Жарғылық капитал есебі



Жарғылық капитал есебі
Орындаған: Кабиева Айжан
Топ: ИС-303
Тексерген: Сарсенбаева А. А.

Жарғылық капитал -кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шжс іс-қызметінің өрісі мен жағдайына ұйымдастыру құқықтық түріне байланыстырады.
Резервтік капитал-іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құралады. Басқаша айтқанда резервті капитал банктің тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздердің бір болуы үшін тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болу міндетті және ерікті сипатыта. Алғашқы жағдайда ол ҚР заңнамасына сәйкес ал екінші жағдайда банк құрылтайшы құжаттарында немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе банктің құруға құқығы жоқ, резервті капитал есебі 13 журнал- ордерде жүргізіледі.

Акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір белігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Айрықшалығы бар акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz