Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №3
Орындаған: Хаметова. М. Ж
Е – 415 топ
Тексерген: Габдуллина. Л. Б.
Жоспар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
2. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
3. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
4. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсім
1.Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
2013 жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, атап айтқанда
ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі – 6 пайыз, 2014 жылы – 6,1 пайыз, 2015
жылы – 7,6 пайыз, ал инфляция деңгейі осы жылдары 6,0 – 8,0 пайыз
шеңберінде болады деп жоспарлануда.
2013 жылғы республикалық бюжеттің шығыны 6,2 триллион теңге болып
бекітілсе, соның 2,4 триллион теңгесі немесе 39,4 пайызы әлеуметтік сала ға
бағытталған. Бұл 2012 жылғы нақтыланған бюджетпен салыстыр ғанда 244
миллиард теңге немесе 2,8 пайызға көп. Атап айтқанда, 2013 жылы білім беру
саласына 470,0 миллиард теңге немесе өткен жылмен салыстыр ғанда – 7,6
пайыз, денсаулық сақтауға – 524,0 миллиард теңге немесе 8,5 пайыз, әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке – 1 360,2 миллиард те ңге немесе 21,9
пайыз артық жоспарланып отыр. Сондықтан, 2013 жылға арналған
республикалық бюджетті шын мәнінде әлеуметтік бюджет деп айтуға болады.
2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген
елімізде жұмыссыздықты жою, тұрғындарды қол жетімді баспанамен
қамтамасыз ету және шағын қалаларды дамыту мәселелерін де толы қ қамтып
отыр.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясындағы іс – шараларды
қаржыландыруға 2013 – 2015 жылдарға жалпы сомасы 212,4 миллиард те ңге шы ғыстар
қарастырылса, оның 94,3 миллиард теңгесі 2013 жылды ң еншісінде. Б ұл қаржылар өз
бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды ж әне табысы т өмен адамдарды
оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамыту ға несие
беруге, ауылдық елді мекендерді дамыту ға (оны ң ішінде, ауылды қ елді мекендерде
орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік – акушерлік пункттерді салу ға)
бағытталатын болады. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын орындауға 2013 жылы
157,2 миллиард теңге қаржы жоспарланды. Оның ішінде т ұрғын үй жобалау ға, салу ға
және (немесе) сатып алу ға 34,6 миллиард те ңге қарастырыл ған. Осы шы ғыстар атал ған
бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтар ж үйесі ар қылы облысты қ
бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларыны ң бюджеттеріне т ұр ғын үй жобалау ға,
салуға және (немесе) сатып алу ға несие беруге ба ғытталады. Сонымен қатар,
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салу ға және сатып алу ға 2013 жылы 27,5 миллиард
теңге, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдарда кезекте т ұрушылар үшін 17,5
миллиард теңге, жас отбасылар үшін 10,0 миллиард те ңге қаржы ба ғытталды.
«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы»
шеңберінде ағымдағы іс – шараларды жүзеге асыру ға 2013 жылы 34,0 миллиард те ңге
сомасында шығындар қарастырылды, бұл қаржылар ша ғын қалаларды ң инженерлік
инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікке үйретуге, оларға несие беруге, жа ңа
өндірістерді дамытуға гранттар беруге, жалға берілетін т үр ғын үй құрылысын салу ға
жұмсалады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерге инженерлік
инфрақұрылымын дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 2013
жылға – 12,9 миллиард теңге, өңірлерді экономикалық дамытуға ж әрдемдесу
жөніндегі шараларды іске асыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттері
2013 жылға 6,0 миллиард теңге қарастырылған. Осы шы ғыстар к өшелерді
жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үйлер қорын сақтау және қоқыстар
шығару, жылу жүйесін жөндеу, ауладағы балалардың ойын алаңдарын орнатуға
бағытталады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке
кәсіпкерлікті қолдауға 37,2 миллиард теңге жіберу жоспарланды. Осы шығыстар
шеңберінде банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені
субсидиялау, ішінара кепілдік беру арқылы сыртқы рыноктарға өнім
экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдау, бизнесті сервистік қолдау бағыттары
бойынша өңір өзгешелігін есепке ала отырып, экономиканың басымды
секторларында жобаларын жүзеге асырушы немесе жүзеге асыруға жоспарла ған
кәсіпкерлерге көмек көрсету қарастырылған.
«Ақ бұлақ» бағдарламасын орындауға республикалық бюджеттен 101
миллиард теңге бөлініп, оның 34 миллиард теңгесі ауылдық елді мекендерді, ал
41 миллиард теңгесі қалаларды сумен жабдықтауға жұмсалады.
Ендігі міндет – осы қабылданған республикалық бюджетті іске асыру ға қажетті
нормативтік актілерді уақтылы және сапалы қабылдап, бюджеттің тиімді
орындалуын қамтамасыз ету. Өйткені, бюджетті жоспарлау және оның атқарылу
үдерісін жетілдіруде әлі де болса шешімін табуды керек ететін мәселелер жеткілікті.
Мәселен, жуырда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Бұл заң бойынша жаңа бюджет ережесі белгіленіп, бюджетті жоспарлау үдерісіне
«шартты қаржыландыру» ұғымы енгізілді. Шартты қаржыландырылатын
шығыстарға стратегиялық немесе әлеуметтік маңызы бар шығыстар жатқызылатын
болады. Ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында
елімізде жұмыссыздықты жою, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету
және шағын қалаларды дамыту алдымыздағы тұрған ең өзекті міндеттер болып
айқындалып, осы мәселелерді шешу үшін Үкіметке нақты тапсырмалар берілген
болатын. Бұл бағытта, жоғарыда айтып кеткенімдей, Үкімет тарапынан бірқатар
ауқымды жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, 2013-2015 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы заң жобасында осы басым бағыттарға бөлінген
қаражаттың едәуір бөлігін шартты түрде қаржыландыру көзделген. Мәселен,
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бөлінген қаржының 40 пайызы (20
миллиард теңге), шағын қалаларды дамытуға бөлінген қаржының 58 пайызы (14
миллиард теңге), қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша 50 пайызы (52
миллиард теңге) шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар деп көрсетілген.
2. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық
саясаты
Инвестициялар деп – өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл
шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық
субъектісіне мүліктей, заттай сондай – ақ ақша қаражаты түрінде, яғни
капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп
дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы ке келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде
немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл
жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар
инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын
қалыптастырудың, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі
белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер,
жабдық , құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар
болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды
қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып
алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз – Қазақстан Республикасында
инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды
ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс
істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына
дербес екі топқа бөлінеді:
-жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық
қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр
түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал
жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдалануды ң, оларды
шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе –
теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық
шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат д ұрыс шешілсе,
әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі,
өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін,
өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында д ұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде к үрделі қаржыны
жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық
жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі
өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялы қ
саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз – капиталды экспорттаушының
қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады.
Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар
дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Капитал дегеніміз – тауар
өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады.
Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс
құрал – жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала
бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс
күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем
елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға
сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы к үшіні ң
болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
3. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы
саясаты Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму
үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері
айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын
жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы
есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып
кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі
теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің
экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға
саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты
факторлар жатады.
Инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану
қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін арты қ болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздарды ң өсуі, я ғни мемлекетті ң қыс қа
және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылы ғын жабу
нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады; несиелік экспанциялау, я ғни елді ң
орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер к өлеміні ң
ұлғаюын сипаттайды; импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу
барысында тауар айналымына қажеттілікті ң үстіне ұлтты қ валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация ж ұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай
факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірісті ң құлдырауы; к өрсетілетін қызметті ң
маңызының артуы; бір өнім бірлігіне жұмсалатын шы ғынны ң өсуіні ң жеделдетілуі,
әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынны ң нары қты қ құны артады. Екінші
жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты
ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оны ң еркін өсуі
байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында ба ға ға мемлекет қатан
бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлы қ ғаламды қ
экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%- ға өседі;
орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, м ұндай
баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалды қтырады;
ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін ж әне одан жо ғары
қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп со ғады.
Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Сұраныс инфляциясын жою мемлекеттің фискалық және ақша – несие
саясатының салыстырмалы макроэкономикалық әдістері ар қылы ж үзеге
асырылады. Инфляция жағдайында мемлекеттің атқаратын шараларыны ң екі
жағы бар: 1)Бейімделу (адаптациялық) саясаттың жүргізілуі немесе инфляция ға
бейімделу. Бұл жағдайда табыстардың, еңбекақыны, пайыз м өлшерлемелері
және инвестицияның индекстеу бойынша шаралар жүзеге асырылады; фирмалар
қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырып, жеке тұлғалар кірістердің қосал қы
көздерін анықтайды. 2)Инфляцияны төмендету бойынша инфляцияға қарсы
шараларды ұйымдастыру.
Инфляцияға қарсы саясат ақша ұсынымын төмендету бойынша бірнеше
әдістерді жүзеге асырады:
- Орталық Банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыста ғы
ақша массасының ауқымын азайту
- Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жеткізу
мүмкіндіктерін азайту мақсатында орталықтандырылған несие қайта
қаржыландрудың есептік мөлшерлемесін азайту
-Несие мултипликаторын қысқарту және коммерциялық банктердің несие
экпансиясын шектеу үшін Орталық банктің резервтік талаптарын арттыру
- Сондай мақсаттарда орталқ банктің несиелерін тікелей қысқарту
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат – мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын төмендету негізінде салықтарды көбейту, мемлекеттің
шығыстарын қысқартуды жүзеге асырады. Инфляция жағдайында
салық саясаты екі өзара байланысты міндеттерді шешуі тиіс:
- Мемлекеттік бюджеттің теңестірілуіне қол жеткізу ж әне
тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру қажет
- Екіншіден экономиканың бастапқы буындарына өндіріс пен айырбас
аясында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет. Инфляция ға
қарсы салықтық саясат жанама салық салуды қысқартуға
бағытталады. Жанама салықтарға инфляциялық сипаты басым,
өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Сонымен қатар
салықтардың жоғары деңгейде болуы өндіріске кері әсер етіп,
ұсынымды шектейді.
- Үшіншіден, салық ауырпалығының көп болуы салы қ ж үйесін
күрделендіретін көптеген салықтардың іс – әрекетін туындатады
және мұның өзі салықтан жалтауға әкеліп соғады. Осы ған с әйкес
инфляция жағдайында қарапайым және тұрақты салық саясатын
жүзеге асыру қажет.
4. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсім
Қазақстанның макроэкономикалық дамуының болжамдары к өп жерде дүниеж үзілік
нарықтардағы жағдайдың ықпалы астында жатыр. Бүгінгі к үні елді ң экономикалы қ
көрінісі – бұл бір жағынан, дүниежүзілік экономикада ғы ғаламды қ процестерді к өрсету,
екінші жағынан – негізгі қаржылық – экономикалы қ ша қырулар ға қарсы т ұру мен
экономикалық тұрақтылықты тұрақты сақтап қалудың бірегей үлгісі.
Ең алдымен, Республикадан тыс болып жатқан жа ғдайлар ға б ұрылу керек. Дамып
келе жатқан экономикасы бар елдер экономикалық өсімнің қарқындарыны ң баяулауын
көрсетеді. Бұл фактор, жалпы дүниежүзілік экономиканы ң перспективаларында теріс
көрініс табуға қабілетті.
«Қазақстанның экономикасы соңғы жылдар кезеңі ағымында ТМД елдеріне
қатысты ғана емес, сонымен бірге әлемні ң ірі экономикаларымен мемлекеттермен
салыстырғанда өсімнің өте жоғары динамикасын көрсетті. Қаза қстанны ң ІЖ Ө қар қыны
дамыған елдерге қарағанда жоғары тұр, Қытай мен Үндістан сия қты д үниеж үзіндегі
экономикалық өсімнің көшбасшыларына ғана жол береді. МВФ болжамдарына с әйкес
2012 және 2013 жылдары Қазақстанның ІЖӨ өсу қарқыны 6 пайыздық деңгейде,
Үндістан – 6,9, Қытай – 8,2 - WOC (World Organization of Creditors) – Халы қаралы қ
Кредиторлар ұйымының сарапшылары сеніммен айтып отыр. Шынында да, жылды ң
басынан бастап, қазақстандық ІЖӨ өсімінің қарқыны беталыс алып келеді. Ж әне б ұл
көрсеткіш жылдың аяғында 6 пайыздық белгіге жақындауы м үмкін. Осылайша ТМД
кеңістігінде ең үздік көрсеткіштердің бірін белгіледі.
«ҚР статистика жөніндегі агенттіктің бағасына сәйкес, ІЖӨ өсімі ағымдағы
жылдың бірінші жарты жылдығы үшін жылдық есептеумен 5,1 пайызды құрады,
бірінші тоқсанда 4,7 пайызбен өскен. Өсімі күшті ішкі сұраныспен сақталып отыр,
жекелей алғанда тұтынушы шығындары. Сондай – ақ, экспортты бағдарлы салаларда
тіршілік байқалады» - деп көрсетті. Экономисттер назар аударатын тағы бір маңызды
көрсеткіштердің бірі – инвестициялардың негізгі капиталға өсуі. Биылғы жыл
бойынша деректер 7,3 пайызға сенімді өсімді көрсетіп отыр (өткен жылдың қа ңтар –
тамызына). Сонымен бірге, сарапшылар өсімнің негізін өнеркәсіпке инвестициялар
құрайтынын атап көрсетеді, олар өткен жылдардағы ұзақ уақыт бойы төмендеген
болатын. «Біз экономикалық өсімнің көздерін диверсификациялау туралы
ойлануымыз керек. Тек экспортты бағытталған секторларға сүйену осындай
белгісіздік уақыттарында ерекше қауіпсіз емес болады. Дағдарысқа қарсы жоспарға
сәйкес экономикалық өсім негізінен ішкі сұранысқа сүйенетін болады, оны ң басты
драйвері жеке меншік және мемлекеттік қаражаттың есебінен индустриалды және
инфрақұрылымды жобаларына инвестициялар болады». Егер, 2013 жылдағы
болжамдарға қарайтын болсақ, алдында сарапшылар айтқандай, Қазақстанда да,
әлемде де, негізгі трендтер дұрыс көрсетілген. Шынында да, Еуроаймақтағы жа ғдай
дамып келе жатқан және транзитті елдердің экономикалық өсіміне, дамуына теріс
әсерін көрсетеді. Алайда, қаржылық реттеуіштердің әрекеттері монетарлы және
фискальды саясаттың құралдары есебінен бұл ықпалды деңгейлестіруге м үмкіндік
беретін болады.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президентінің 19.03.10ж. № 958 Жарлығымен бекітілген ҚР
үдемелі индустриялық – инновациялық дамуының 2010 – 2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010ж.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы «Әлеуметтік
– экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
//Жетісу, 2012.
3. Баймұратов Ө. Инвестициялар мен инновациялар: сызықсыз синтез. 3 –
том. Таңдамалы ғылыми еңбектер, Алматы: БИС, 2005.
4. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі, 2006 - №1.
5. Қазақстанның экономикасын реформалау. — М.Б. Кенжеғозинның
редакциялығымен Алматы, 1997.

Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
Aziza SYZDYKOVA атқаратын рөлі
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Қазақстан Республикасындағы экономика
ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Пәндер