Кә сіпкерліктің даму эвалюциясы


Slide 1

Кәсіпкерліктің даму эвалюциясы

Тақырыбы:

Орындаған : Мұқан М

Slide 2

Алғашқы қауым кезіндегі - айырбас

Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде шаруашылықтың - мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы ретінде еңбек бөлінісінің пайда болуына байланысты бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 қой - 1 қап бидай және, мал жүні мен астық т. б.

Алғашқы нарықтық қарым-қатынас - айырбас саудасынан басталған.

Slide 3

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды - астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі - оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды

Slide 4

Сауда және ақша айналымы

Орта ғасырдағы сауданың дамығандығын ақша айналымының болғандығынан байқаймыз. Ірі қалаларға жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде олардан табылған алтан, күміс, қола сияқты металдардан жасалған теңгелер тек айырбас сауда ғана емес, тауар-ақша қатынастарының да болғандығын көреміз. Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған.

Отырар тиыны. VII-VIII ғғ.

Түргеш ақшасы. VIII ғ. бірінші жартысы.

Slide 5

Ақша - тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қағаз ақшалар .

Slide 6

Қазіргі кездегі айналымдағы монеталар және банкноталар:

Монеталар:1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге

Банкноталар:200, 500, 1000, 2000, 5000, 1теңге

Slide 7

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

құн өлшемі және баға масштабы;

айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

қорлану және қор жинау құралы;

дүниежүзілік ақша.

Slide 8

Отандық әлеуметтанушы, профессор Ж. А. Нүрбекованың пікірінше, кәсіпкерлік қызметтің Қазақстанда дамуының алғашқы кезеңін ежелгі уақыттардан бастап қарастыруға болады. Ежелгі уақыттың экономикалық ошағы Орталық Азия болды. Бірыңғай сауда жүйесі Жібек жолының пайда болуы қалалардың өсуіне, қолөнершілік өндірістің дамуына алып келді, олар нарыққа бағдарланды, оның нәтижесінде табиғи айырбастың орнына тауарлы-ақшалық қарым-қатынастардың пайда болды. Тікелей және қосымша салықтардың, мемлекеттік монополияның, сатып алу мен тағзым етудің күрделі жүйесі енгізілді.

Slide 9

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондақтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Slide 10

Республикадағы кәсіпкерлік қызметтің дамуын осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең - алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық, бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.

2-кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған.

3-кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек қызметі» туралы («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады.

4-кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады.

Slide 11

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады: 1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік. 2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру
Кәсіпкерліктің пайда болуы және даму эволюциясы
Психологияны оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
КƏСІПКЕР
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту
Жеке тұлға туралы түсінік
Кәсіпкерлік және оның даму тарихы
Маркентилизм еркшеліктері
Әлеуметтік – экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz