Аналық жыныс мүшелері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті БӨЖ Тақырыбы: Аналық жыныс мүшелері. Орындаған: Иманақышева Ж. М. Балғанбай Ж. С. Тексерген: Сатиева К. Р. Семей қаласы 2015 жыл

Slide 2

Аналық жыныс мүшелері

Slide 3

Аналық жыныс мүшелері

Сыртқы

Ішкі

Екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап

жатады.

Үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады.

Slide 4

1 - оң бүйрек; 2 - сол бүйрек; 3 - оң несеп ағар; 4 - жатыр түбі; 5 - жатыр денесі; 6 -жатыр түтігінің ампуласы ; 7 -жатыр түтігінің шашағы; 8 - аналық жыныс безі; 9 - аналық жыныс безінің шажырқайы; 10 - жатыр денесі; 11 - жатырдың домалақ байламы; 12 - жатырдың мойыны; 13 - жатыр мойын каналы; 14 - несеп қуығы; 15 - қынап; 16 - клитор аяқшасы; 17 - несеп шығарушы түтіктің сыртқы тесігі; 18 - кіре беріс; 19 - қынап тесігі; 20 - кіре берістің үлкен безі

Әйел адамның жыныс мүшелері

Slide 5

Жатыр - қуықтың артына таман жамбас шоңкимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше. Нәресте туғанға дейін ұрық жатырда дамиды. Жатырдың кабырғалары негізінен қалың бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Оның ішкі жағын ұсақ қантамырлармен торлаған сілемейлі қабыкша астарлайды. Жатырдың төменгі жағында сыртқа ашылатын бұлшыкетті түтікше - қынап болады. Жатырда дамып жетілген нәресте әйелдер босанатын кезде қынап арқылы сыртқа шығады. Жатырдың қынапқа дейінгі аралығын жатыр мойны дейді. Жатыр мойнын сақина тәрізді бұлшықеттер орап тұрады. Қынап сперматозоидты қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшыкетті мүше. Қынаптың аузы тері қатпарларынан тұратын жыныс жапсарларының аралығында болады. Жыныстық қатынас жасамаған қыздар қынабының аузы дәнекер ұлпасынан түзілген қызпердемен (қыздық) жартылай жабулы тұрады. Зәр шығарылатын тесік қынап аузымен қатар оның алдыңғы жағында орналасады. Аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін дәрігерді гинеколог (гр. gynaikos - әйел) дейді

Slide 6

Жатыр (матка) - алмұрт тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген қуысты мүше. Жатыр кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішек аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жатырға жатыр түтігі арқылы енгеннен бастап босанғанға дейін өсіп дамиды. Жатырдың жоғарғы түп бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Оның үшбұрышты пішінде келген денесі төмен қарай сүйірленіп мойнына көшеді. Сол себептен, жатыр мойны жіңішкеріп келген жатыр денесінің жалғасы болып саналады. Жатыр мойнының төменгі қынап ішіне түсе жатқан бөлігін қынап бөлігі деп атайды. Жатыр қуысы фронтальды жағдайда жатқан үш бұрышты саңылау тәрізді. Жоғарғы жағынан бұл қуыстыққа екі жатыр түтікшелері ашылса, төменгі жағында жатыр мойнының каналына жалғасады. Жатыр ішін астарлаған кілегейлі қабықша жазық келеді, ал мойын бөлігі керісінше қыртысты келеді.

Жатыр қабырғасы негізінде үш қабаттан түзілген. Сыртқы периметриум жатырдың сыртын айнала жауып жатқан сір қабаты болып саналады. Периметриум қабаты қорғаныспен қатар жатырды жамбас қабырғасымен байланыстырып қимылды бекемдеп отырады.

Slide 7

Ортаңғы қабат - миометриум өте қалың жетілген жатырдың ет қабаты. Әр түрлі бағытта жатқан бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген, миометриум бөлігі қан тамырлы келеді.

Ішкі қабат -эндометриум жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабаты. Бұл жай түтікше бездерге бай келген әрі беті кірпікшеэпителиймен жабылған. Жатырдың мойын бөлігінде түтікше бездерден басқа кілегейлі бездер де бар. Олар қою кілегей шығарып мойын бөлігінде кілегей тығынын түзіп, жатыр ішіне микробтар мен вирустар өтуінен қорғап тұрады. Екіқабат болған әйел адамда жатырдың салмағы да, пішіні де өзгереді. Босанар кезде жатыр салмағы 2 кг-ға дейін барады, жалпы сыйымдылығы 60 есе ұлғаяды. Босанғаннан кейін жатырдың көлемі жинақталып бұрынғы қалпына жақындайды. Жатыр көлемі қартайған сайын тығыздалып кішірейе бастайды.

Slide 8

1 - жатыр түтігі; 2 - жатыр түтігінің шашағы; 3 - аналық жыныс безі; 4 - жатырдың денесі; 5 - жатыр қуысы; 6 - жатыр мойыны; 7 - жатыр тесігі; 8 - несеп қуығы; 9 - қынап; 10 - тік ішек; 11 - несеп-зәр шығару түтігі; 12 - клитор; 13 - қынап кіре берісі; 14 - кіші жыныс еріндері; 15 - үлкен жыныс еріндері

Әйел адамның жыныс мүшелері (алдынан көрініс)

Slide 9

Аналық жыныс безі (ovarium) - жұп без, жамбастың кіші астауында жатырдың екі бүйірінде орналасқан. Екі бүйірі қысыңқы, сопақша, салмағы 5-7г., оның екі беті, жоғарғы түтік, төменгі жатыр ұшы, артқы еркін, алдыңғы шарбы шеті бар.

Аналық жыныс безінің түтік ұшына жатыр түтігінің бір шашағы келіп бірігеді, жатырмен оның меншікті байламы арқылы шектеседі. Аналық жыныс безінде жыныс жасушасы өсіп дамиды, жетіледі, гормон пайда болады.

Аналық жыныс безі екі қабаттан тұрады:

-Ішкі милы қабаты қан тамырлары мен жүйкеге бай.

-Сыртқы қыртысты қабаты фолликулалары бар дәнекер ұлпадан тұрады.

Жаңа туған сәби қыздың аналық жыныс безінде бірнеше он мыңдаған жетілмеген фолликулалар болады. Кәмелетке жеткен бойжеткеннің аналық жыныс безінде жетілмеген фолликулалармен бірге жетілген фолликулалар болады.

Жетілген фолликулалар немесе графф көпіршігі лимфа мен қан тамырларына бай. Пісіп жетілген графф көпіршігінің іші көпіршік сұйықтығына толы, оның ішінде дәнешелі жасушалармен қоршалған жұмыртқа төмпешігі бар. Әрбір 28-30 күнде жетілген графф көпіршігі жарылып, жұмыртқа жасуша іш қуысына түседі. Оны «овуляция» деп атайды.

Slide 10

1 - жатыр түбі; 2 - жатыр түтігінің құйғыш бөлігі; 3 - аналық жыныс меншікті байламалары; 4 - аналық жыныс безінің шажырақайы; 5 - жатыр түтігінің ампуласы; 6 - жатыр түтігінің шашақтары; 7 - жатыр түтігінің кенейген ұшы; 8 - жатыр денесі; 9 - аналық жыныс безі; 10 - аналық жыныс байламасы; 11 - жатыр мойыны; 12 - жатырдың домалақ байламасы; 13 - жатырдың жалпақ байламасы; 14 - қынап:

Аналық жыныс безі, жатыр түтігі және жатыр

Slide 11

Жатыр түтігі (Фаллопиев түтігі) - жатырдың екі жағынан басталып көлденең созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Осы құйғыш тәрізденген аузы жалбыршақтанып фолликуладан бөлініп шыққан жұмыртқа клеткасын өзінің кірпікше эпителийлерінің толқынды қимылы аркылы жатыр ішіне тартады.

Жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см, ені 0, 5 см, сырты сір қабықшамен толығынан оралған. Жатыр түтігінің қабырғасы ішкі органдар тәрізді үш қабаттан түзілген. Олардың сыртқы қабаты жатырдың жалпақ шандыр байламына жалғаса жатады. Ортаңғы ет қабаты ет талшықтарынан түзілген. Ішкі қабаты кірпікше эпителиймен жабылған кілегейлі қабаттан тұрады. Жатыр түтігіне енген жұмыртқа (аналық) клеткасы ет талшықтарының жиырылуымен және кірпікше эпителийдің толқынды қимылымен жатыр ішіне қарай жылжиды. Ұрықтану (аталық клеткасымен кездесу) процесі тек қана осы жатыр түтігінде өтеді. Жатыр түтігі жалпы жатырға келетін қан тамырлары және нерв талшықтарымен жабдықталған.

Slide 12

1 - жатырдың сыртқы қабаты

(периметрий) ; 2 - жатыр түбі; 3 - жатыр қуысы; 4 - жатыр денесі; 5 - жатыр түтігінің қатпарлары; 6 - жатыр түтік құйғышы; 7 - жатыр түтігінің шашағы; 8 - жатырдың ішкі шырышты қабаты

(эндометрий) ;

9 - аналық жыныс безінің жоғарғы жағы; 10 - аналық жыныс без фолликулалары; 11 - аналық жыныса безінің сары денесі; 12 - жатырдың бұлшық ет қабаты

(миометрий) ; 13 - жатыр мойыны; 14 - жатыр мойынының қатпарлары; 15 - жатыр тесігі; 16 - жатырдың қынап тесігі

Аналық жыныс безі, жатыр түтігі және жатыр

(арттан көрініс)

Slide 13

Қынап (влагалище) - алдынан артына қарай қысыңқы келген, ұзындығы 9-10 см саңылау қуыстық. Оның жоғарғы жағы жатыр мойнымен, төменгі жағы сыртқы жыныс мүшелерімен шектес келген. Қынаптың сыртқа ашылар тесігін кіреберіс деп атайды. Оның жоғарғы жағы жатыр мойнынан айнала қалталана жатады. Оларды қынаптың алдыңғы (тайыз) және артқы (терең) күмбездері дейді. Қынап түбі төменгі бөлігіне қарағанда кеңдеу келеді. Оның алдыңғы жағында қуықтан бөліп тұратын май тканьдері бар.

Қынап қабырғасы ішкі - кілегейлі, ортаңғы - бірыңғай салалы ет тканінен, сыртқы - дәнекер тканьді қабаттардан түзілген.

Ішкі кілегейлі қабаты өте қалың, көптеген көлденең қыртыстар жасап жатады. Ортаңғы ет қабаты әр түрлі бағытта жатқан ет талшықтарынан түзілген. Олардың ішкі жағында сақиналы талшықтар, сырт жағында ұзына бой талшықтар жатқанын байқауға болады. Қынаптың кілегейлі қабатында бездері болмайды, тек әр жерінде лимфатикалық түйіндер кездеседі. Қілегейлі қабықшаның беті көп қабатты қан тамырлары жақсы жетілген қызғылт эпителийменжабылған.


Ұқсас жұмыстар
Жыныс мүшелері
Аналық без
Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Аналық жыныс жүйесі мүшелерінің гистологиясы
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Құстардың көбею мүшелерінің ерекшеліктері
Аңдардың жыныс мүшелері
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Стероидты гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым -қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz