СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді топтау, жинақтау


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді

топтау, жинақтау

Орындаған: Жұмаділова П. Н.

Тобы: ЭН-401

Тексерген: Серекбаева Б. С.

Slide 2

Жоспар

1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы түсінік

2. Статистикалық топтау түрлері

3. Статистикалық топтаулар мен жіктемелерді құру қағидалары

4. Таратпалы қатарлар

5. Статистикалық кестелер

Slide 3

1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы түсінік

Зерттелетін құбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде өңдеп, бір жүйеге келтіруді жинактау деп атайды.

Slide 4

Мәліметтерді жинақтау жұмыстары 3 кезеңнен тұрады:

мәліметтерді алдын ала тексеру;

мәліметтерді берілген белгілер бойынша топтау;

жинақтау нәтижесін статистикалық кесте түрінде рәсімдеу.

Slide 5

Статистикалық жинақтаудың екі түрі бар:

Жай жинақтау

қолданғанда алынған мәліметтерді топтарға бөлмейді

Күрделі жинақтау

статистикалық топтастыру қолданылған жинақтауды айтамыз

Slide 6

2. Статистикалық топтау түрлері

Бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты біртекті топтарға біріктіруді топтау дейді.

Мәліметтерді топтаудағы негізгі мақсат-алғашқы статистикалық материалды ретке келтіру, оны вариациялық белгілер бойынша топтарға бөлу.

Slide 7

Топтаудың әр алуан міндеттерінің ішінен мынадай 3 міндетті атап көрсетеді:

жалпы жиынтықты сапалық жағынан біртекті топтарға немесе әлеуметтік-экономикалық типтерге бөлу;

жиынтықтың құрамын әр түрлі белгілер бойынша зерттеу;

құбылыстар немесе вариациялық белгілер арасындағы байланысты анықтау.

Slide 8

Бұл міндеттер типологиялық, құрылымдық, талдамалық (аналитикалық) топтаулар арқылы жүзеге асырылады.

Типологиялық топтау экономикалық, әлеуметтік зертеулерде көп қолданылады. Егер топтау сапалық белгі бойынша жүргізілсе, онда топ саны және олардың аты топтау белгісі бойынша анықталады.

Типологиялық топтау мынадай реттілікпен іске асырылады:

1) топтаудың негізгі белгілері анықталады;

2) топтау белгілері бойынша топтарды анықтайды;

3) берілген мәліметтерді белгіленген топтарға бөледі.

Slide 9

Құрылымдық топтау өзгермелі белгілер бойынша зертелетін жиынтықтың құрылымын анықтау үшін қолданылады.

Құрылымдық топтауды жүргізудің реттілігі төмендегідей болады:

топтаудың негізгі белгілері анықталады;

топтау белгілері бойынша интервалды анықтайды;

берілген мәліметтерді топтарға бөледі.

Slide 10

Аналитикалық топтау зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Аналитикалық топтауды жүргізудің реттілігі төмендегідей болады:

факторлық белгілер бойынша топтар құрылады;

әр топты сипаттайтын факторлық, нәтижелік белгілердің орташа шамалары есептелінеді;

факторлық және нәтижелік белгілер арасындағы байланыс анықталады.

Slide 11

Мәліметтерді топтастыру үшін қандай ақпарат қолданылғанына байланысты топтау 2-ге бөлінеді:

Алғашқы топтау

статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған ақпарат негізінде жүргізіледі

Қайта топтау

белгілі топтарды жаңа топтарға топтау

Slide 12

3. Статистикалық топтаулар мен жіктемелерді құру қағидалары

Топтау сандық белгі бойынша жүргізілгенде топтау интервалы ұғымы қолданылады.

Интервал деп белгінің әр топтағы жоғарғы және төменгі мәндерінің айырмасын айтады.

Интервалдар ашық және тұйық түрде болады. Тұйық интервалдарда интервалдың төменгі шегі де, жоғарғы шегі де көрсетіледі. Ал ашық интервалдарда интервалдың не төменгі, не жоғарғы шегі көрсетіледі.

Slide 13

Статистикада жіктеме деп құбылыстар мен объектілерді олардың ұқсастықтарына, айырмашылықтарына байланысты белгілі бір топтарға, кластарға, разрядтарға жүйелеп бөлуді айтады.

Жіктемелердің айрықша белгілері ретінде төмендегі ерекшелерді көрсетуге болады:

қағида бойынша жіктеме негізі болып сапалық белгі алынады;

жіктемелер стандартты болады, оларды халықарлық және мемлекеттік статистикалық органдар белгілейді;

жіктемелер ұзақ уақыт өзгермейтіндіктен тұрақты деп саналады.

Slide 14

4. Таратпалы қатарлар

Таратпалы қатарлар деп зерттелетін жиынтық бірліктерінің топтау белгісі бойынша реттеліп, топтарға бөлінуін айтады.

Егер таратпалы қатарлар сапалық белгі бойынша құрылса, ондай қатарларды атрибутты таратпалы қатарлар деп атайды.

Slide 15

Сандық белгілер бойынша құрылған таратпалы қатарлар вариациялық қатарлар деп аталады.

Вариациялық қатарлардың мынадай екі түрі болады:

Үздікті(дискретті)

вариациялық қатарларда топтастыру белгісі тек бүтін сан болады.

Үздіксіз (интервалды) вариациялық қатарларда топтастыру белгісі кез келген мәнді қабылдайды және оның мәні интервал түрінде беріледі.

Slide 16

Кез келген вариациялық қатардың екі элементі болады:

Қатар вариантты

Варианттың жиілігі

Slide 17

Вариант деп вариациялық

белгінің таратпалы қатардағы

жек мәнін айтады.

Ал жиілік әр варианттың

неше рет қайталанғанын

көрсетеді.

Slide 18

5. Статистикалық кестелер

Кез келген сөйлем сияқты статистикалық кестенің бастауышы, баяндауышы болады. Зерттелетін объект кестенің бастауышы, ал осы объектіні сипаттайтын көрсеткіштер кестенің баяндауышы болады.

Бастауыштың құрылымына байланысты статистикалық кестелер 3 түрге бөлінеді:

Жай кесте

2. Топтастырылған кесте

3. Құрама кесте

Slide 19

Егер кестенің бастауышында топтастыру болмаса, ондай кестені жай кесте дейді.

Жай кестелер тізімдік, хронологиялық, аумақтық болып бөлінеді.

Тізімдік жай кестеде объект бірлігінің тізімі көрсетіледі.

Егер жай кестеде көрсеткіштердің әр кезеңдегі мәндері берілсе, ондай кестені хронологиялық жай кесте дейді.

Аумақтық жай кестеде аумақтардың тізімі көрсетіледі.

Кестенің бастауышында зерттелетін объект бір белгі бойынша топтастырылса, ондай кестені топтастырылған кесте деп атаймыз.

Егер кестенің бастауышында зертелетін объект екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылса, ондай кестені құрама кесте деп атаймыз.

Slide 20

Назарларыңызға

Рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ
Статистикалық кестелер
Статистикалық мәліметтерді жинақтау,топтау және түрлері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
Статистикалық мә ліметтерді жинақ тау, топтау жә не кесте құ ру
Статистикалық мә ліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мә ліметтерді жинақ тау, топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz