Пиаже Жан (1896-1980) - Швейцария психологі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған:Серікханқызы С.

Тексерген :Кулмышева Н.А.

Семей 2015
Пиаже Жан (1896-1980) - Швейцария психологі.
Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының
авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы.
Женева және Париж университетінің профессоры.
Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің
құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо
атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева
университетінің эксперименталды психология кафедрасы
мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж.
"Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық
Орталық" құрды. \
Пиаже бала интеллектісін зерттеу жайында
ғ ылыми мектеп ашты. Ол "Логика және
эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі
еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз
операциялар жүйесі — дейді. Операция —
ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің
жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер
арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі,
символ арқылы жүзеге асады. Операцияның
концепциясы негізінде, ол баланың
эмоциялық іс-әрекет генезисін,
қабылдауының дамуын қарастырады.
Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр
түрлі ғ ылымдардың (логика, психология,
социология, эпистемологият.б. тәсілдерін
біріктіру негізінде жол көрсетеді.
Балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын
ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша,
мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы,
құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол,
теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-
ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ,
ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен
қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке,
жырадағы қасқыр.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта,
қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап,
ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті
лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір,
мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары
төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф
4. Құрылыс ойындары: лото және басқа
конструкторларды пайдалану;
5.Спорттық ойындар: футбол, воллейбол, теннис, хоккей,
баскетбол;
6.Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі
тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле
отырып орындау.
Балалардың дидактикалық ойын
барысында есте сақтау, көру, сезіну,
қабылдау, ойлау, сөйлеу үдерістері дамып,
заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай
іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға
үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш келісімді
білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе
әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір
тәртіппен жинау, топтастыру үшін
тапқырлық, байқағыштық, зеректілік
көрсетеді.
Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар
құрылысын жасап, оның бояуларының бір-
бірімен келісімді болуын жоспарлайды,
қадағалайды.
Құрылыс материалдарының пішіні, түсі
бойынша симметриялы орналастырып,
оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа)
бойынша салыстырады. Ойын барысында
шығармашылық танытып, жаңа мазмұн
ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің
және жолдастарының тұрғызған
құрылыстарының сапасына баға береді.

Ұқсас жұмыстар
СӨЖ
Оқытуға зерттеу жүргізу
Шетелдік психологиялық тұжырымдамалардағы психикалық даму мәселелері
Ж.Пиаже және оның мектебі
Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар. Ойын түрлеріне сипаттама
Выготскийдің әлеуметтік - мәдени теориясы
Оқушылардың жас
Балалардың жас ерекшеліктері
Тұлға теориялары
Тауарларды сатып алу және сату
Пәндер