Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған : Сырымова. Б. Е
Тексерген : Ахметжанов О. Н


Үсік - төменгі температура әсерінен организм ұлпаларының зақымдануы.

Үсудің терідегі көрінісі

Мал организмінің төменгі температаураның ұзақ уақыт әсер етуінен үсік патологиясы болады. Сиырдың сүт безі, бұқаның ұмасы, айғырдың жыныс мүшесі, ұмасы, шаша сіңірлері, астыңғы ерні, аяқтың диетальды бөлігі шошқаның тұмсығы, құйрығы, құлақ қалқандары көбіне үсікке ұшырайды.

ҮСІКТЕР

Үсіктің ауыр формасында зақымданған тканьдердің қалпына келуі (регенерация) өте баяу өтеді. Үсік шалған кезде қандағы лейкоциттердің сапасы артып, жас формалары көбейеді, эритроциттердің тұнуы үдей түседі, қандағы белок коэффициенті өзгеріп, альбуминдерге қарағанда глобулиндер басым болып кетеді. Бұл өзгерістер зат алмасудың бұзылуынан және үсік шалғын орындағы белоктардың, майлардың углеводтардың ыдыраған өнімдері сорылудан пайда болады.

Үсудің 4 дәрежесі бар:
Бірінші дәрежелі үсік
Екінші дәрежелі үсік
Үшінші дәрежелі үсік
Төртінші дәрежелі үсік
Сол аумақтың сәл ісіегені, ауырсынғаны байқалады.
Ісіну жақсы байқалады, іші қызарған сұйықтыққа толған күлдіреу пайда болады.
Жан жаққа жайылған сұйық ісіну қызара көгеру, сезімталдығының, жайылуы мен дымқыл өліеттену байқалады.
Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл үсудің ең ауыр түрі.

Үсіктің бірінші дәрежесінде зақымдалған жер бозарып, малдың жалпы күйінде өзгеріс байқалмай, терісі аздап тығыздала түседі де, бірнеше күннен кейін үсінген аумақ түлейді немесе терінің эпидермисі әр түрлі көлемде тілінеді.

Үсіктің екінші дәрежесінде тері едәуір тығыздалып, күңгірттеніп аздаған қанды сарысуды күлдіреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке ұқсайды, күлдіреуіктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сіңіп кетеді, оған қоздырғыштар түссе ластанып іріңді жараға айналады.

Үсіктің үшінші дәрежесінде тері бозарып, жансызданып салқын тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып кетеді. Үсіген аумақта қоңыр күңгірт сұйығы бар үлкен көлемді күлдіреу байқалады.

Үсіктің төртінші дәрежесінде зақымданған аумақтың ұлпалары жарылған ағаш сияқты сынып кете береді, қолмен ұстасақ бұл жерлер мұздаған жылыған соң, домбығу ұлғаяды, дымқылданып өліеттену тереңгі ұлпаларға жайлайды.

Алғашқы ветеринариялық көмек

Алғашқы ветеринариялық көмек
Үсіктің жалпы еміне тоқталсақ, реакцияға дейінгі кезеңде жылы ванна қолданып Соллюкс шамымен қыздырып уқалайды. Реакция кезінде, яғни үсіктің бірінші дәрежесінде, үсіген малды жылы қораға әкеліп, үсіген жерді сабынды сумен жуып, камфорлы спиртпен, 0, 5-1 % пиоктаниннің спирт ерітіндісімен сүртіп, уқалап Соллюкс шамымен қыздырып, қымтап жылытады. Екінші дәрежесінде камфорлы спиртпен үсіктің бетін өңдеп, күлдіреген терінің бетін жарып, пиоктаниннің 2% ерітіндісімен, ультра күлгін сәулемен сәулеттіріп, Вишневский эмульсиясының, стрептомицин, биомицин май дәрілерін қолданып дәкемен орайды. Көлемді өліеттенулерде некроэктомия операциясын, кей жағдайда мүшелерге ампутация жасап емдейді. Операцияны асептика және антисептика ережелерін сақтап жалпы немесе жергілікті жансыздандыруды қолданып жасайды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Первая помощь при обморожениях [hospital. playland. ru]
2. Б. К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы) . Шымкент. 2011 жыл.
3. С. В. Тимофеев. «Общая хирургия животных». (Учебник для ВУЗ) . Москва. «Зоомедлит». 2007 г.
4. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым. (Университет кітапханасының оқу залы)
5. Wikipedia
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz