады. Тұрақты орман тұқымбағының тұқым егетін бөлімі негізгі бөлім болып табылады. Мұнда арнайы мамандар жұмыс істейді. Мамандандырылған техникалар, механикаландырылған және автоматтандырылған құрылғылар да бар деуге болады.

Тұқымбақ төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Екпе бөлімі. Екпе тұқымдарын көшеттерді өсіру жолымен өсіру үшін біржылдық, екіжылдық, үшжылдық өсімдіктерді бір жерден екінші
жерге ауыстырып отырғызу үшін арналады;
Мектеп бөлімі - екпе ағаштарды өсіру үшін арналған бөлім. Көшет- сиретілген екпелерді бір жерден екінші жерге отырғызып өсіретін, жас ағаш және бұталы өсімдік;
Қалемшелі көшеттер бөлімі - қысқы қалемшелерден алынған көшеттер өсіру үшін арналады. Вегетативті көбеюде қолданылатын тамырдың кесіндісі;
Жасыл қалемшелер бөлімі. Жасыл қалемше - вегетациялық өсімдіктер кезінде дайындалған жазғы мерзімде жапырақтың қурап қалуы;
Аналық бөлім, вегетативтік жолмен көбею мақсатында материалдарды алу үшін қолданылады;
Теплица - жер учаскесін қабыршақпен қаптап, отырғызу материалын жылдам өсіру үшін арналған бөлім;
Шаруашылық учаске, қазылған учаске және қордашық. Отырғызу материалдарын өсіру технологиясында шаруашылық бөлімдерінің жиынтығы, тұқымбақтарды белгілеу мақсатында анықталады.

Жоспарлы - картографиялық материалдар питомник аумағын ұйымдастыру жоспарымен, питомниктің ашып көрсетілген сызбасымен және суару жүйесінің жұмыс сызбаларымен беріледі.

Жапырақты орман тұқымдарын өсіретін питомниктердегі екпелер мен көшеттерді күтуді жоспарлау.
Екпелерді отырғызғаннан кейін оларды қазып алуына дейін күтім жүргізіледі. Суару жұмыстары топырақтың 60-80% ылғалдылығын қамтамасыз етуі қажет, оның кеміп кетуіне жол бермеу керек. Тұқым орналасқан жерден есептей келе 2-3 см тереңдікте ғана суғарылады. Сондай-ақ - ақ қайың үшін 2-3 см, ұсақ тұқымды (қарағай, шырша, қарақат) үшін 4-5 см, орташа тұқымдар үшін (самырсын, жиде, үйеңкі, өрік) 7-10 см, кесек тұқымдар үшін емен, қызыл жаңғақ 10-12 см.

Әсіресе аталып өткен ылғалдылық алғашқы көшеттердің жер бетіне шыққанға дейін мына ағаштарға өте қажет: терек, ақ қайың, шырша әсіресе шренка шыршасы, қарағай, балқарағай, ақмамық, жөке ағашы, шабақ. Үйеңкі, тал, қайыңдарды үнемі, яғни күнделікті суару керек. Шренка шыршасын - күн ара суару керек. Қарағай, балқарағай, ақмамық, жөке ағашын - 3-4 күнде суару қажет.

Өскен екпелерді күту.
Көшеттер өскен соң бұның жұмыстары басталады. Бүкіл процесс 2 кезеңге бөлінеді: бірінші - екпелер өскеннен бастап, көшеттердің көбеюіне және тұқымдардың қабықшалары түскенге дейін болады, екінші - жаздың қалған жартысында.
Бірінші жарты жылдықта жас өсімдіктер нәзік және топырақтың құнарлығы өте қатаң қадағалануы керек. Бұрынғы кезде көшеттерді күн сәулесінен қорғау үшін әр түрлі материалдар қолданылады; жапырақты бұтақтар, қылқан жапырақ, қаңылтырдың көлемі 1×1 немесе 1×2 м. Бірақ та бүкіл Қазақстанның пайдаланғандары тұрақты болды. Қазіргі кезде мықты ағаштан жасалған қалқандар қолданылады.

Көлеңке
Көлеңкені үшке бөлуге болады: ылдилық - бұрышы 45°, вертикальдық және горизонтальды. Бірінші жағдайда қалқандардың көлемі 1×2 м; шетіндегі діңгектік рама шарбақтан 10см ұзын болуы керек (110см), өйткені қалқанды құрған кезде оның асты мен үстінің арасына күннің сәулесі кішкене түсуі керек. Мұндай жағдайды көп жерде қолданады, бірақ бұның бір жетіспеушілігі бар: ылғи да культиваторлау кезінде көлеңке түсетін полкаларды шешіп, қайтадан құру қажет.

Жапырақты орман тұқымдарын өсіруге арналған тыңайтқыштар және оларды қолдану жүйесі
Тыңайтқыштар деп құрамында мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар минералды, органикалық және биологиялық заттарды айтады. Оларды минералды, органикалық және бактнриялы деп бөледі.

Минералды тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар минералдық тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал кәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тыңайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген. Барлық минералды тыңайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қооректену жағдайын жақсартады.

Азотты тыңайтқыштар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz