Вируст ардың жіктелу принциптері. Олардың номенк латурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары

Орындаған:Балықпаева Л. Е.

Тексерген:Омарбеков Е. О.

Семей 2015ж

Slide 2

Вирустар

1. “Virus” латын сөзінен аударғанда “у” деген мағынаны білдіреді.

2. Бұл сөзді алғаш рет темекі теңбілі зиянкесін зерттеген орыс ғалымы Д. И. Ивановский 1892

жылы қолданады.

3. Вирустар тек тірі жасушаларда ғана өніп-өсіп тіршілік етеді.

4. Қазіргі кезде жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей және өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам вирустар белгілі.

Slide 3

Вирустарды зерттеу жұмыстары

р/с

Зерттеу жылдары

Зерттеген ғалыдар

Зерттеу салалары

1.

1892

жыл

Д. И. Ивановский

(орыс ғалымы)

Темекі теңбілі ауруын тудыратын - вирустар

2.

1897

жыл

Ф. Леффлер

(неміс ғалымы)

Ірі қара малда ящур ауруының себепкері вирустар

3.

1898

жыл

М. Бейерник

(голландия ғалымы)

Осы тәжірибелерді қорытындылады

“сүзілетін вирустар”

4.

1898 жылы

Н. Ф. Гамалея

(орыс микробиологы)

Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофаг

5.

1915 жылы

Ф. Туорт

(ағылшын)

Бактериофагтарды зерттеді

6.

1917 жылы

Ф. д Эрелль

(канадалық бактериолог)

Іш сүзегін ерітіп жіберетін бактериофаг

7.

1935 жылы

У. Стенли

(американдық ғалымы)

Темекі теңбілі вирустары шоғырланған кристалдар

Slide 4

Вирустардың пішіндері әртүрлі болып келеді

Slide 5

Вирустардың пішіндері мен өлшемдері

Вирустардың ұзындығы

20 нм-ден

500 нм-ге

дейін барады.

( 1нм= 10-9 м )

Вирустар бактерилардан кіші болып келеді.

Slide 6

Темекі теңбілі вирусының мозаикасы

Темекі теңбілі вирусының пішіні- ұзынша цилиндр тәрізді болып келеді. Капсомерлерден тұратын нәруызды қабықшасының астында спираль тәрізді оралған РНҚ болады.

Slide 7

Бактериофагтың құрылысы

Slide 8

Жануар вирусының құрылысы

Slide 9

Вирустардың негізгі ерекшеліктері

1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы) . Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді

2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.

3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін «дисьюнктивтік» түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.

4. Вирустардың негізгі ерекшелігі - троптық қасиеті. Әр вирус тек өзіне қолайлы ортасында өседі.

Slide 10

Вирустардың негізгі ерекшеліктері

4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі - рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.

5. Вирустар - генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі.

Slide 11

Вирустардың көбеюі

болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы - ядрода, цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады. Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.

Slide 12

Көбею кезеңдері

ерекшеліктері

1

Адсорбция

(жанасуы)

Вирус бөлшектерінің иесінің клеткасына жанасып бекінуі

2

Инъекция(енуі)

Вирус бөлшектерінің клеткаға енуі, вирус құрамындағы нуклеин қышқылының белок капсидінен клетка ішіне босап шығуы.

3

Репликация

(екі еселенуі)

Клетка ішіндегі нуклеотидтердің есебінен вирус құрамындағы нуклеин қышқылдарының молекулаларының түзіле бастауы.

4

Вирус белоктарының түзілуі

Клетка рибосомаларында жүреді.

5

Вирус бөлшектерінің жинақталуы

Зақымданған клеткадағы нуклеин қышқылдары мен вирус белоктарынан түзіледі.

6

Вирус бөлшектерінің зақымданған клеткадан сыртқа шығыу.

Бактерияларда көбіне клетка тіршілігін жояда, ал эукариотты организмдердің клеткаларының қабығы ісініп, жарылады да ішіндегі вирус бөлшектері сыртқа шығарылады.

Slide 13

Вирустардың көбеюі

Вирустардың көбеюі клеткада жүреді. Бактериофагтар бактериялардың қабығын ерітіп, НҚ жіпшесін түзеді. Вирустар клеткаға пиноцитоз арқылы енеді. Клеткаға түскен соң олар сыртқы қабығынан ажырайды. Алғашқы пайда болған белоктық құрылым белок-фермент комплексі пайда болады.

Slide 14

Капсомерлердің капсидте орналасуына байланысты вирустарды үш топқа бөледі:

Спираль тәріздес

Икосаэдрлі

Құрастырмалы

Slide 15

Спиральді симметриялы - тұмау вирусы, кұстардың классикалық обасы, қойдың жұқпалы сүйелі т. б жатады

Slide 16

Икосаэдрлі симметриялы вирустар қатарына - аденовирустар, герпесвирустар, пикорнавирустар, т. б жатады

Slide 17

Құрастырмалы симметриялы - бактериофагтар, шешек, т. б

Slide 18

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Ветеринариялық вирусология» Ш. Б. Мырзабекова

Алматы, «Білім», 2004 ж.

2. Е. Омарбеков Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Ветеринария мамандарын дайындауға арналған оқу-құралы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. - Семей-2001ж

3. Шигаева М. Х., Қанаев А. Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2007 ж.


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері, көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары туралы
«Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»
Вирустар әлемі
Вирустардың клеткаға енуі
Бактерия клеткасының құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz